1. Дуальды оқыту туралы осы шарт 2015 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 119-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қантардағы №50 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13422 болып тіркелген) бекітілген дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына және кәсіпорын (ұйымның) жарғысының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №1 тармағына сәйкес жасалды.
2. Оқу орны 2018 жылы оқуға қабылданған 0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 0101033 – «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктілігініңбілім беру бағдарламасы бойынша білім алушының кәсіби даярлығын жүзеге асырады.
3. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны тиісті жұмыс жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
4. Білім алушы өндірістік, еңбек функцияларын және тапсырмаларды білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілікке ие болу үшін білім беру бағдарламаларын меңгереді.