ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ МИНИСТРЛІГІ
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті"
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіндегі ақпараттық компьютерлік технологиялар.
Орындаған: Манарбеккызы Аида ДФК-101С
СЕМЕЙ – 2023
Дене тәрбиесі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
ХХІ ғасыр жоғары ақпараттық технологияның дамыған ғасыры. Бұл білім беруді жаңғыртудың жаңа шарттарын талап етеді. Сондықтан да мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану объективті және табиғи процесс болып табылады.
Білім беру кеңістігінде болып жатқан интеграциялық үрдістер педагогикалық процестің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Бұл өзгерістер білім беру мазмұнын, оқытудың технологияларын қолданудың жаңа жүйесін құрды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауында «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек….» — деген болатын [1]. Аталған бағыттардың табысты іске асуы мектептен басталмақ.
Дәстүрлі оқыту, оқушының шығармашылық қабілетін ашуға көмектесе алмады. Оларды шешу үшін жаңа педагогикалық технологиялар, білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді формалары, оқытудың белсенді әдістері қажет болды. Сондықтан да сабақ барысында жаңа технологияларды тиімді қолдану маңызды болып табылады.
Оқу процесінде АКТ-ны қолдану – оқу мотивациясын арттырудың бір тәсілі. АКТ оқушының ғана емес, мұғалімнің де шығармашылық тұлғасын дамытуға ықпал етеді, адамның негізгі қажеттіліктерін, яғни қарым-қатынас, білім беру, өзін-өзі жүзеге асыруға көмектеседі [2].
Жоғарыда айтылған мәселелер біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Ақпараттық технология ұғымына тоқталып көрелік.
Ақпараттық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады.
Ақпараттық технология ұғымын ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бірі В.М.Глушков «ақпараттық технология-ақпарат өңдеумен байланысты ұғым» — деп дәлелдеген[3].
Ғ.К. Нұрғалиеваның пікірі бойынша, «Педагогикалық технология мұғалім аз күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады» [4].
Қазақстандық ғалым С.М.Кеңесбеков «Білім беруді ақпараттандыру білім беру саласының теориясы мен практикасына ақпараттық -коммуникациялық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиеде оның психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін қолдану үрдісі» -деп айтқан болатын.
Ақпараттық технологияларды дене тәрбиесі пәнінде қолдану оқушылардың төмендегі мүмкіндіктерін ашады:
Коммуникациялық қабілеттерін дамыту;
Ақпарат көздерімен жұмыс жасау;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Оқу үдерісіне белсене қатысу;
Оқу мотивациясын арттыру;
Ақпараттық қоғам жетістіктеріне жақындау.
Әлемдік білім беру саласында соңғы жылдары ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану аясы кеңейді. Білім алу мүмкіндіктері артты: қашықтан білім алу, виртуальды кеңістіктегі әртүрлі тренингтер, онлайн-курстар, электрондық оқулықтар, бейнедәрістер, мобильді оқу, электрондық және цифрлық білім алу ресурстары, оқытудың әртүрлі платформалары т.б.
Демек, қоғамдағы қарқынды даму қадамдарының жыл сайын жаңа өмір салтын құруына орай, мектеп мұғалімдері де орын алған өзгерістерді дұрыс қабылдап, өз әлеуетін көтеруге ұмтылуы қажет. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісі осы мүмкіндіктерді дамытуға септігін тигізеді.
Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік жасау. Бұл мүмкіндіктер дене тәрбиесі пәні арқылы жүзеге асады.
Дене тәрбиесі мектеп бағдарламасында маңызды іргелі пән болып табылады. Пәннің мақсаты оқушының денсаулығын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды үйретеді.
Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы маңызды пәндердің бірі болып табылады.
Мұғалім дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Мектеп бағдарламасында дене тәрбиесі негізгі үш бағытқа бөлінеді. Атап айтсақ, жалпы дене дайындығы, кәсіптік-қолданбалы дайындық, спорттық дайындық. Дене тәрбиесі пәнінде жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сондықтан да мұғалім жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдануы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты, спортқа бейім оқушылармен белсене жұмыс жасауды, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызуды, еңбектенуді үйретеді. Дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың әртүрлі дағдыларын дамытуға болады. Себебі, дене тәрбиесі интеграциялық пән ретінде, салауатты өмір салтын қалыптастыру, валеология, анатомия, медицина сияқты пәндердің негізін үйретеді. Дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалысты ғана дамытып қоймай, «Кластер», «Ми шабуылы» сияқты белсенді әдістерді сабақ үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыпқа арнап, оқушыларға жоба жазуға болады. Мысалы, «Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолдану», «Дені сау қоғам құру» т.б.
Жобаны жазу барысында оқушылар тақырыпқа байланысты фактілер мен аргументтер іздестіреді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыдан ақпаратты жүйелеу және талдау, фактілерді, құбылыстарды жалпылау, қорытынды жасау қабілеті талап етіледі.
Жаңа сабақты қайталау кезеңінде Синквейн құрастыру маңызды. Тақырып бойынша оқушылар қысқаша мәліметтер келтіреді.
Синквейн құрастыру оқушының коммуникативтілігін айқындайды.
Оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы гумандық педагогиканың принциптеріне негізделеді. Бірақ, мұғалім педагогикалық үрдістің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.
Дене тәрбиесі сабағында жиі қолданылатын технологиялардың бірі ойын технологиясы. Оқушылардың ептілік дағдысын қалыптастыру барысында ұлттық ойындарды қолданудың маңызы зор. Ұлттық ойындар негізінде оқушылардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруға болады. Ұлттық ойындар арқылы жарыс ұйымдастыру оқушылардың шапшаңдығын, бәсекелестігін дамытуға көмектеседі.
Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу. Асық ойынының түрлері өте көп. Олар –алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек.
Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің жетілуіне, тыныс алу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке баулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады.
Қазақтың ұлттық ойындарының көпшілігі ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.
Қорыта айтқанда, дене тәрбиесі сабағында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру әртүрлі ақпараттық технологиялардың негізінде жүзеге асады. Соның бірі онлайн сабақтары. Қашықтан оқыту технологиясы негізінде дене тәрбиесі пәнінен әртүрлі жазба жұмыстарын платформаға орналастыруға болады. Жазба жұмыстарына реферат, баяндама, эссе, жоба, мақала т.б жатады.
Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі-ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді оқушылар даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады.Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Ақпараттық технология –педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Мұғалім тек өз пәнін терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану әр балаға өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Балалардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. Ауызекі сөздің жалпы міндеті - сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудағы негізгі мақсаты:
Ø Ақпараттық технологиялар арқылы басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.
Ø Ойын мен көрнекілік арқылы диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту, балалардың сөздік қорын байыту, қазақ тіліндегі төл дыбыстарды анық және дұрыс дыбыстауға ықпал ету.
Ø Презентация, мультимедиалық құралдар, интернет- ресурстар арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау әрекеттерін дамыту.
Ø Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықтыру, мазмұнын түсініп, айтуға үйрету.
Ø Бүлдіршіндерге күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды қолдану барысында қолданылатын дидактикалық материалдар: презентация, слайд, интерактивті тақта, аудиодыбыстар, бейнефильмдер, «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың үзінділері, «Балапан» журналындағы ертегі аудиодыбыстар.
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, балалардың қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Балабақшада ақпараттық технологияларды қолдану жолдары
- ADMIN · 11 ИЮЛЯ, 2020
Достарыңызбен бөлісу: |