Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.01.2017
өлшемі295,71 Kb.
#1047
1   2   3

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 

 

Пәндік нәтижелер 

 

30. Лексика бойынша: 



1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын; 

2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды; 

3) мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды; 

4) 170-200 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. 

31. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:  

1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;  

2) сөз таптарының мағыналық байланысын білуі тиіс. 

32. Грамматика бойынша: 

1) іскерлік және қатысымдық-функционалдық тұрғыдағы тілдік бірліктерді 

қолдана алуы тиіс; 

2) стильдің түрлерін білуі тиіс. 

33. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1) тыңдалым: 

нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну; 

радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну; 

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын; 

2) оқылым: 

әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну; 

оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау; 

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу; 

ғылыми-көпшілік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы 

материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс; 



3) айтылым: 

өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу; 

түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіру; 

затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын; 

4) жазылым: 

өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу; 

пунктуация ережелерін сақтау; 

ұсынылған мәтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын 

меңгеруі тиіс; 

5) тілдесім: 

әртүрлі жағдаятта диалогтік, полиглоттік сұхбаттарға қатысу; 

таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу; 

үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы өз қөзқарасын 

білдіру; 

оқыған мәтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс. 

 

5.  11-сынып  оқушысының  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар. 



 

Пәндік нәтижелер 

34. Лексика бойынша: 

1) сөздің тура және ауыспалы мағынасын; 

2) синонимдік қатардан сөз таңдай; 

3)  тұрақты  тіркестер,  мақал  мен  мәтелдер,  афоризмдердің  аражігін 

ажырата; 

4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын; 

5)  өндірістің,  ғылымның,  техниканың,  өнер  мен  мәдениеттің  даму 

нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді; 

6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тәсілдерін; 

7) 170-200 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. 

35. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша: 

1) қосымшалардың түрлерін ажырата;  

2) туынды сөздердің түрлерін жіктей; 

36.  Грамматика бойынша: 

1) іскерлік және қатысымдық-функционалдық тұрғыдағы тілдік бірліктерді 

қолдана алуы тиіс; 

мәтіндерге тілдік талдау жасай алуы тиіс. 

37. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1) тыңдалым: 

аудиотаспадан  тыңдалған  диалогпен  полилогті  түсініп,  онда  айтылған  сөз 

мазмұнын жеткізе білу; 

тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру; 

радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну; 

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтаудағ дыларын меңгеруі тиіс; 

2) оқылым: 

мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну; 


мәтіннен өзіне керекті мәліметті бөліп ала білу; 

оқудың  нақты  мақсатына  сай  әртүрлі  стильдегі  мәтіндерден  негізгі  ойды 

ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс; 

3) айтылым: 

оқыған әңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру; 

өзбетінше газет-журнал материалдарына шолу жасап, негізгі ойды анықтай 

алу; 

интернет  желісінен  қажетті  ақпаратты  тауып,  оны  өз  сөзімен  баяндай  алу 



дағдыларын меңгеруі тиіс; 

4) жазылым: 

жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру; 

ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мәтін құрай алу; 

реферат  жұмысында  дәйек  сөздерді  кіріктіру  және  әдебиеттерді  рәсімдеу 

дағдыларын меңгеруі тиіс; 

5) тілдесім: 

ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу; 

диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу; 

үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру; 

нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу; 

әңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс. 

 

6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

Тұлғалық нәтижелер 

38. 10-11-сынып оқушыларының: 

1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрметкөрсетуінен; 

2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен; 

3)  мемлекеттік  тілді  білуінен,  қазақ  халқының  және  Қазақстан  аумағында 

өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне 

және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 

4)  адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мәдениеттілік  танытуынан, 

этикалық нормаларды сақтай білуінен; 

5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен; 

6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді. 

 

7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер 

39. 10-11-сынып оқушыларының: 

1)  тақырыпқа  қатысты  айтылған  ақпараттарды  талдай,  өңдей,  жинақтай 

және қолдана білуінен; 

2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен; 

3) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-мәтелдерді  таба 

алуынан  және  оларды  қажетіне  қарай  өзінің  сөйлеу  тілінде  орынды 

қолдануынан; 



4) өзарман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан; 

5) мәселеге қатысты өз көзқарастарымен ұсыныстары туралы пікір білдіре 

алуынан; 

6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 

7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен; 

8)  күнделікті  жағдаяттарға  байланысты  өзгелермен  сұхбаттаса  алуынан; 

белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан; 

9)  тосын  сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат  т.б.)  қатысып,  өз  ой-

пікірлерін білдіруінен; 

10)  тілдесім  әрекетінде  қазақ  тілінің  сөз  мәдениеті  нормаларын  сақтап 

қолдануынан; 

11)  тілдік  жағдаяттардың  ерекшелігіне  сай  қазақ  тіліндегі  этикеттік 

орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді. 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет