Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



жүктеу 105.07 Kb.

Дата28.12.2016
өлшемі105.07 Kb.

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 139-қосымша  

 

 

 

 

Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) оқушыларға 

арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету 

ырғағы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 



 

1.  «Түзету  ырғағы»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім 

берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 

2.  «Түзету  ырғағы»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасы  көру  қабілеті 

бұзылған  (көрмейтін  және  нашар  көретін)  балаларды  арнайы  оқыту  мен 

тәрбиелеудің коррекциялық  бағыттағы негізгі пәндердің бірі болып табылады.  

3.  Курс  -  оқушылардың  әуенге,  қозғалыс  мәдениетіне  эмоциялық-ерікті 

түрде  көңіл  бөлуін,  ырғақты  сезінуін,  ынтасы  мен  өз  бетінше  жұмыс  істеу 

қабілетін дамыту мен жетілдіруге бағытталады. Көру қабілеті бұзылған балалар 

ритмика  сабағында  жаттығуларды  аспаптардың  дыбысы  арқылы  (асатаяқ, 

қылқобыз, домбыра, сылдырмақ т.б.) жасайды.  

4.  «Түзету  ырғағы»  музыканың  көмегімен  көру  қабілеті  бұзылған 

балалардың  қозғалысын  ұйымдастыру,  олардың  назарын,  есте  сақтау, 

қабылдау,  елестету,  мақсатты  әрекет  ету  қабілеттерін  қалыптастырады.  Ырғақ 

жаттығулары  арқылы  балалардың  денсаулығы  нығайып,  бұлшық  ет  күштері 

жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері, ой-өрістері дамиды. Дене бітімдері 

түзеліп,  сымбаттылыққа  тәрбиеленеді,  әдемілікке  деген  құштарлықтары 

артады,  яғни  ырғақты  би  жаттығулары  баланың  барлық  ішкі  ағзаларына  әсер 

етеді. Ырғақты би жаттығулары бала үшін қозғалыс арқылы өздерін көрсетудің 

бірден-бір тәсілі болып табылады. 

5.  Курстың  мақсаты  -  музыкалық  түрлі  іс-әрекет  арқылы  көру  қабілеті 

бұзылған  балалардың  қозғалыс  кемшіліктерін  түзетуге,  кеңістікті  бағдарлай 

білуге,  қимыл  икемділігін  қалыптастыру  мен  ұлттық  музыканы  қабылдауға 

мүмкіндік туғызу. 

6.  Курстың  артықшылығы  көру  қабілеті  төмен  баланың  музыкалық 

ырғақты  сезіну  қабілетінің  мүмкіндіктерін,  қол-қимыл  қозғалысындағы 

үйлесімділікті,  дәлдікті,  дене  мен  қолдың  қозғалысқа  түсуіндегі  анықтықты 

қалыптастыра білуінде. 

7.  Ұсынған  оқу  бағдарламасы  төмендегі  коррекциялық  міндеттерін  іске 

асыруға бағытталған: 



 

1)  дамуында  кемшілігі  бар  балалардың  бұлшық  ет  тонусының  қалыпты 



жағдайда  болуы,  түзу  дене  сымбатын  қалыптастыру,  бұлшық  еттің  белгілі 

жаттығуларды жасау мүмкіндігін  қалыптастыру, дамыту; 

2) дененің әр түрлі қозғалыстарды үйлестіре білуін қалыптастыру; 

3) ұсақ моторикасын дамыту; 

4) дененің барлық бұлшықеттері мен буындарының қозғалысын дамыту; 

5) зейінді дамыту; 

6) көру арқылы есте сақтауын дамыту; 

7) дұрыс түсінік қалыптастыру. 

8.  Оқыту  және  түзету  міндеттері  баланың  жас  шамасын,  оқу  материалын 

қабылдау  деңгейін,  физикалық  мүмкіндіктері  деңгейін  ескере  отырып  жүзеге 

асырылады.  Қойылған  міндеттердің  табысты  іске  асырылуы  үшін  оқытудың 

әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады.  

9.  Ритмика  сабағында  дене  шынықтыру  қимылдары  (негізгі  қимылдар, 

гимнастикалық жаттығулар, гимнастикалық заттармен жаттығулар, сапқа тұру, 

т.б.),  би  қимылдары  (заманауи,  қазақ  халық  билерінің  элементтері),  арнайы 

этюдті,  сюжетті-кейіпкерлер  қимылдары  (аң,  құс  қимылдары  мен  адамдардың 

қозғалыстары) қолданылады. Ритмика сабағының барысында осы қимылдардың 

барлығы  біртіндеп  жетілдіріліп,  үйлестіріліп,  ерікті,  ырғақты,  жатық,  айқын 

бола түседі. Ритмикамен айналысу негізгі музыкалық – теориялық түсініктерді 

игеруге,  моториканы,  қозғалыс  координациясын,  есте  сақтауды,  музыканы 

сезінуді, ұлттық музыканы қабылдауды жандандырады. 

10.  Негізгі  түрлеріне  өлең  жолдарын  айта  жүріп  қол,  аяқ,  дене 

қимылдарын  жасау,  жүгіру  (әр  түрлі  темппен),  жалпы  дамыту  жаттығулары 

(затпен және затсыз), би, әуенді-ырғақты және қозғалмалы ойындар. 

11.  Бағдарлама  бойынша  оқытудың  нәтижесі  үш  деңгей  бойынша 

анықталады:  білмейді,  меңгермеген;  ересектер  мен  құрбыларының  көмегімен 

игереді; жетекші компетенттілік бойынша өзбетінше игереді. 

12. Пәнаралық байланыс: 

1)  музыка:  оқушының  музыка  ырғағын  сезіну,  оның  басым  және  әлсіз 

тұстарын  көрсете  алу,  музыканың  сипатын  ажырата  білу  (жай-байсалды, 

жылдам-ырғақты) машығын қалыптастырады; 

2)  математика:  өлшем  бірліктерін  ырғақты  гимнастика  жаттығуларын 

жасаған кезде қолдану баланың зейінін жақсартады; 

3) әдебиеттік оқу: өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға 

қолдану баланың есте сақтау қабілетін дамытады; 

4) 


бейімделген  дене  шынықтыру  және  сауықтыру:  баланың 

шапшаңдығын,  икемділігін,  тепе-теңдікті  сақтай  алу  қабілетін  дамытып,  дене, 

қол-аяқ  қимылдарының  икемділігі  мен  қозғалғыштық  қабілетін  үйлестіруге 

көмектеседі.  Пластикалық  тренинг  ЕДТ-нің  бір  түрі  ретінде  релаксация  әдісі 

іспеттес  және  шапшаң  жаттықтыратын  элементтердің  орнына  жалпы  тренаж 

ретінде қолданылады. 



 

5) мимика, пантомима (ымдау, қимыл ишаралау): көру қабілеті бұзылған 



балалардың өз эмоцияларын ымдау, қимыл ишаралау амалдары арқылы білдіру 

жолдарын үйретеді; 

6) кеңістікті бағдарлау: үйлестіру қабілетін, өз денесін игере білу, дұрыс 

дене сымбатын қалыптастыру машығын дамытады. 

13.  Оқу  курсының  мазмұны.  Көру  қабілеті  бұзылған  0-4  сынып 

оқушыларына арналған ритмика пәнінің бағдарламасы келесі бөлімнен тұрады: 

1) теориялық ақпарат; 

2) арнайы ырғақты жаттығулар; 

3) әуен мен қимылдың байланысына арналған жаттығулар; 

4) ырғақты гимнастикалық жаттығулар; 

5) биге арналған дайындық жаттығулары; 

6) би элементтері; 

7) билер; 

8) қозғалмалы, музыкалық-ырғақты ойындар. 

14.  Бөлім  1.  Теориялық  ақпарат:  бес  жылға  арналған  теориялық 

материалдар  осы  мерзімде  игерілетін  ақпараттардың  ішкі  сабақтастығына, 

оқытылатын  теориялық  материалдың  дәйекті  түрде  күрделенуіне  бағытталған. 

Бұл әдіс – оқушылардың материалды меңгеруін жақсартып, олардың музыкаға, 

ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыра түседі. 

15. Бөлім 2. Арнайы ырғақты жаттығулар: 

1) арнайы ырғақты жаттығуларда нақты бір ырғақты жаттығудың басым, 

әлсіз жақтары сараланады. Қолданылып жүрген көптеген әдістердің ішіндегі ең 

қарапайы  әрі  түсініктілері:  санау  арқылы  жүру,  алақан  соғу  арқылы  жүру,  қол 

мен  дене  қозғалыс  жаттығулары,  таныс  би  қадамдарын  (музыкасыз)  санамақ 

немесе  өлең  жолдарын  айту  арқылы  орындау  (мысалы,  «Айгөлек», 

«Жалқаубек», т.б.);  

2) бұл жаттығулар баланың тек ырғақты сезінуін ғана емес дұрыс тыныс 

алуын, сөз мәнерін (дикциясын) қалыптастырады. Арнайы жаттығулар баланың 

жас ерекшелігіне қарай күрделеніп отырады. 

16. Бөлім 3. Әуен мен қимылдың байланысына арналған жаттығулар: 

1) бұл бөлімдегі жаттығулардың барлығы белгілі бір әуеннің сүйемелдеуі 

арқылы орындалуға есептелген. Оқушылар музыканың ырғағына сай үйлесімді 

қимылдар жасап, әуенмен бірге бастап, әуен аяқталғанда аяқтап үйренуі тиіс;  

2) әуенмен бірге жасалатын жаттығулар көзі нашар көретін балардың тек 

қана  дене  сымбатын  түзеп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  олардың  ойлау,  есте 

сақтау,  зейін,  қабылдау  сияқты  қабілеттерін  де  дамытуға  ықпал  етеді.  Сабақта 

қазақ  композиторларының  әндері  мен  күйлерін  қолдану  баланың  ұлттық 

музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырады. 

17. 

Бөлім 


4. 

Ырғақты 


гимнастикалық 

жаттығулар: 

ырғақты 

гимнастикалық  жаттығулармен  айналысу  бала  ағзасының  функционалдық 

мүмкіншілігіне байланысты. Бұл сабақ негізінен қимыл-қозғалысында ауытқуы 

бар  балалардың  қимылын  түзетуге,  оны  қалыптастыруға  және  функционалдық 

қабілетінің дамуына бағытталған. 


 

18. Бөлім 5. Биге арналған дайындық жаттығулары: 



1)  дайындық  жаттығуларының  міндеті  –  балаларды  биге  қажет  қозғалыс 

машықтарына  үйрету.  Баланың  назарынсаналы  түрде  өз  қимылдарына  аудару. 

Балаға  би  қимылдарын  үйретердің  алдында  оларға  белгілі  бір  дайындық 

жаттығуларын жасау ұсынылады;  

2)  заттармен  жаттығу  жасау  (доп,  жалауша,  қамшы,  тостаған,  домбыра, 

т.б.) балалардың ептілігін, шапшаңдығын, қимыл дәлдігін дамытады;  

3) затсыз жаттығу  жасауға: еліктеу  жаттығулары, яғни аң мен құстардың 

қимылдарын, сюжеттік қимылдарды көрсету жатады (ымдау, қимыл ишаралау). 

19.  Бөлім  6.  Би  элементтері:  би  элементтерін  орындау  қарапайым 

қозғалыс арқылы жүру, жүгіру басқа да қимылдарды меңгеруге көмектеседі. 

20.  Бөлім  7.  Билер:  ұлттық,  заманауи,  бал  билерін  үйрену.  Ритмика 

сабағында  билерді  пайдалану.  Баланың  эстетикалық  талғамының  өсуіне, 

олардың  әдемі,  әсем  қимылдарды.  Үйренуіне,  биге  деген  сүйіспеншілігінің 

артуына ықпал етеді. 

21. Бөлім 8. Қозғалыс, музыкалық-ырғақты ойындар: музыкалы-ырғақты, 

қозғалыс  ойындары  баланың  ырғақты  сезініп,  музыкалық  шығармаларды 

қабылдауына,  сөйлеу  дағдылары  мен  ойлау  қабілетін  дамытуға,  ерік-жігерін 

ұштауға бағытталған. 

22.  Материалдардың  тақырыптарға  бөлініп  көрсетілуін  міндетті  түрде 

рет-ретімен  орындалу  керек  деп  түсінбеу  керек.  Ритмикада  ұстаз  жекелеме 

тақырыптарға қайта оралып, оны күрделендіре түседі.  

23.  Ритмика  сабағында  материалдар  әр  түрлі  тақырыптардан  алынып 

жинақталады.  Осы  тақырыптардың  біреуі  жұмыстың  негізін  құрап,  басқалары 

көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Әр тақырып бойынша  істелетін жұмыс 

келесі  тақырыпқа  алғышарт  ретінде,  ал  өткен  тақырып  жаңа  сабаққа  тіреуіш 

ретінде қолданылады. Материалдарды тақырыпқа бөлу шартты сипатқа ие. 

24.  Демек,  музыканы  тұтастай  қабылдау  музыкалық  айқындық 

тәсілдеріне  сараланған  ықпалды  шығармайды.  Оларды  тақыраптарға  бөлу 

оқыту мақсатында беріледі. 

 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

25.  Қарапайым  пластикалық  жаттығулардың  жиынтығын  игеру  және 

бекіту. Қимыл-қозғалыс түрлерінің базалық негіздерін меңгеру. 

26. Дайындық сыныптың оқыту тақырыптық жоспары: 

кесте 1 

Тақырыптың  бөлімнің 

атауы 

Сағат саны 



Теориялық 

Практикалық 

1 бөлім  



2 бөлім 




3 бөлім 



4 бөлім 




5 бөлім 





 

6 бөлім 





7 бөлім 



8 бөлім 




Жыл бойғы сағат саны 

33 


31 


 

27.  Дайындық  сынып  оқушысының  дайындық  деңгейіне  қойылатын 

талаптар. 

28.  Бағдарлама  игеріліп  болған  соң  балалар  төмендегі  құзыреттіліктер 

бойынша өз біліктіліктерін көрсете алады. 

29. Біліктілік құзыреттілігі:  

1) қимыл – қозғалысты музыкамен үйлестіре білу; 

2) қимыл-қозғалысты музыкамен бірге бастап, бірге аяқтай білу. 

30.  Жалпы  мәдени  құзыреттілігі:  оң  және  сол  аяқпен  адымдап  жүру;  оң 

және сол қолын көтеріп, түсіру; оң және сол қолға бұрылу және қозғалу, жеңіл 

әрі .ырғақты жүру. 

31.  Оқу-танымдық  құзыреттілігі:  өзара  әрекет  ете  білу,  жұбымен  ортада 

қозғалып, жүре білу. 

32. Өзін-өзі жетілдіру: музыкалық шығармалардан ертегі кейіпкерлерінің 

бейнелерін көрсете білу. 

 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

33. Әр түрлі ойын кейіпкерлерін мәнерлі түрде көрсете білу, ойын кезінде 

бейнелі  қимылдардың  түрлерін  ойдан  шығара  білу,  сюжетті  ойындарда 

ырғақты анықтай білу. 

34. 1-сыныптың оқыту тақырыптық жоспары: 

кесте 1 


Тақырыптың 

бөлімнің атауы 

Сағат 

саны 


Теориялық 

Практикалық 

Баланың 

білім 


деңгейін бақылау 

1 бөлім 




2 бөлім 




3 бөлім 




4 бөлім 




5 бөлім 




6 бөлім 




7 бөлім 




8 бөлім 




Жыл 


бойғы 

сағат саны 

33 



30 



 

35. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 



 

36.  Бағдарлама  игеріліп  болған  соң  балалар  төмендегі  құзыреттіліктер 



бойынша өз біліктіліктерін көрсете алады. 

37. Біліктілік құзыреттілігі: 

1) музыканың әр түрлі ырғағына сай қозғала білу; 

2) қимыл-қозғалыста ырғақтың басым тұстарын көрсете білу, музыкалық 

шығарманың өзгеруіне қарай қимыл-қозғалысты өзгерте білу; 

3)  қимыл-қозғалысты  өз  бетінше  музыкамен  бірге  бастап,  бірге  аяқтай 

білу. 

38.  Жалпы  мәдени  құзыреттілігі:  мына  жаттығуларды  жасау:  «секіру», 



«тура  және  қырынан  жүру»,  «серпілу»,  «аяқтың  ұшымен  жүру»,  «адымдап 

жүгіру», «шапалақтау». 

39.  Оқу-танымдық  құзыреттілігі:  өзара  әрекет  ете  білу,  жұбымен  ортада 

жүгіре,  жүре  білу,  айнала  білу,  музыканың  ырғағына  сай  жорғалай  және  жай 

жүріп, шашырап қозғала білу. 

40.  Өзін  өзі  жетілдіру  құзыреттілігі:  ырғақты  музыкалық  және  ауызша 

ойындарда кейіпкерлердің  бейнелерін көрсете білу. 

 

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

41.  2/4,  4/4  –  өлшемді  ырғағымен  негізгі  қимылдарды  жасауды  (жүру, 

жүгіру)  игеру.  Музыкамен  бірге  бастап,  аяқтай  білу.  Адымдау  арқылы 

музыканың  әр  түрлі  ырғағын  жеткізе  білу  (тез  –  баяу),  әр  түрлі  екпінді  сап 

түзеп  және  жай  жүріспен,  аяқтың  ұшымен,  өкшемен  жүруді  меңгеру.  Бірден, 

бірінің  артынан  бірі  шашырап,  қайта  жиналып  сап  түзеп,  қатарға  тұрып, 

шеңбер  құрып  жүріп,  жүгіруді  меңгеру.  Музыка  ырғағымен  жалпы  дамыту 

жаттығуларын жасау. 

42. 2-сыныптың оқыту тақырыптық жоспары: 

кесте 1 


 

Тақырыптың 

бөлімнің атауы 

Сағат саны  Теориялық 

Практикалық 

Баланың білім 

деңгейін 

бақылау 


1 бөлім 



2 бөлім 





3 бөлім 




4 бөлім 




5 бөлім 




6 бөлім 




7 бөлім 




8 бөлім 




Жыл бойғы 

сағат саны 

34 


29 




 

43. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 



44.  Бағдарлама  игеріліп  болған  соң  балалар  төмендегі  құзыреттіліктер 

бойынша өз біліктіліктерін көрсете алады. 

45. Біліктілік құзыреттілігі: 

1) өз бетімен музыканың сипатын бағдарлай білу; 

2) шапалақтау арқылы қарапайым ырғақты жеткізе білу; 

3)  өз  беттерінше  шеңбер  құрып,  қолдарынан  ұстап  шеңберді  кішірейтіп, 

үлкейтіп айналып жүре алу; 

4) шеңбер құрып жұбымен айналғанда ара-қашықтықты сақтай білу. 

46. Жалпы мәдени құзыреттілігі: 

1) заттармен жаттығулар жасау (домбыра, таяқ, жалауша, қамшы, т.б.); 

2)  мына  жаттығуларды  орындау:  «секіру»,  «тура  және  қырынан 

шоқырақтап  жүру»,  «серпілу»,  «би  қадамы»,  «адымдап  жүру»,  «шапалақтау», 

«сүйемелдеуші қадам». 

47.  Оқу  танымдық  құзыреттілігі:  ырғақты  гимнастикада  шығармашылық 

қабілетін көрсете білу. 

48.  Өзін-өзі  жетілдіру:  ырғақты-музыкалық  кейіпкерлердің  бейнелерін 

көрсете білу. 

 

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

49.  2/4,  4/4  –  өлшемді  музыка  ырғағымен  негізгі  қозғалыстарды  (жүру, 



жүгіру, секіру) дұрыс орындай алу машығын жетілдіру. Музыкалық сүйемелдің 

екпінін  тез  өзгерту.  Сапта  жалғыз,  жұбымен,  төрт  адамнан  жүріп,  жүгіруді 

меңгеру. Жалпы дамыту жаттығуларын анық, ырғақты жасау.  

50. 3-сыныптың оқыту тақырыптық жоспары: 

кесте 1 

 

51. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 

Тақырыптың 

бөлімнің атауы 

Сағат саны  Теориялық 

Практикалық 

Баланың білім 

деңгейін 

бақылау 

1 бөлім 




2 бөлім 




3 бөлім 




4 бөлім 




5 бөлім 




6 бөлім 




7 бөлім 




8 бөлім 




Жыл бойғы 

сағат саны 

34 


29 




 

52.  Бағдарлама  игеріліп  болған  соң  балалар  төмендегі  құзыреттіліктер 



бойынша өз біліктіліктерін көрсете алады. 

53. Біліктілік құзыреттілігі: 

1) өз бетінше музыканың сипатын бағдарлай білу; 

2) шапалақтау арқылы ырғақтық суреттемелерді жеткізу; 

3)  өз  бетінше  үлкен  және  кіші  шеңбер  құру,  қолдарынан  ұстап  шеңберді 

үлкейтіп, кішірейтіп айналу; жұбымен секіріп айналу; 

4) шеңберді айналғанда жұптардың ара-қашықтығын сақтау. 

54. Жалпы мәдени құзыреттілігі: 

1) шеңберде «Жанды күмбез» модулін пайдаланып жаттығу жасау; 

2) заттармен жаттығулар жасау (жалауша, домбыра, қамшы, таяқ т.б.); 

3)  жаттығулар  орындау:  «секіру»,  «шоқырақтап  жүгіру»,  «серпілу»,  «би 

қадамы», «адымдап жүру», «тізені бүгіп, жартылай бүгіп сүйемелдеуші қадам» 

«дүрсілдетіп  адымдау»,  «жай  қимылдап  жүру»,  «шапалақтау»,  «аяқты 

айқастырып жүру». 

55. 

Оқу  танымдық  құзыреттілігі:  гимнастикалық  жаттығуларда 



шығармашылық қабілетін көрсете білу. 

56.  Өзін  өзі  жетілдіру  құзыреттілігі:  ойын  кезінде  өз  бетінше  әрекет  ету; 

бір-біріне  еліктемей  мәнерлі  қимылдарды  іздеу;  музыканың  ырғағына  сай 

қимылдар жасау. 

 

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

57.  3/4  –  өлшемді  екі  бөлікті,  төрт  бөлікті  қозғалыстарды  меңгеру. 

Тактінің басым тұстарын шапалақтау немесе басқа қимылдармен  баса көрсету. 

Музыка  ырғағының  өзгеруіне  байланысты  жүгіру  мен  секіруді,  адымдау  мен 

отыруды, жүрудің әр түрлі түрлерін меңгеру. Музыка ырғағымен: тепе-теңдікті 

сақтауға, сымбатты мүсін қалыптастыруға, ептілікті дамытуға арналған  жалпы 

дамыту жаттығуларын жасау. 

58. 4-сыныптың оқыту тақырыптық жоспары: 

кесте 1 

Тақырыптың 

бөлімнің атауы 

Сағат саны  Теориялық 

Практикалық 

Баланың білім 

деңгейін 

бақылау 


1 бөлім 



2 бөлім 





3 бөлім 




4 бөлім 


12 

11 



5 бөлім 




6 бөлім 




7 бөлім 




8 бөлім 






 

 

59. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 

60.  Бағдарлама  игеріліп  болған  соң  балалар  төмендегі  құзыреттіліктер 

бойынша өз біліктіліктерін көрсете алады. 

61. Біліктілік құзыреттілігі: 

1) өз бетімен кеңістікті, сахнаны бағдарлай білу; 

2) шапалақ арқылы күрделірек ырғақтық-суреттемелерді жеткізу; 

3)  өз  бетінше  үлкен  және  кіші  шеңбер  құрып,  қолдарынан  ұстап  айналу, 

жұбымен секіріп айналу; 

4) шеңберді айналғанда жұптардың ара-қашықтығын сақтау. 

62. Жалпы мәдени құзыреттілігі: 

1) заттармен жаттығулар жасау (жалауша, домбыра, қамшы, таяқ т.б.); 

2) таныс би қимылдарын бекіту. 

63.  Оқу  танымдық  құзыреттілігі:  таныс  қимылдарды  еркін  би,  ойын 

кезінде шығармашылықпен пайдалану. 

64. Өзін өзі жетілдіру құзыреттілігі: қозғалмалы және би ойындарында өз 

бетімен  әрекет  ету;  бір-біріне  еліктемей  мәнерлі  қимылдар  іздеу;  музыкалық 

шығарманың ырғағына орай қимылдар жасау. 

 

7. Меңгеру нәтижелері 



 

65. Пәндік нәтижелер: 

1) қимыл-қозғалыстың негізгі базалық әрекеттерін игеру, өз денесін игере 

білу, денені тік, сымбатты ұстау дағдысы қалыптасқан болуы; 

2)  буын,  бұлшық  ет,  сіңірдің  икемділігі  мен  қозғалысын  дамытуға 

арналған жаттығулар жиынтығын игеру; 

3) бидің қарапайым элементтерін игеру; 

4)  әртүрлі  ойын  кейіпкерлерін  мәнерлі  түрде  көрсете  білу,  затпен 

жаттығуларды  орындай  алу,  ойын  кезінде  бейнелі  қимыл  түрлерін  ойдан 

шығара алу; 

5)  емдеу  және  түзетуге  арналған  гимнастиканың  жеке  адамға  арналған 

кешендік жаттығуларын меңгеру; 

6)  өз  қабілеттеріне  қарай  эмоциялық  және  денеге  түсетін  күшті  дұрыс 

бөлуді үйрену керек. 

66. Тұлғалық нәтижелері: 

1)  көрермендер  алдында  өнер  көрсету  кезінде  (концерттер,  мерекелер) 

ерік-жігері мен адамгершілік қасиеттері; 

2) дене және эстетикалық мәдениет туралы түсінігі, өзін-өзі бақылау және 

саралай алу қабілеттері; 

3)  өз  эмоцияларын  бақылай  білу,  құрбыластарымен  өзара  қатынас  жасай 

алу  мәдениетінің  дамуы,  жауапкершілік  пен  бастамашыл  қабілеттерінің 

көрінуі; 

Жыл бойғы сағат 

саны 


34 

29 





10 

 

4)  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілігін,  қазақ  халқының  музыкасы  мен 



рухани мұрасына деген мақтаныш сезімін білдіруі. 

67. Жүйелі-әрекеттік нәтижелері: 

1) пән бойынша білімді жүйелі түрде меңгеру, алған білімін практикалық 

әрекетте қолдана алу; 

2) танымдық, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін жандандыру; 

3) тіл мәдениеті мен дамыған коммуникативті қабілеттерге ие болу. 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал