Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет296/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

М.Жыланбаев 
1 жүргізуші: 
ІІ сайыс «Көкпар»
деп аталады. 2 топқа Отан, туған жер, ел, 
ерлік туралы 20 мақал айту тапсырылады. 
Бірінші топ тапсырмасы: Отан, туған жер, ел туралы мақалдар айту;
Екінші топ тапсырмасы: Ерлік туралы мақалдар айту. 


376
І топ: Отан, туған жер, ел 
туралы мақалдар

Отан отбасынан басталады. 

Отан қадіріне жетпеген 
Өз қадіріне жетпес. 

Отан – елдің анасы, 
Ел – ердің анасы.

Отан оттан да ыстық, 
Жалыны бар шоқтан да ыстық. 

Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Отанға опасыздық еткенің, 
Өз түбіңе өзің жеткенің. 

Туған елдей ел болмас, 
Туған жердей жер болмас. 

Ел іші алтын бесік.

Ел іші – береке, 
Көп ісі – мереке. 

Өз елім – өлең төсегім. 

Ел, елдің бәрі жақсы, 
Өз елің бәрінен де жақсы. 

Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол. 

Аққу айдынын аңсайды, 
Адам туған жерін аңсайды. 

Өзге елдің оты, 
Өз еліңнің түтініне де татымас. 

Елді сөкпе, кенді төкпе.

Ел құлағы елу.

Елі еріксіз болса, 
Ері көріксіз болар. 

Ел ағасыз болмас, 
Су сағасыз болмас 

Өзін-өзі білген ер бақытты, 
Өзін-өзі билеген ел бақытты. 
ІІ топ: Ерлік туралы мақалдар 

Ердің сыншысы – ел. 

Ер – елдің айнасы. 

Батыр туса – ел ырысы, 
Жаңбыр жауса – жер ырысы. 

Ер 
мойнында 
қыл 
арқан 
шірімес. 

Ер басына күн туса, 

Ереуіл атқа ер салар. 

Батыр – елінде, балық – көлінде 

Болат қайнауда шынығады, 
Батыр майданда шынығады. 

Ойлап істеу – ердің ісі. 

Қару күшті емес, қару ұстаған 
күшті. 

От 
ішінде 
туған 
оттан 
қорықпайды. 

Күш батылдыққа ереді. 

Ердің сөзі біреу, 
Ердің көгі – үшеу. 

Ер қаруы бес қару. 

Ақыл – ер қорғаны. 

Ер туған жеріне келер, 
Ат тұрған жеріне келер. 

Күш атасын танымас. 

Ер есімі ел есінде.

Балуанға оң-терісі бірдей. 

Нар тәуекел – ер ісі. 

Жібек белбеу – белдің көркі, 
Батыр жігіт – елдің көркі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет