Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту. Оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту. Оқытудың арнайы және балама әдістерін қолдану



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі17,78 Kb.
#131739
  1   2   3
Байланысты:
Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту. Оқыту нәтижелерін б-emirsaba.org


Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту. Оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту

Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту.

Оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту.

Оқытудың арнайы және балама әдістерін қолдану.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:



  1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;


  2. Оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);


  3. Оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
  4. Оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;


  5. Оқыту формасын таңдау;


  6. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;


  7. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;


  8. Арнайы психологиялық-педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);


  9. Педагог-ассистентің көмегі;


  10. Әлеуметтік – педагогикалық көмек.


Ерекше білім беру қажеттіліктердің кейбірінің сипаты:



Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
  • Мектеп кеңесінің шешімімен;


  • Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен.


Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. Мұндай шешімнің негізі ҚР "білім туралы" заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "Ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады.


Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. Егер белгіленген мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны ПМПК-ке тексеруге жіберу қажет. Балаларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай) бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Ақыл-ойы кем балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
Психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «білім беру» заңына [5, б. 19, 3т.], ПМПК-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет