Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі


-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата27.04.2022
өлшемі2,24 Mb.
#32461
1   2   3   4   5   6   7   8
2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 

БАҒДАРЛАМАСЫ

МАҚСАТТАРЫ:

1. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ 

ЖАҺАНДЫҚ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

2. ТҰЛҒАНЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

3. ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ДАМУЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ҮЛЕСІН  АРТТЫРУ

БАҒЫТТАРЫ:

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ КАДРЛЫҚ 

ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН 

ЖАҢҒЫРТУ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ 

ЦИФРЛАНДЫРУ

БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН 

ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҢҒЫРТУ




Жаңа тұжырымдамалық, бағдарламалық көзқарастар отандық білім беру жүйесі мен педагогика, жоғары мектеп

педагогикасы ғылымдарының алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.



Білім және ғылым жүйесінің кадрлық

әлеуетін дамытуда

педагогикалық ғылымдар білім беру саласы бойынша, әсіресе, әлеуметтік педагог кадрлар даярлығын

жетілдіру мен кәсіптік білім мазмұнының сапасын арттыру ЖОО-ның алдына тұрған өзекті мәселе. Өйткені бүгінгі білім

мазмұнының сапасы – ертеңгі кәсіби құзіретті маман-педагог тұлғасының шартты кепілі.

Алғашқыда біздің елімізде 1991 жылдан әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі туралы мәселе көтеріліп,

тәжірибеге енгізіле бастады. Осы уақыттан бастап білім беру саласындағы әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі –

маңызды ғылыми, әрі практикалық күрделі мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып келеді. Білім беру мекемелерінде әлеуметтік

педагог мамандығының енгізілуі бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамда әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі

қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын

жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттіліктерінен туындап отыр.

2010-2011 оқу

жылынан бастап нақты қолға алынып еліміздің барлық педагогикалық жоғары оқу орындарында

әлеуметтік педагог мамандарын даярлайтын бөлімдер, арнайы кафедралар ашыла бастады. (

5В012300 Әлеуметтік педагогика

және өзін-өзі тану

) 6B01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлау ісі

бүгінде республиканың барлық дерлік жоғары оқу орындарында жүзеге асуда.

Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік

педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдің жан-жақты демократияландырылуы

мен


гуманизациялау процесінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың

атмосферасы объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік-қоғамдық тәрбиелеу

құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік

тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет ететіні сөзсіз.




Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

«Білім берудің маңызды мәселесі – бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту, инклюзивті білім беруді

дамыту» маңызды бағыттардың бірі екендігін айта келіп, жаңа оқу жылынан бастап типтік өзгерістер бойынша

мектептердің штатына тьюторлар немесе ерекше білім қажеттіліктері бар балалардың ассистенттері қызметі енгізіледі

деп нақты атап өтті.

Бұдан біз өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі мен олардың толыққанды, жан-жақты тұлғалық дамуын

қамтамасыз ете отырып, қоғам мүддесі, инновациялық қызмет үшін жағдай жасалынуына талаптардың артып

отырғандығын көреміз. Бүгінде тұлғаны әлеуметтік қорғау мен қолдаудың өзектілігі алдыңғы орында екені жаһандық

деңгейде де айқын көрініс тапқан. Бұл мәселеге білім беру мекемелеріндегі жауапты маман – әлеуметтік педагог-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет