Қазақстан республикасы білім-ғылым порталы гимназия ұстаздарының КӘсіби іс-тәжірибелері шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы Алматы, 2016



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата02.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#1039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жобасында  Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім

көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,

педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби

біліктілігін   дамытуды   қамтамасыз   ету,   сондай-   ақ   педагогтердің   еңбегін   мемлекеттік   қолдау   мен

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім

беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының

ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен

жұмыс   жасауына   негіз   болары   анық.   Олай   болса,   білімнің   сапалы   да   саналы   түрде   берілуі   білім   беру

жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының  деңгейіне байланысты. Қазір әлемдік білім кеңістігіне ене

отырып, бәсекеге  қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге

бағдарланған   білім   беру   жүйесін   құру   –   қазіргі   таңда   негізгі   өзекті   мәселелердің   бірі.   Жалпы   алғанда

«құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика



саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір

деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді

білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз

өмірлік  мәселелерін  шешуде  қолдана алуын  – құзырлылықтар деп  атаймыз  » деп  анықтаса,  Ресей  ғалымы

Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз

бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

  Қазақстан   Республикасының   12   жылдық   білім   беру   тұжырымдамасында   педагог   кадрлардың   кәсіби   -



тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог

төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

          «Назарбаев   зияткерлік   мектептері»   ДББҰ   жанындағы   Педагогикалық   шеберлік   орталығы   Кембридж

университетімен   бірлесе   отырып   даярланған   бағдарлама   бойынша     мұғалімдердің   біліктілігін   арттыру

курстарында   педагог   қауымды     әлемдік   білім   беру   жүйесіндегі     жаңалықтармен   қаруландырып,   қуатты

педагогикалық  тетіктерді, оқыту мен оқудағы тиімді стратегияларды  еліміздің мектептерінде қолдануға бағыт

беруде. Бұл бағдарламаның түйінді идеясы мұғалім мен оқушының тәжірибелік дағдыларын жетілдіре түсу, өз

тәжірибесіне   қайта   қарап   үнемі     рефлексия   жасауға   дағдыландыру,   білім   алудың   өмірлік   қажеттігіне

көзқарасын өзгерте отырып, ынтымақты ортада табысты оқытуға уәжін арттыруға ықпал ету болып табылады.

Кәсіби құзыреттілігін арттырудың жолдарын қарастыратын болсақ:

1.кәсіби біліктілігін арттыру

2. іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарына көңіл бөлу

3.Lesson study зерттеу сабақтарын бірлестіктерде жүргізу тиімділігін қарастыру

4.Коучинг үдерісі арқылы ұжымда немесе оқыту үдерісінде  орын алған  кедергілерді анықтау,жою

5.Жас мамандармен жұмыс немесе жүйелі тәлімгерлік үдерісінің жаңаша жолдарын  ойластыру

           Бастауыш  бірлестігінде   оқыту мен оқудағы кедергілерді анықтау,  олармен  жұмыс жасаудың    тиімді

жолдарын     қарастыру   жұмыстары   бастап   жатырмыз.   Жұмыс   жоспарына   өзгертулер   енгізіп,   толықтырулар

жасауды көздеп отырмыз. Өрлеуден біліктілігін көтерген 2 маман, Педагогикалық шеберлік орталығынан білім

алып келген 3 маман  бар,1 мұғалім 1-деңгей бағдарламасын  оқуда. Шығармашылық  жұмыс тобымен сәуір

айында  мектепішілік  әдістемелік  күн  өткізуге  дайындалып  жатырмыз.Қаңтар айынан  бері  бірнеше  коучинг

және тізбектелген сабақтар өткіздік.           Өз бірлестігіміздің ішінде өзекті мәсілілірдің бірі болып отырған

дарынды   баламен   жұмысты   Жуванышбекова   Сағадат   Мейірманқызы   ,   диалогтік   оқыту   тәсілдерін   енгізу

жұмыстарымен Тұмабаева Гүлзат Аблахатқызы, ата-анамен жұмыс және жалпы   тәрбие   жұмыстарының іс-

құжаттарын жүргізуді басқару   Абейбекова Раушан Тұрсынбайқызы басшылыққа алып, жоспарлау жұмысын

бастап кетті. Алдағы уақытта да жүйелі тәлімгерлік пен коучинг үдерісі жалғасын табады деп отырмыз.



       Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу

қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін

тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын 

Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің,

кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырылады.

  «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, 



Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр 

болмайды » -деген халық даналығы  қазақ балаларының білім аренасында биік белестерді бағындыруы  үшін  

педагог мамандардың алдында тұрған мақсатары мен міндеттерін анық көрсетіп тұрғандай. 


ОҚУШЫЛАР ЖҰМЫСЫ

МЕН КӨШБАСШЫ БОЛАМЫН

Габжалилова Алима  №12 гиназия, 6 «Б» сынып оқушысы

Мұғалімі: Буранбаева Г.А.

Мен   осы   жылы   балалық   дәуреннен   үлкен   өмірге   аяқ   басқалы   отырмын.

Себебі, мен 4 сынып, яғни бастауыш буынды тәмәмдап жатырмын. 4 жыл бойы бір

мұғалімнен дәріс алып, білім айдынының тамшысынан дәм таттық. Бұл жылдар мен

үшін өте қызықты әрі пайдалы өтті. Ақымақтықтың бәрі болмаса да жартысы артта

қалды. Олай дейтінім,біз бұрын 1 сыныпқа келгенімізде, мен ғана емес бәріміз де бір

үйдің   мәпелеп   отырған   еркелері   болғандықтан   Гаухар   апайдың   қолынан   ұстап,

еркелігімізді  бәріне көрсетуші едік. Ал қазір өзгеге жәрдемдесіп, біліп білмей қалған сәттерде достарыма қол

ұшын   беруге   әзірмін.     Бізге   4   жыл   бойы   білім   нәрімен   сусындатып,   ең   алғаш   қолымызға   қалам   ұстатқан

мұғаліміміз жаман мен жақсының, ақ пен қараның ара жігін ажыратуды ұғындырды. Мен де өзгелер сиақты

баламын. Менің білгенім болса жәрдем беруден тайынбаймын. Еркелігіміз осы жылдың басынан ақ басыла

бастады.   өйткені   бізге   деген   мұғаліміздің   әрі   үйдегі   ата-анамыздың   артқан   сенімі   мол   болды.   Көптеген

сынақтар, тестілеу,  оған қоса мектебіміздің дарын мектебіне айналуына байланысты сынақтар реті көп еді.

Біздің көрсеткіштеріміз Гаухар апайға және бізге өте маңызды еді. Сондықтан жыл басынан бастап есімізді

жиып, еркелікті тыйып, оқуға білек сыбана кірісе кеттік. Біз ең қызығы бұрындағыдай емес, енді топпен жұмыс

жасауды бастадық. Мұның қызық болуы, сыныптағы парталардың топпен жұмыс істеу үшін бөлініп қойылуы

еді. Әр апта сайын оқушылар орын ауыстырып отырды. Бізде алғашында топтан қалып отыратын оқушылар

болды. Бірақ олардың нашарлауы топқа әсер еткендіктен біз барынша көмектесіп, жыл соңына қарай оларда

көп жетістікке қол жеткізе бастады. Бәсеге болған соң біз көбірек тырыса бастадық. Бізде бестік апталықтары

да болды. Бұған үздіктер ғана емес, нашарлау деген оқушылардың өзі белсене тырысты. Мен ылғи да қай топқа

бармасам да көшбасшылардың бірі болдым. Бұл маған ұнайды.  Тақтаға жазып қана өте беру біз үшін қызықсыз

еді, содан соң біз түрлі түсті қағаздар арқылы, неше түрлі ойындар арқылы қызығушылығымыз артты. Бұз

бұрынғыдан да көп талпына бастадық. Өзім үшін, достарымның ашыла бастағандығы үшін мақтаныш сезімі

пайда болды. Мен өскенде елімнің көшбасшысы болғым келеді. Ол үшін мен аянбай еңбек етіп, әрі қарай да

үздік оқимын. 

 НАҒЫЗ БІЛІМ – ІЗДЕНІСТЕ

Өскенбай Ділназ.  №12 гимназия, 6 «Б»сынып оқушысы

Мұғалімі: Буранбаева Г.А.

       Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, білім туралы еркін тақырыпта көп нәрсе

жазса болады. Дегенмен, мен өзімнің басымнан өткен дүниені жазғанды жөн көрдім.

Менің сыныбым өте тату, мықты сынып. Бірақ көп оқушымыз ғой. Сондықтан бізде

озатындар бар, артта қалушылар да бар. Бастауыш сынып болса аяғына жақындап та

қалды. Ойланып қарар болсақ біз 1 сыныпта қалам ұстауды, 2 сыныпта оқып білгенімізді бекітіп, 3 сыныпта

математикадан жаңа ілімге ие болып келеміз. Ал енді 4 сынып біз үшін барлық 3 жылдың жемісін көрсететін

кез. Осы 4 сынып та өзі бір қызық болды. Себебі, бұрын біз үшін тәртіп деген  сыныпта оз орныңда тыныш

отырып жұмыс істеп оқу болса, енді біздің отыруымыз  да, оқуымызда  басқаша  еді. Бұл әрі  қызық әрі өте

танымды. Бізде топтық жұмыстар басталды. Сыныптың ең тыныш оқушылары жыл отасына қарай бізбен бәсеге

түсетін еді. Бұл өте жақсы ғой. Біздің көмегіміздің арқасында достарымыз ашылды. Мен қуанамын. Оған қоса

біз тек жарыс түрінде өткізіп қана қоймай, ізденіп жүрдік. Бүгінгі үй тапсырмасын ғана емес, жеңіске жету

үшін   кітабымыздың   келесі   сабақта   болатын   та   қырыптарып     зерделеп,   зерттеп   келуді   шығардық.  Апай   да

қуанышты   болды.   Себебі   топтың   алдыға   шығуы   үшін   барлық   қолымыздан   келетін   нәрсені   істедік.   Сабақ

бітісімен топ мүшелері қалып, өзара тапсырма бөоліп алатынбыз. Сонда біздің келесі күнге дайындалуымыз аз

уаытты алатын. әрі интернет желісін, содан соң өзіміз мәлімет іздеу мақсатында жазылып алған «Айгөлек»

сияқты журналдарды қарадық. Біз сабаққа келгенде бұрын аузын ашпайтын балалар өздерінің тапқандарын

айтуға   асығатын.   Біз   де   оларды   бұрын   жаман   оқушы   деп   ойлаушы   едік.   Енді   біз   жаман   оқушылардың



болмайтынын білдік. Тек қана оларға қолдау қажет екен ғой

.   Олардың   айтатын   нәрселері   бізді   таң

қалдыратын еді. Менің ойымша, 4 сынып ең қызықты өткен жыл болды. Білім алу кезінде тек қана кітапты

оқып отыру өте аздық етеді екен. Енді біз жұмыла жұмыс істеп, ізденуімізді тоқтатпаймыз. 



ТАБЫС КІЛТІ –ТАТУЛЫҚ

Төлеухан Зарина №12 гимназия, 6 «Б»сынып оқушысы

Мұғалімі: Буранбаева Г.А.

   Балалықтың балғын шағы да өтіп, мектепке білім алуға келдік.Қиын да қызықты өмір

басталып кетті.Анамыздың қолынан ұстап,әжеміздің етегіне жармасқан заман бірте-

бірте   кете   бастады.   Оқушы   атанып   өзімізді   кәдімгідей   азамат   сезініп

қалдық.Күнделікті   сабаққа   дайындалу,   үй   тапсырмасын   орындау   деген   жұмыс

өміріміздің   ажырамас   бөлігіне   айналғандай   болды.   Бүгінде   4-сыныпты   аяқтауға   аз

қалды.Бір күні мұғаліміміз бізге: «Балалар, бүгін-ертең бастауышпен қоштасып, орта

буынға кеткелі отырсыңдар. Осы соңғы оқу жылындағы сабақ кезіндегі сыныптастарыңмен өткізген күндерің

туралы, ойға түйген қызықты оқиғалар туралы шығарма немесе эссе жазып берсеңдер. Сендердің ойларыңды

оқып көрейін, әрі мен үшін ол естелік болсын» -деді. Мұғалімімнің тапсырмасын орындамас бұрын сыныптағы

өзімнің құрбыммен пікірлестім.Екеуіміздің ойымыз бір жерден шыққаннан соң эссе жазуға бекіндім. Бұл оқу

жылы басталғалы бері менің ой өрісім өзгерді десем де болады. Өрем де биік болған секілді. Себебі, бұрынғы

сыныптастарыма деген қисық көзқарас жойылды. Олай дейтінім, жақсы оқушы не жаман оқушы деп бөлінеті

едік. Ендігі кезде бұл ұғымдардың мен үшін қаншалықты қате болғандығы маған енді жетті. Бұл мен айтқан

«жаман» оқушылардың өзі топтық жұмыс кезінде мені талай тамсандырып, таң қалдырған еді. Олардан менің

үйренерім де бар деп ой түйдім. Қазір біз бір отбасындай тату болып кеттік. Мен үшін сыныбымдағы әр оқушы

маңызды. Достарымның орны үлкен. Алдағы бірге өткізетін 7 жыл бірлік пен татулықта өткізетін боламыз деп

сенемін. Тек білім беріп қана қоймай, ақыл кеңесшіме айналған апайымызға алғысым шексіз.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН КЕДЕРГІЛЕР

МЕН  ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Алматы қаласы, Медеу ауданы  Ш.Уәлихан№12 мамандандырылған

гимназияның қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің  жоғары санатты мұғалімі,

гуманитарлық ғылымдардың магистрі: ДүйсенбаеваМ.Ү

Қазақ тілі пәнінің ҰБТ-ға енгізілуі - тіл мәртебесін көтеретін факторлардың

бірі, мемелекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге  асырудың  сара жолы.

Елімізде  білім  берудің   сапасын  арттыру  мен сапалы  білім  беру  жүйесін

құру  мақсатында республикамызда  ұлттық  бірыңғай  тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне

де  бірнеше  жыл  болды. Ұлттық  бірыңғай  тестілеу   (ҰБТ) – жаңа  технологияға

негізделген   мектеп   бітірушілерді   қорытынды   мемлкеттік   аттестациялау   және

жоғарғы     оқу     орнына     түсу     емтихандарын     қоса     атқаратын     білім     сапасын

бағалаудың  ерекше  жүйесі  екені  баршамызға  белгілі.

  Қазір  ғылым мен  техниканың  дамыған  кезінде, алдымызда  отырған  шәкірттер  білімді  терең  қажет

етеді. Олар  бізден  көп  нәрсені  талап  етеді.  Біз  бір  пәнге  дайындалғанда  олар  5 – 6  пәнге  дайындалады.

Осы орайда, ҰБТ – ке  даярлауда  менің  көп  ізденуімнің  қажет  екенін  түсіндім . Оқушылармен  әрдайым

бірлікте  отырып, жаңа  тақырыпты  меңгеру,  әрбір  өтілген тақырыпты  тест  сұрақтарымен байланыстыру,

негізгі  қажетті  деген  сөздерді  түрлендіре  отырып,  сұрақтар  қойдырта  білу,  әрбір  сұраққа  дұрыс  жауап

бере  білуге, дұрыс  жауапты  есте  сақтап  қалуға  үйрету  негізгі  міндетім  болды.

 

Мақсаты:

1.Оқушының оқу қабілетін,білім, таным ерекшелігін арттыру;

2. Білімдерін тереңдету,қайталау,пысықтау;

3. Өз жетістіктерін өздеріне талдатып,өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;

4. Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу;

5.Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу әрекетін жетілдіру;



6. Психологиялық дайындық;

Негізгі міндеттер:

1.Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құру;

2.Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары;

3.Оқулық бойынша тапсырмаларды нақты орындау;

4.Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру;

5.Тест сұрақтары арқылы оқушылардың қай тақырыпты дұрыс меңгере

 алмағандығын анықтау;

6.Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру;



Жүргізілетін   жұмыстың   өзектілігі:  Қазіргі   формация   мектебінде   жұмыс   істеп   жүрген   педагогтардың

алдында тұрған негізгі проблемалар бар:

-баланы іздене білуге үйрету;

-баланы ойлауға үйрету;

-баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

-Мұғалім біліктілігін арттыру;

-Оқушы біліміндегі сапа көрсеткішін көтеру;

-ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету;



1.  Қазақ  тіл білімінің  салалары  бойынша  жоспар  құру.

І бөлім  :  фонетика.

ІІ бөлім :  лексика

ІІІ  бөлім: морфология

ІҮ бөлім : синтаксис

Ү  бөлім :  пунктуация,стиль және оның түрлері

YI бөлім:   сөз мәдениеті

YII бөлім:  шешендік өнердің кезеңдері

“Ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады”, – делінсе, бұл жұмыста мен қазақ тілдің табалдырығы 

“Фонетика” саласы деп ойлаймын.

Сондықтан І  кезеңде біз “Фонетикадан” бастаймыз.

1.

Қазақ әліпбиі



2.

Дабыс және оның түрлері

3.

Буын оның түрлері



4.

Тасымал


5.

Екпін,екпін түрлері

6.

Үндестік заңы:



а) буын үндестігі

         ә) дыбыс үндестігі

7  Орфоэпия

8.Орфография.

Фонетика білімінен өткен барлық материалдарды оқыту,талдау,сараптау, жазба жұмыстары,әр түрлі бақылау

тәсілдері арқылы бағдарламаны толық меңгертемін. Тапсырмаларды орындау барысында «танып білу», яғни

жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргіземін.

Мысалы,  фонетика  саласында:

1 – сабақта : Қазақ  тіліндегі  алфавиттік  жүйе , дауысты , дауыссыз  дыбыстар  түрлерін  өткенде  оқушыларға

осы тақырыптар бойынша тірек-сызба құрастыру жүктеледі.

2  – сабақта : Осы  өтілген  тақырып  бойынша  жаттығу жұмыстары . 

3 – сабақта   сәйкестендіру тесттерін топпен құрастыру жұмыстары жүргізіледі.



II.Өтіліп   отырған   жаңа   тақырыпты   түсіну,болжау,өз   сөзімен   мәлімдеу,   пайымдауарқылытүсінгенін

тәжірибеде пайдалану.

Сөз


ашық

қысаң


жуан

жіңішке


еріндік

езулік


қатаң

ұяң


үнді

тұңғиық


ұ,и,ы

ұ,ы


      и

ұ

ы,и



т,қ

ғ

ң



қазақ

а

а



а

қ,қ


з

1.Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарға фонетикалық талдау жасату.

2. Сатылай кешенді талдау жасату.

Сатылай кешенді талдау  технологиясын сабақта пайдаланудағы күтілетін нəтиже: 

1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. 

2) Ойлау қабілеті артады. 

3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.



III. Оқушыларды тестке дайындаудың әдіс-тәсілдері:

Ойын арқылы тестке дайындау, сәйкестендіру тестін орындай білуге қалыптастыру;



-тірек-сызбалар арқылы тестке дайындау;

кітаппен жұмыс;

-топпен жұмыс;

-жеке жұмыс;

-  мәтінмен жұмыс;

-  мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастыру;

- тақырыптарға қатысты символдар құру;

-интербелсенді тақтамен жұмыс;

-электронды оқулықпен жұмыс;

-Интернетпен жұмыс;

Әр  тақырыпқа  арналған  тесттер  бойынша «Ең қиын  сұрақ»   деген  сәт  кезінде  әрбір оқушы  өзіне  қиын

сұрақты  айтады. Мүмкін  ол  сұрақ  бір  оқушыға  қиын болғанымен , екінші  оқушыға  оңай болуы  мүмкін.

«Мен»   деп  жауап  берген  оқушыға  тақтаға  сол  сұрақты  жазып ,  дәлелдеп  түсіндіріп  беруін  айтамыз.

Солай  ол  кемшілікті  жоямыз. Оқушының әрбір  жазған  тест  жұмыстарынан  кейін , анализ  жасалып,білім

сапасы , үлгерім  сапасы ,  орта  балы  есепке  алынып  отырады.  Бұл  оқушылардың  алға  қарай  жылжуына

негізгі  жол  болмақ.



   Қазақ тілі пәні бойынша әрбір  алынған тест  жұмыстарынан  кейін ,  оқушы білімін саралау  мақсатында

талдау  картасы алынады.

1-кесте


«А» - жеңіл

«В» - орташа

«С» - қиын                                                      

Өз  тәжірибеме  сүйене  отырып, қазақ  тілі  пәнінен  ҰБТ – ға  даярлауда  болатын  мынадай  кедергілерді

айтқым  келеді:

1.

Ең     бастысы,     бала     біліміндегі     олқылықтарды     жою.   Ололқылықтар   қайдан   пайда   болады   ?



Олбаршамызға   аян,   мектеп   қабырғасында   білім   алып   жатқан   баланың   әр   сыныпта   меңгермеген   оқу

материалдары   11 – сыныптың соңында кедергіге айналады. Айталық, тестте төмендегідей сұрақтар берілді

делік.

Жатыс жалғаулы есімшенің шарттылық мәндегі сөйлемді табыңыз:

1.Сен жақсы оқығаныңда,бес алып кетер едің.

Берілген сөйлемде оқушы үш түрлі ережені білуі қажет:

  а)  есімше;

  ә)  жатыс септігінің жалғауы;

 б)  есімшенің шарттылық мәні.

Тестте берілген сөйлемді оқи отырып,кейбір оқушылар сұрақты соңына дейін оқымай жатып,дұрыс жауабын

іздеуге ұмтылады.Мұнда оқушылар тек есімше оған жалғанатын жұрнақтарды ажырата отырып, қате жауапты

белгілеуі мүмкін.

Осы орайда, ҰБТ  тапсыруда  кездесетін  негізгі  кедергілерді  жоюға  жұмыс  жасау  керек  деп  ойлаймын.



 I. Негізгі кедергілермен жасалынатын жұмыстар:

-   Оқушы біліміндегі олқылықтарды жою.



     (тіл білімінің тараулары бойынша)

-  Психологиялық кедергі.

-  Зейін қою, мұқият болу.

   (тапсырмаға жауап бергенде белгілегенде сұрақты толық оқымай жатып

   дұрыс жауабын іздеу).

 -Уақытты ұтымды пайдалану.

Осындай   кедергілерді   көрсете   келіп,оқушылардың   көп   қате   жіберетінін   және   қиын   деген   тақырыптары

анықталды:

1.

Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аша алмауы;



2.

Дыбыс үндестіктерінажырата алмау;

3.

Сөз тіркесі мен күрделі сөді ұқсас деп ойлау;



4.

Құрмалас сөйлемдердің түрлерін шатастыру т.б.



Қазақ   тілі   пәнінен   тіл   білімініңнегізгі   тараулары     бойынша   алынған   талдау         картасының   қорытынды

нәтижесі

2-кесте

    Негізгі тараулар



                    Талдау қорытындысы

       Білемін

   Білмеймін

I

Фонетика

«А» -9, сапа-57%

«В» -3, сапа-18%

«С» -4, сапа-25%

II

Лексика

«А» -5, сапа-31%

«В» -6, сапа-37%

«С» -5, сапа-32%

III


Морфология

«А» -1, сапа-6%

«В» -4, сапа-25%

«С» -5, сапа-32%

IV

Синтаксис

«А» -1, сапа-6%

«В» -6, сапа-38%

«С» -9, сапа-56%

V

Пунктуация

«А» -8, сапа-50%

«В» -4, сапа-25%

«С» -4, сапа-25%

VI

Стиль және оның түрлері

«А» -9, сапа-56%

«В» -4, сапа-25%

«С» -3, сапа-19%



Қазақ тілі пәнінен алынған тест қорытындысына талдау жүргізудің жаңашыл әдістері

Оқушы білімін саралау мақсатында  тесттік бақылау алып қана қоймау керек. Тест алғаннан кейін оқушыларға

тесттік талдау жасатқан жөн.

Талдау – нәтижеге жетуге айқындайды. Талдау сабақтары оқушылардың тіліндегі және жазба жұмыстарындағы

жіберген қателерін талқылау үшін қажет.

Тест  алынып  болғаннан  кейін  қатемен  жұмыс  бірден  жүргізіледі , ортақ  талдаулар , түзету  жұмыстары

жүргізіледі.

3-кесте

Пән бойынша негізгі тараулар 

Күні:                                                                           Пәні : қазақ тілі

Оқушылардың аты-жөні



Лекс

ика


Фоне

тика


Грам

мати


ка

Сөз


тапта

ры

Синт



аксис

Жай


сөйл

ем

Құрм



алас

сөйле


м

Пунк


туац

ия

Стил



ь

және


оның

тұрле


Үндест

ік   заңы

оның

түрлері


1

Исгулова Дария

1

1

1



1

2

Ералы Динара



1

1

1



3

Малибекова Айнұр

1

1

1



1

4

Серікболұлы Мұратәлі



1

1

1



5

Әзімбай Еділжан

1

1

1



Оқушының


аты-жөні

орф


оэп

ия

ш



ы

л

а



у

кө

се



м

ш

е



Есімд

ік

қызм



еті

Үс

те



у 

Орта


балл

Ме

ңге



ру

Баға


сы

X

1



2

3

4



5

6

7



8

9

10



11

12

25



X

X

X



1

Болат Тәлейлі -

+

+

+



+ +

+

+



+

-

+



-

15

60



%

4

4-кесте

Міне,   жоғарыда   аталған   кедергілерді   жоя   отырып,оқушыларымның   жоғары   көрсеткіштен   көрінуіне   қол

жеткіздім.

         Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере  алатынымызды жадымыздан  шығармайық.Ел

болашағы-білімді   жастардың   қолында.Сол   себепті   білімді   ұрпақ,жеке   тұлға   қалыптастыру-біздің   ең   басты

мақсатымыз болсын!

  Жүргізілетін   жұмыстың   мақсаты:  Оқушыларды   ҰБТ-ке   дайындық   жұмысын   жүргізгенде   дәстүрлі

әдістермен  шектелмей, жаңа әдіс-тәсілдерді, соның ішінде СТО технологияларын  тиімді қолданып, жоғары

нәтижеге жету. Осы орайда, аудандық қазақ тілі пәнінен семинар өткізілді.

    ҰСТАЗДЫҚҚА ЖҮРЕГІМДІ БЕРЕМІН…



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет