Қазақстан Республикасы Білім жане Ғылым Министрлігі



бет4/9
Дата11.05.2022
өлшемі92,14 Kb.
#34061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арыстан курс

«Активтер — бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы  болып табылады.

Міндеттеме — бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті мүлікті беру, атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал  бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері».

Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын  түсіндіруде батыс елдерінен   ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады. Баланс  бухгалтерлік  есептің  «Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен  анықталады. Ол  активтердің,  меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ  қаржылық  есеп   беруде анықтауға  жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық  сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық  жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте (Пайдалы екендігіне БЕС-2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: «барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық  және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс». Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама  қарапайымдау,  себебі  бу: терлік баланс кемшілік пен  шек қоюшылықтан  адам емес, олардың ең маңыздылары келесілер больып табылады:



  1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін   көрсетеді.   Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және  перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы  мүмкін.

  2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп  саясатына  сай  осы  кезеңде  кәсіпорын жалпы   қандай   жағдайда   тұр   деген   сұраққа   жау береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткені жауап бермейді. Бұл сүраққа жауап беру үшін, тек  қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және   есеп   беруде   көрсетілмейтін   көптеген   факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми-техникалық прогресс,  контрагенттегі қаржылық қиындықтар  және басқалар).

  3. Баланста салыстырмалы шаруашылық   арал талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңісті және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және  мүмкіндігінше  көрсеткіштерге,  олардың  орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар  тобы бойынша негізгі есептік  көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

  4. Баланста кәсіпорынның  қаражаттарының  айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа  бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға юлады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы «материалдар» бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншеде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.

  5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты  толтыру   кезіндегі   шаруашылық операцияларының   жиынтығы   жазылып   отырады.   Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар «материалдар», «дайын өнім», «тауарлар», «дебиторлық борыш» және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес  салмағының  көп  болуы  мен  дебиторлық  борыштың  айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды, дегенді білдірмейді.

  6. Баланста қәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи батаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы  алғанда  нақты  бағасын  едәуір  дәрежеде бұрмадайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық   әсерін   тигізуі   мүмкін.   Инфляция, кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің темен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектілерінің кұны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуын әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарының «бағасын» (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құны көрсетпейтіндігін дәлелдейді. Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасыі ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықті бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылық  соншалықты көп болады.

  7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.     Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланың  және   кәсіпорынды    басқарудың    ұйымдастырушылық құрылымын   қайта   құру,   меншік   түрінің   алмасуы  қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы  және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді; экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

Осы шектеулерғе қарамастан, бухгалтерлік баланс  кәсіпоры нның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болы табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет