Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі > Жаратылыстану факультеті



Дата14.10.2023
өлшемі12,44 Mb.
#114769
Байланысты:
Beige Scrapbook Art and History Museum Presentation [Восстановленный]


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
<<Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті>>
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
Ақтөбе,2023-жыл
Дайындаған:6В01505-Биология;102-топ студенті
Мирамбек Айбану
Жетекшісі:Ғанибаева Ж.А.
Тақырыбы:
Ерте темір дәуірінің хронологиясы мен
археологиялық ескерткіштері
Мазмұны:

1. Ерте темір дәуірінің тарихы
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.
Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металлмен байланысты болды.
Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды
Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді.
Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады.
2. Ерте темір дәуірінің хронологиясы
Бірінші саты
Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады.
Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай "хайуанаттық шытырман" деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның "алдыбел" ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Екінші саты
Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.
Үшінші саты
Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.
3. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері
Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады.
Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады.
Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар) .
Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады
Ерте темір дәуіріне жататын Ақтау бекініс қалашығы Есілдің оң жағынан табылды..
Шығыс Қазақстандағы ерте темір дәуірінің б.з.б. V-IV ғ.ғ. қамтитын кезеңі Берел мәдениеті. Орналасқан жері Қатонқарағай ауданы. Берел қорымынан 40-тан астам оба табылған .
Ерте темір дәуірінің қоныстары Бөркі, Кеңөткел, Қарлыға. Ерте темір дәуірінің Солтүстік қазақстан жеріндегі зерттелген обасы Покровка.. .
Берел қорымынан бұзылмай сақталған 13 жирен ат және жайпақ түпті қыш ыдыстар табылған. Ал Үлкен Берел ескерткішінен аттары өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған табылған болатын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.
2.Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков средней долины реки –Алматы, 1963.
3.Акишев К.А. искусство и мифологии саков. — Алматы, 1984.
4.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, ”Ана тілі”. 1995. –176 бет.
5.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет