38
Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері
мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім
арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді.
Олардың жеке қызығушылығы, бейімі, өзіндік мінез-сипатымен бірге өз қадірін
сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани
қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Тәрбие жүйесі оқу процесіне қажет қосымша болып қана қоймай, қазіргі
жағдайда шоғырландырушы рөлді орындай отырып, білім беру мекемесінің
жұмыс істеуінің ең маңызды шарты болып табылады.
12-суретте жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысының
бағыттары ашылды.
Сурет-12. Мектептегі тәлім-тәрбиелік жұмыстардың бағыттары
Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері:
дүниетанымдық мәселелердің айқындылығы;
тәрбие мазмұнының мәдениеттанушылық негізделуі;
әлеуметтік мәні бар ортаның болуы;
өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамыту;
өзін-өзі басқарудың болуы.
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе
жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие жүйесі еріксіз
ұйымдастырылса, ол тәрбиеленушіге де, тәрбиешіге де кері әсерін тигізеді.
Егер тәрбиешілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына,
азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына
сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.
Достарыңызбен бөлісу: