І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу
II. Балалық құқығын қорғау жұмысы
IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы
V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс
"Жұмыс" динамикасы" бағанында мәлімет таңбалармен (+, -, =) көрсетіледі, түзеу жұмысы аяқталғаннан кейін немесе жыл қорытындысы бойынша оқушының дамуындағы ілгерілеу.
Журналға білім беру процесіне қатысушылардың барлығымен жасалған жұмыстардың барлық түрлері енгізіледі.
Педагог-психологтің консультацияларын есепке алу журналы
Күні
Консультация алушы
Жүгі ну себебі
Проблема
Консультация нәтижесі
Консультант
Жасы (сыны бы)
Жынысы
Есімі
1
2
3
4
5
6
7
8
"Консультация нәтижесі" бағанында жұмыс процесі мен нәтижесі қысқаша сипатталады.
Білім беру ұйымындағы психологтар санына қарамастан ортақ журнал жүргізіледі.
Нысан
____________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)
Тәрбие жұмысы жоспары (Орта, техниқалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) _______________ оқу жылына Педагог____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Тобы/сыныбы_______________________________________________________ (топтың/сыныбын атауын көрсету) Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар
1. Бағыты: қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас.
2. Бағыты: рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын қайта құру туралы қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарына, нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін "Рухани жағырудың" құндылық негіздері туралы терең түсінік қалыптастыру; "Өзін-өзі тану" негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру.
3. Бағыты: ұлттық тәрбие
Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау.
4. Бағыты: Отбасылық тәрбие
Мақсаты: неке және отбасы мүшелерін құрметтеу құндылықтарын тәрбиелеу; отбасылық культ; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылықтары; отбасы мен достарына деген адалдық; отбасылық дәстүрлер; жәдігерлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу; ана болудың қасиеттілігі; сезім құндылықтары - сүйіспеншілік, адалдық, достық, ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.
5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялықтәрбие
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту, қайталанбас құндылық ретінде табиғатты сүю; кіші Отан ретінде туған табиғатқа деген сүйіспеншілік.
6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Мақсаты: әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті, соның ішінде балалардың кибер мәдениеті мен кибер гигиенасын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
7. Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру, эстетикалық талғам мен сезімнің эстетикалық санасын, халықтардың ұлттық мәдениеттері құндылықтарына көркемдік-эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру.
8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру.