25-бап
Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында
біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау
немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезеңдік емдеу
бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы
құқықты мойындайды.
336
26-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір
баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды
және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға
сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.
2.
Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты
адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі
немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің
мүмкіндіктері ескеріліп беріледі.
27-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани,
имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір деңгейіне құқығын
мойындайды.
2.
Баланы тәрбиелеуші ата-ана(лар) немесе басқа адамдар өздерінің
қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті
өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады.
3.
Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде
баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге
асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет
болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі бағдарламаларды,
әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламаларды қолдайды.
Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ
шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар адам мен бала әр
мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге
қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да
уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.
28-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл
құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу
мақсатында, атап айтқанда:
а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;
ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің
дамуының ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын
қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда,
қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;
337
б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары
білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;
в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен
материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;
г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кетуші
оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
2.
Қатысушы
мемлекеттер
мектептегі
тәртіп
баланың
адамдық
қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы
Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз ететін шаралардың бәрін
қолданады.
Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен
сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы
оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.
29-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың:
а) жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және
ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға;
ә) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;
б)
ата-анасын,
төл
мәдениетінің
құндылықтарын,
тілін
және
құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық
құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;
в) баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік,
шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық
халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы достастық,
сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухында
дайындауға;
г) қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен келіседі.
2.
Осы баптың немесе 28-баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен
органдардың, осы баптың 1-тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты
сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу
және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан
белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын
орындамау деп пайымдалуы тиіс емес.
30-бап
Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары
жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе
жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз
338
мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана
тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.
31-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз
жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға,
мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін
мойындайды.
2.
Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге
жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени
шығармашылық қызметімен айналысуына, тынығуына, мәдени демалуына
тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.
32-бап
Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның
денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе
денсаулығына зиян, дене бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және
моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген
жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды.
33-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда
белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз
қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және
олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң
шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру
саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
34-бап
Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және
нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта
қатысушы мемлекеттер, ішінара:
а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе
мәжбүр етуге;
ә) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық
тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына;
б) бала еңбегін поронография мен поронографиялық басылымдарда қанап
пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты
деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
35-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе
балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау
339
әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде
шаралар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |