Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекттік Техникалық университті Факультет



бет13/15
Дата07.01.2022
өлшемі34,06 Kb.
#19198
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Құматай Аруна 19-БМК-1 СӨЖ (Реферат)

4. Әділеттілік (объективтілік):

• ақпаратты әділ және объективті ұсыну;

• басқару үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттың барлығын ашып көрсету.

5. Этикалық жанжалды шешу:

• субъектіде белгіленген саясатты колдану;

• егер жанжал шешілмесе немесе белгілі бір саясат болмаса, іс-қимылдардың ықтимал бағытын жете зерттеу үшін әділетті кеңесшілермен құпия әңгімеде лайықты тұжырымдарды түсіндіру;

• егер тікелей басшының мінез-құлқы этикаға жат болса, мәселені одан жоғары деңгейдс талқылау керек;

егер мәселе шешілмесе, соңғы амал-жұмыстан шығу;

• компаниядан тыс тұлгаларға этикалық жанжалдар жайлы хабарламау,

Кәсіби этиканың ережелерін жасау американдык бухгалтерияның үлкен еңбегі болып табылады. Алғаш рет мұндай талапты Р. Монтгомери қойды. Қазіргі заманғы бухгалтер этикасын жасаушы болып Джон Ленсинг Кэри (1900-1984) саналады.

Американдық зерттеушілер (Вильям Рипли, Колер) барлық меншік иелері мен әкімшіліктегілер заң мен мораль талаптарына сай жұмыс істеуге тиіс деген пікірге келді. Бухгалтерлер жоғары тұратын адамдардың пікірін емес, өз пікірін өмірге енгізуге тиісті. Осыған байланысты 1987 жылы Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы моральдык ережелер кодексін қабылдады. Кодекс мәні мынада:

1. Бухгалтер жұмысқа орналасарда алдағы ізашардың жұмысын мұқият зерттеуі тиіс.

2. Егер алднда болған ізашар жұмыс істемесе, оған жазбаша сұрау салу керек.

3. Кәсіби борыш бұл ресми сүрауға жеткілікті және шыншыл жауап беруге міндеттейді.

4. Егер істермен алдын-ала танысу барысында жұмыс беруші қолданыстағы заңдарды бұзады немесе бұзуы мүмкін екендігі шықса, бухгалтер ұсыныстан (жұмыстан) бас тартуы тиіс.

5. Бухгалтер кез келген уақытта жұмыс берушімен еңбек шартын бұза алады. Жұмыс берушінің кәсіпорында оны ауыстыратын адам жоқ деп ойлауы шартты жалғастыруға негіз бола алмайды.

6. Бухгалтер әкімшіліктен білім және өзі істейтін жұмысты түсінуді талап етуге қүқылы емес.

7. Бухгалтер қызмет бойынша өсуді талап ете алмайды.

8. Жұмыс берушінің пайдасынан бас бухгалтер үшін үлес болмайды, яғни бухгалтер өзі шығарған қаржылық нәтижелер үшін сыйақы немесе қосымша акы ала алмайды.

9. Бухгалтер өзінің ынталандыру сыйақысын кәсіпорын қызметіндегі басқа қызметкерлермен бөліспейді.

10. Бухгалтер әкімшіліктің кәсіпорындағы шаруашылық қызметке қатысты барлық сұрақтарына бірден жауап беруі тиіс.

11. Бухгалтер толтырған тізілімдер бөлінбейтін меншік болып саналады. Материалдық-жауапты адамдардан түскен бастапқы кұжаттарды материалды-жауапты адамдар да, әкімшілікте кері қайтаруды талап ете алмайды.

12. АҚШ-тың аппеляциялық соты бухгалтердің де, заң кеңесшілері мен биржалық маклерлер сияқты кұжаттарды сақтауға арналған құқықтары болмайтындай негізді себептер жоқ деп таныды.

13. АҚШ-тың аппеляциялық соты 1976 ж. Заң кеңесшілері мен биржалық маклерлерге ұсынылған құжаттарды сақтауға арналған құқықтар бухгалтерлерде де бар деп таныды.

14. Бухгалтер жұмыс берушінің істері жайлы кәсіби құпияны сақтауы тиіс. Жұмыс берушіден қызметтен кету бухгалтерді бұл міндеттен босатпайды.

15. Кәсіби құпияны сақтау міндеттемелеріне мыналар кірмейді: бухгалтер озінің кәсіби арналары бойынша өз кәсіпорнының шаруашылық қызметі жөніндегі білімін кеңейтуге құқылы; сот қажетті мәліметтерді жариялауға өкім бергенде; жұмыс беруші мемлекетке қарсы қылықтар жасағанда; жұмыс беруші кәсіпорын жайлы мәліметтерді жариялауга келісім бергенде; бухгалтер егер оның кәсіби беделін көтеру мүддесіне қажет болса, кәсіби құпияны аша алады; бухгалтер фирма құпиясы жайлы мәліметті ашып көрсету құқық бұзушылық орын алған себепті қоғамдық мүддеге қажет деп санаса.

16. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы барлық анықтамаларды бухгалтер тысқары адамдарға жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша ғана ұсына алады.

17. Мәліметтер егер бухгалтер оларды ұстану іс жүзіндегі заңдар сай деп сенімді болып, көзі жеткен жағдайда ғана беріледі.

18.Бухгалтер жұмыс берушіге құкық бұзушылықты калай жасап, із жасыруды үйретіп, кеңес беруге тиісті емес.

19. Есеп беруді бұрмалау үшін жұмыс беруші мен бухгалтер бірдей жауапкершілік көтереді.

20. Бухгалтер өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруға міндетті.

Бухгалтердің этикалық кодексі фирмадағы бухгалтердің мәртебесіне және бухгалтерлік есептің ұйымдастыру құрылымына ықпал етеді.

Ресейлік есепте бухгалтердің құқықтары мен міндеттері Бухгалтерлік есеп туралы Ережелермен белгіленген. Қазақстан Республикасында бухгалтерлердің құқықтары мен міндеттері «Бухгалтерлік есеп туралы» заңда (өзгерістермен және толықтырулармен) және «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» №24 бухгалтерлік есеп стандарттарында шамалы қар астырылған.

Есеп жүйесін құру мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңға сәйкес) жауапкершілікті субъект басшысы көтереді.

Есеп-қисап жүмысының келешегіне байланысты басшы бас бухгалтер басқаратын құралымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құрады; штатқа бас бухгалтер қызметін енгізді; келісім-шарт негізінде бухгалтерлік есеп жүргізуді арнайы мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе жеке өзі бухгалтерлік есеп жүргізуге бухгалтер-маманға тапсырады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің көпшілігінде бухгалтерлік жұмыстың екі негізгі ұйымдастырушылық формасы қалыптасты: дербес құрылымдык бөлімше ретіндегі бухгалтерия мен бухгалтерлік есепті бір қызмет иесі (бухгалтер) жүргізуі.

Бухгалтерияда бірнеше қызметкерлер бар болса, олардың жұмысын айкын реттеу, міндеттер мен құқықтарды бөлу қажет, ол пайда болу, құқыктар, міндеттер және субъектінің қызметін ұйымдастыру (ол жеке құжат сияқты немесе есеп саясатында жеке қаралады) процесін бухгалтерия жөніндегі ережелермен жете зерттеліп, дайындалады.

Біздің Республикамызда бұл бағыт бойынша алғашқы қадам 1995 жылы аудиторлар Палатасының кезектен тыс конференциясында жасалған болатын. Сол кезде аудиторлардың этикалық кодексі қабылданды және қазіргі уақытта бұл мәселенің басымдылығы өз өзектілігін жойған жоқ. Перспективалық этикалық бағдарламаның элементтері келесілер болуы керек:

-бухгалтерлерді мамандық бойынша біріктіру кезінде этикалық арнайы комитеттер құру, мұның міндетіне есеп жұмысшыларының мінез-құлқының нормасы және қағидалардың кең көлемде насихатталуы кіреді;

-мінез-құлық ережелерін түсіндіретін публикациялар;

-мамандық этикасының талаптарын ұйым мүшелерінің орындауына бақылау жасау, оларды бұзғанда қарсы қолданылатын шаралар;

-мамандық этикасының нормаларын сақтаудан туындайтын жақсы және жаман салдарды нақты мысалда көріп қарастыру;

— мамандық этикасының нормаларында жарияланған мінез-құлыққа есеп жұмысшылардың сәйкестігін, қызметін маманданған ұйымдар арқылы бағалау; бухгалтерлерді оқытубағдарламасына мамандық этикасы курсын қосу.

Өнегелілік және ғылыми ценз жасау осы мамандықтың мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, бухгалтер қызметінің приоритетті бағыты ретінде ұйымның этикалық және заңдық мақсатын қолдау және жеке қарым-қатынас, басқа мәселелер бойынша конфликт, билікті басшы жағынан қауіп туған кезде әртүрлі екі сөзділіктен қашуға мүмкіндік туғызады. Этикалық құжаттарда жеке пункт ретінде келесілер көрсетілулері керек:

-бухгалтерлерден заңдық негізде ережелерді, стандарттарды, заңдыбұзуын талап етуге болмайды;

-құжаттарды тексерушілерді алдауға немесе адастыруға болмайды;

-ұсынылған есептілік шынайы ақпараттар негізінде жасалуы үшін барлық шараларды қабылдау.

Бухгалтерлік этикалық нормалардың бұзылуына жауапкершілік алуға міндетті, бұл жауапкершілік жұмысқа қабылдау туралы келісім-шартта көрсетілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет