Қазақстан Республикасы Білім жане Ғылым Министрлігі


ІІ. «Фудмастер» компаниясының қаржылық жағдайын талдау



бет6/9
Дата11.05.2022
өлшемі92,14 Kb.
#34061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арыстан курс

ІІ. «Фудмастер» компаниясының қаржылық жағдайын талдау

2.1. «ФудМастер» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы



«ФудМастер» компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы» мекемесі 1995 жылы құрылған. Кәсіби мамандар тобы мекемені алдыңғы қатарлы озық мекемеге айналдырды. Тәулік сайын сүт зауыты жүз тонна сүтке дейін өңдеп шығарады. Зауыт өнім құю жөніндегі жоғары технологиялық желілермен жарақтандырылған. 2001 жылы құбыр жуу бойынша қос желілі автоматты стансасы мен сағатына 50 000 литр су өткізетін қуаттылығы бар CIP жабдықтамалары орнатылған. Жоғары технологиялық жабдықтама өндірілетін өнімнің мүлтіксіз сапасын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жж. Есік сүт зауытын жаңалау мен қалпына келтіруге 2 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Енді зауыт жарақтандырылуы бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық мекемелерден кем түспейді. «ФудМастер, ЖА» Компаниясы ЖШС-і 1997 жылғы қаңтарда құрылған. Мекеме алдында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын сапалы және Алматыда танымал «ФудМастер»-лік сүт өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Қысқа мерзім ішінде негізінен Астананың қалалық сүт зауытының “бұрынғы” жұмысшыларынан тұратын мамандар тобы «ФудМастер» компаниясы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі мен сатуды бастай алды. Тек сапалы өнімдер шығара және жаңалықтар енгізе отырып, мекеме тұтынушылар тарапынан сенімге ие бола бастады. Мекеме мамандарының көпшілігі Еуропа мен Американың жетекші тағам өндірісі мекемелерінде тәжірибе жинақтаған. 1998 жылы «ФудМастер» Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк саек ауылындағы май-сыр зауытын меншіктеді. «ФудМастер» компаниясының иелігіне өткеннен бастап зауыттың жеті жылғы тұралаудан кейінгі жаңа тіршілігі қайнап кетті. Күніне 30 тонна сүтке дейінгі қуаттылығы бар зауытта, Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болған айран, био-айран және сүт өндіріледі. Заманауи «Хугарт» және «Роверси» технологиялық желілері жаңа және сапалы өнімдердің көптеген түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардан құралған еңбек ұжымы өз ісінің шеберлері және мекеменің үздіксіз өскен жетістіктерінің айқындауыш бөлігі болып табылады. 2003 жылғы тамызда «ФМ – Шымкент» компаниясы сүт өңдеу және сүт өнімдерінің өндірісі саласында ISO – 9001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестіктің халықаралық сертификатын алды. Жамбыл облысының Қордай кентінің жанында Қырғызстанмен шектескен жерге таяу шұрайлы жерде «ФудМастер» компаниясының сыр зауыты орналасқан. «ФудМастер» компаниясы қатқыл сырдың бірегей дайындау тәсілін сақтап қана қоймай, атақты сыр жасау шеберлерін сақтай алды. 1998 жылдан бастап «ФудМастер-Қордай» Костромалық, Ресейлік, Голландиялық сияқты дәстүрлі қатқыл іріткі сырларын өндіреді. Зауыт күрделі қалпына келтіру жүргізілді. Жаңартылған жабдықтама анағұрлым ұзақ сақтау мерзімді мінсіз, сапалы сырларды өндіруге мүмкіндік береді.

Компания республиканың түрлі аймақтарынан меншікке зауыттар ала бастады. Бүгінгі таңда Компанияның 6 зауыты және бір сүт-тауар фермасы бар. Еліміздің бірнеше аймақтарында – Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында «ФудМастер» компаниясы сүт қабылдау тораптарының желісін ұйымдастырды. Жекеменшік мал қожалықтары өтеусіз жалдау шарттарында шведтік өндірістің сүт қабылдау резервуарларымен, қабылданатын сүттің экспресс талдауына арналған жабдықтамамен жарақтандырылған. Ауыл халқына көлік, бұзау сатып алуға несие берілді. Шаруалар қарыздарын сүтпен қайтарды. Сүт зауыттарына сүт ағылды. Біртіндеп шикізаттың тек жоғары сапалы болуына қол жеткізуге мүмкіндік туды. Қазіргі таңда «ФудМастер» компаниясының құрамында бірнеше сүт өндірісі, сонымен қатар Қазақстанның түрлі облыстарында орналасқан бір сүт-тауар фермасы бар. «ФудМастер» компаниясының негізгі міндеті Қазақстанда сүт өндірісін көтеру және Республика халқын сапаның жоғары стандартына сәйкес келетін өніммен тұрақты түрде қамтамасыз ету болып табылады. Компанияның міндетті ісі



. Сурет4- «ФудМастер» компаниясының негізгі қоймалары

Тұтынушының жоғары талаптарына толық сәйкес келетін сапалы өнім өндіру. Біздің тұтынушы өнімінің сапасына және Компанияның барлық салаларының жұмыс деңгейіне көңлі толуы тиіс. Біздің тұтынушыларымыздың барлық тілектері қанағаттандырылуы қажет. Алматы облысы, Есік қаласында орналасқан «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық экономикалық қызметін талдауда оның өтімділік, қаржылық тұрақтылық, іскерлік белсенділік, өтемпаздық және табыстылық көрсеткіштерін есептеу 2009 және 2009ж.ж. мәліметтеріне негізделіп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет