Қазақстан Республикасы білім беру және бағалау жүйесіндегі құқықтық-нормативтік құжаттар



Дата17.03.2022
өлшемі21,95 Kb.
#28247

Қазақстан Республикасы білім беру және бағалау жүйесіндегі құқықтық-нормативтік құжаттар («INSERT» әдісі және «Блок-схема» арқылы талдау)

INSERT әдісі

V

Бұрыннан білемін

+

Мен үшін жаңалық

-

Келіспеймін

?

Сұрақ пайда болды

Құқықтық-нормативтік құжаттар

Нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады.

Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламалары жалпы және кәсіптік болады.

Білім бағдарламасы

Қазіргі таңда мектептегі білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аз ғана уақыт аралығында елдегі сауатсыздық жойылып, жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып, жалпыға бірдей оқу ісі жүргізіледі.
Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда, жүгізіліп жатқан реформалар, бұрынғы қол жеткізген жетіктіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда, егемендіктің алғашқы жылдарында бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті орта білім беру ісі өзгерістерге ұшырап, батыстық үлгіге көшуге талпыныс жасалды. Енігі жерде білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжрибеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. 1992-1999 жылдар аралығында білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді.
Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата заңы) бойынша, (30бап):

-азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында ақысызорта білім алуға кепілдік береді, орта білім міндетті:

- мемлекет жалпыға міндетті білім стандарттарын белгілейді, кез- келген оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес болуы керек.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикаының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:



  1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.

  2. Әрбір азамат үшін интелектуалдық даму мен психофизиолгиялық және жеке басткрының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.

  3. Білімнің зайырлығы.

  4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынның дамуына жағдай жасау.

  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білм алу жүйесінің үздіксіздігі.

  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.

  7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

  11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.

Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке немесе отбасында 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүгізілуі тиіс. Орта білім-жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы.
Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын айқындайды. Бастауыш мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:
бстауыш мектептерге білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету; жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету.
Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Презинденті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді:

мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;

мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру;

оқыту әдістері мен мазмұнын жақсарту арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру;



педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңда елімізде мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет