Пәннің мақсаты
|
Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
|
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
|
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихымен жүйелі түрде жан-жақты танысу; кезең әдебиетіне арналған зерттеу еңбектерді меңгере отырып, ғылыми тұжырымдарды зерделеу.
●XIX ғасырда қайта өрлеу дәуірін бастан өткерген, түрлі жанрда дамыған бай әдеби мұраны ғылыми тұрғыдан негіздеу.
●Қазақ халқының төлтума, көпқырлы, синкретті өнерін әдеби-көркемдік, ғылыми-теориялық негізде жүйелей отырып, келешек зерттеу проблемаларын күн тәртібіне қою.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы біліктілігінің талабы бойынша құзіреттілік жүйесін қалыптастыру
.
|
1. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үлгілерін тарихи жағдай аясында карастыра отырып, олардың шығу тегін, нұсқалары мен жанрлық ерекшеліктерін саралай алады
|
1.1 XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізгі бағыттарын анықтау.
1.2 «Бес ғасыр жырлайды» көптомдығының ғылыми түсініктері мен мәтіндеріне жасалған текстологиялық талдаулармен танысу.
1.3 ҒА Орталық кітапханасының қазіргі заманғы мәліметтер базасымен жұмыс жасау әдістерін меңгеру.
|
2. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайды сипаттаған жырлар мен өлеңдердің тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктерін талдай алады. Олардың зерттелу, жариялану жайы туралы мәліметтерді біледі
|
2.1Тарихи жырлар мен толғаулардың тарихи-фольклорлық негізін анықтау, ақпараттандыру процестерін жолға қою.
2.2 Алға қойылған мақсаттарға сәйкес жекелеген мәтіндерге ғылыми түсініктер әзірлеу, тарихына тоқталу.
2.3 Типология мәселелерін зерттеудің жүйесін тауып, жүйелеу жұмыстарының кезеңдерін көрсету.
|
3. Зар заман ақындары мен кітаби ақындар мұрасының орнығуына негіз болған тарихи алғышарттарды, олардың көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын біледі
|
3.1 Сал-серілер мұрасы жинап, жариялаудың қазіргі жағдайы
және олардың проблемалық мәселелеріне назар аудару.
3.2 Кітаби ақындардың шығармашылық өмірбаянына қатысты мәліметтерді жүйелей алу
3.3 Түркі әлеміне танылған ғалымдардың мақалаларына қатысты ақпаратты түсіндіру және жүйелеу.
|
4. Сал-серілер мұрасымен және ол шығармаларды өмірге келтірген тарихи ахуалмен жақсы таныс болуы тиіс.
|
4.1 Зар заман ақындарының шығармаларын салыстыру және жүйелеу
4.2 Тарихи жырлар мен дастандардың кейіпкерлері: жүйелеу, салыстыру, шолу, бейнелеу әдістері т.б.
4.3 Кітаби ақындар мұрасын зерттеу аясын кеңейту мүмкіндігін айқындау.
|
5.Нәзира үлгісінде жазылған шығыстық қисса-дастандардың мәтіндерімен текстологиялық жұмыстар жүргізе алады.
|
5.1 XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің зерттелуі жайындағы мәселелер және аталмыш пәннің маңызын айқындау.
5.2 . Пәннің міндеттеріне қол жеткізу үшін тиімді технологияларды таңдау.
5.3 Өз көзқарасын дәлелдеп, нақты тұжырымдар жасау; мәселені өзіндік бағалау
|
Пререквизиттер
|
1,Ежелгі дәуір әдебиеті. 2. ХІҮ-ХҮІІІ ғ.ғ қазақ әдебиеті
|
Постреквизиттер
|
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
|
|