Ұжымдық шығармашылық жұмыс
– ұжымдық ізденіс, жоспарлау және
қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру.
Ізгіліктік
– адамның еркіндікке қол жеткізуі, бақытты болуы, жан-жақты
дамуы мен өзінің қабілетін көрсете білуін қамтамасыз ететін, ар-ожданы мен
құқығын айқындайтын көзқарастар жиынтығы.
Ынтымақтастық
– түрлі мүдделі топтардың өмір сүру жағдайында
экономикалық, саяси
-
әлеуметтік, рухани
,
мәдени және халықаралық
мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі.
322
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан
Республикасында
білім
беруді
дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «жалпы орта білім
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және
рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты
болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің
экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» деп
атап көрсеткендей, оқушылардың бойында адами құндылық қасиеттерді
қалыптастыру педагогтардың алдына қойылып отырған өзекті мәселе.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген, ұлттық сана,
психология мен тәлімдік дәстүр мұраларын бойына сіңіре өскен, парасатты
болашақ ел азаматы жас ұрпақтың тәрбиесін дамыту – қазіргі заман талабы
және педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі.
Осындай негізгі міндеттерді шешуде педагогикалық жоғары оқу орнында
міндетті пән ретінде енгізілген «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»
пәнінің маңызы ерекше.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атты оқу құралында қазіргі
мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық
негіздері ашылып, сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын жүргізу
технологиясы және оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
әдістемесі берілді.
Сондай-ақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары (СОӨЖ),
студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), глоссарий, тест тапсырмалары,
тәрбие туралы айтылған ұлы ғұламалардың тәрбиелік ой-тағылымдары берілді
және әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыратындай шығармашылық тапсырмалар жинақталды.
Бала тәрбиесі – шығармашылық процесс. Оны бір ғана оқу құралында
толық баяндау мүмкін емес. Ол әрбір мектептің, тіпті сыныптың ішкі өз
жағдайына байланысты ұйымдастырылады.
Оқу құралы болашақ мұғалімдердің жаңаша ойлауына, ізденісіне түрткі
болып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атты оқу құралы креативті
шығармашыл болашақ педагогтың құзыреттілік қабілетін қалыптастыруда
маңызы ерекше.
323
Достарыңызбен бөлісу: |