Қимыл-қозғалыс әрекеттерге үйрету процесіндегі сана мен эмоцияның рӛлі. Yйрету кезінде эмоцияның, ынтаның, балалардың ӛз іс-әрекетіне деген
саналы қарым-қатысының үлкен мәні бар. Yйреніп жатқан жаттығу немесе
ойынның мазмұнына деген ынта, сондай-ақ әртүрлі, балаларды еліктіретін,
әдістеме эмоциялық ӛрлеу туғызады. Осыған байланысты ықылас қою
артады, тапсырманы орындауға ұмтылыс, қимыл-қозғалыстың сапасын
жақсарту күшейеді. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру
жүйке жүйесінің оларды игеру қарқынына, қимыл-қозғалыс тәжірибесіне ие
болуға, дене қасиеттері мен қимыл-қозғалыс дағдыларының даму деңгейіне
әсерін тигізетін индивидуалдық типологиялық ерекшеліктерін ескеруді талап
етеді. Бұл кӛрсеткіштер әр баланың қимыл-қозғалыс дағдыларын ойдағыдай
меңгеруіне бағытталған үйретудің методикалық тәсілдерін таңдау кезінде
педагогқа балаларға жеке-жеке қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тапсырманы алға қоюдың, іс-әрекет мотивтерінің, психологиялық бағдардың әсері. Қимыл-қозғалыстық дағдылардың ойдағыдай қалыптасуына
баланың әлі келетін, ынта, эмоция тудыратын, саналы түрде ӛз бетімен
қимыл-қозғалыстық әрекет етуге талпындыратын түсінікті міндеттер қою,
қимыл-қозғалыстық іс-әрекеттердің оның мақсаттылығы мен шығармашылық
ізденістеріне әсер ететін мотивтері, психологиялық бағдар (психиканың
тұтастық күйі) әсерін тигізеді. «Aдам алдында пайда болатын мақсат, осы
мақсатты жүзеге асыратын белгілі бір практикалық әрекет жасау қажеттілігі
психиканың барлық механизмдерін тапсырманы ойдағыдай орындап шығуын
күшейтеді. Тәжірибенің бұрынғы қорында оны шешу үшін ең алдымен керек
болатын деректер мен операциялардың стереотиптері естен мейлінше оңай
алып пайдалануға әзірленеді». Қимыл-қозғалыс дағдыларының пайда болуына
қажетті жағдайлар жасау. Балалардың білім мен қимыл-қозғалыс дағдыларын
игеруінің ойдағыдай болуы кӛбіне, үйретудің жүргізілуі жағдайына
байланысты. Yйрету қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындау кезінде ақыл-
ой дене және ерік-жігер күшін талап етеді, сондықтан байсалды жағдай және
балалар психикасының эмоциялық жағымды күйде болуы қажет. Сыртқы
ортаның жағдайы қолайлы болғанда шартты рефлекстердің пайда болуы
табиғи, заңды түрде ӛтеді.
И. П. Павлов жаңа уақытша байланыстардың пайда болуы мидың үлкен
сыңарының қыртысы сыртқы бӛтен қоздырудан бос кезінде, яғни әңгіме
170
болып отырған жағдайда үйрету кезінде баланың кӛңілін еш нәрсе бӛлмесе
(бӛлмеге біреудің күтпеген жерде кіруі, тықылдатуы, бӛлме қабырғасының
арғы жағында біреудің ән салып жатуы, балалардың оларды қызықтыратын
объектіге қарай ыңғайсыз сап түзеуі, тәрбиешінің кей балаға жалпы түсіндіру
барысын бұзып жиі-жиі ескерту жасауы, т. б.) тиімді болатындығын айтады.
Демек, балалардың назары мен қабылдау жинақылығын қамтамасыз ететін
жағдайда ғана үйрету мейлінше тиімді нәтиже береді.