О ҚУ ОРЫНЫНЫҢ АТАУЫ Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Орындаған:Дүйсенбаева Жанар, Бисенбекова Айсұлу Тобы: Арнайы педагогика 101
МАЗМҰНЫ
К ІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3
1
Қазақстан халқы Ассамблеясы
4-5
1.1
Даму тарихы, маңызды миссиясы
6
1.2
Қоғамдағы құзіреттілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
7-9
10
11
КІРІСПЕ
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.
Ассамблея:мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.