373
5-қ
осымша
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕҢІСІ – БҮГІНГІНІҢ ЖЕМІСІ»
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар
сияқты жаһандану процесімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды,
дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейде білімі бар ұрпақты тәрбиелеу
– мемлекеттің ең маңызды стратегиясы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Жаңа он жылдық
–
жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауында төрт құндылықты атап өтті: «Біріншіден,
біздің ең басты құндылығымыз
–
ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Екіншіден,
мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығымен
елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамға бармауы
тиіс. Үшіншіден, экономикалық өрлеу
–
әрқайсымызға қатысты бүкіл халықтық
іс. Бұл
–
қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа
бастаудың кілті. Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялау
–
дамудың аса маңызды шарты» .
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына
байланысты Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ
педагогтармен өткізілген
«Тәуелсіздік жеңісі – бүгінгінің жемісі»
ХХІ ғасыр көшбасшысы
–
интеллектуалды ойынының үлгі-жоспары ұсынылды.
1-жүргізуші:
«Тәуелсіздік жеңісі – бүгінгінің жемісі» ХХІ ғасыр
көшбасшысы
–
интеллектуалды ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәуелсіздігімізді алған 25 жыл ішінде Қазақстанды күллі әлем таныды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еркін экономикалық қатынастарға қол жеткіздік.
Соның арқасында экономикамыз дамыды, әлеуметтік тұрмысымыз жақсарды.
Жақын жылдары әлемдегі алпауыт елдердің өзін бір тарының қауызына тыға
келген қаржы дағдарысынан Қазақстан қиналмай өтіп келеді. Көптеген дамыған
елдерде
дағдарыстың
салдарынан
әлеуметтік
шығындар
қысқарды,
кәсіпорындар жабылды. Ал Қазақстан ағысқа қарсы жүзді. Осы жылдар ішінде
елімізде көптеген кәсіпорындар ашылды. Міне, Елбасының бастамасымен
үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама шеңберінде республикада
көптеген ірі жобалар жүзеге асырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: