Бөж тақырыбы: Ерте балалық шақтағы сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат Орындаған: Смайл Алтынай Тобы: ФҚӘ-312 Түркістан 2023 Жоспар



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі98,26 Kb.
#116935
  1   2   3   4
Байланысты:
СМАЙЛ АЛТЫНАЙ.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Ерте балалық шақтағы сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу

Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат


Орындаған: Смайл Алтынай
Тобы: ФҚӘ-312

Түркістан 2023



Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
Ерте балалық шақтағы баланың сөйлеуінің дамуы.
Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер.


Кіріспе
Балалық шақты зерттеу тарихы өте күрделі. Себебі, бұл салада бақылау, тәжірибе өткізу, тексеру мүмкін емес. Этнографтардың мәлімдеуі бойынша, археологиялық қазба байлықтарында балалар ойыншықтары, балаларға байланысты мәліметтер аз кездеседі. Теория экспериментальды фактілерге әсерін тигізеді. Балалық шақ туралы тарихи теориялық сұрақтарды П.П. Белинский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин еңбектерінен кездестіруге болады. Л.С. Выготский бойынша, бала психикасының дамуы табиғаттың, ағзаның пісіп жетілу заңдылығына бағынбайды. Таптық қоғамда балалық шақтың дамуы топтық сипатқа ие. Сондықтан ол мәңгілік балалық жоқ тарихи ғана болады деп айтылған.Ерте балалық кезең бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші бір аты мектеп жасына дейінгі кезең. Кезеңнің басталуы бір жастағы дағдарыстан басталады. Ерте кезеңнің дамуының негізгі ерекшелігінің мақсаты-баланың анасынан психологиялық бөлектенуі. Бала бұл кезеңде кеңістікте еркін қозғала алады. Сөзді меңгергендіктен, бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Баланың заттарды меңгеруі ойын мінездемесіне ие. Д.Б. Элькониннің айтуынша, бір жастың соңында баланың әлеуметтік жағдаяттарға ересек адамдармен бірігуі ішкі себептерге байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ерекшелігі- заттық-манипулияциялық әрекеттер. Оның дамуына заттармен жасалатын әртүрлі кубиктер, пирамидкалар т.б ойыншықтар әсерін тигізеді. Ерте балалық кезеңдегі балалардың жалпы дамуына тән- жүйелі, ақырын өсу.Баланың дене және жүйке-психикалық жағынан дамуы өмірінің алғашқы екі жылында қарқын ды жүреді: баланың бойы, салмағы, ағзаның бүкіл қызметі жедел дамиды. Бір жаста бала өз бетімен жүреді. Өмірдің екінші және үшінші жылдарында негізгі қимылдары жетіледі, бала ана тілін игереді. Екі жасқа шығатын балалар ай сайын 170-190 грамм салмақ қосады, бойы 1 см өседі. Салмағы екі жаста орта есеппен 12-12,7 кг, бойы 85-86 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Бірінші жарты жылдықта балалар 3-4 сағат, екінші жарты жылдықта 4-5 сағат ояу жүре алады, тәуліктегі ұйықтау мерзімі 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет