Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының



бет1/5
Дата18.03.2022
өлшемі25,56 Kb.
#28359
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2016 ж 31 наурыз №65 буйрык






 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 65 бұйрығымен
бекітілген




Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидалары


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, оқу орны) қызметінің тәртібін айқындайды.

      3. Академия қызметінің негізгі міндеттері

  1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру;

      2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      4) құқық қорғау органдарына қызметке алғашқы рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық.

      4. Академия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін реттейтін "Білім туралы", "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен Академия жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

      5. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет