Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата06.01.2022
өлшемі296,76 Kb.
#11882
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
konceptualnye-osnovy-vospitania-kaz

Үздіксіздік  принципі  –  тұлғаны  тіршілік  әрекетінің  барлық  кезеңінде 

жан-жақты  дамыту,  оның  күші  мен  қабілетін,  кәсіби  және  жалпымәдени 

өсуін  барынша  толық  жүзеге  асыруда  шығармашылық  әлеуеті  мен 

мүмкіндіктерін байыту.  




10 

 

Табиғисәйкестілік  принципі  –  табиғат  дамуының  ортақ  заңдарының 

басымдығы;  табиғи  және  әлеуметтік  процестердің  өзара  байланысы;  тәрбие 

жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру. 



Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен 

қамтамасыз  етіледі:  оқу  қызметі  когнитивті  құрамдасты  қалыптастырады; 

сабақтан  тыс  қызметте  эмоционалды-құндылықты  мінез-құлықтық 

компонент дамиды. 



Этникалық  принцип  –  тәрбиені  ұлттық  сана  қалыптастыруға 

бағытталған ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде 

білім  алуына  және  қарым-қатынас  жасауына,  салт-дәстүрлерді,  әдет-

ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуіне жағдай жасау.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет