Жылдамдық (шапшаңдық) және оны дамыту әдістемесі
Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті.
Жылдамдық үш түрде пайда болады:
1.Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы.
2.Жалғыз қимыл жылдамдығы.
3.Қимыл жиілігі.
1.Қарапайым жауап дегеніміз алдын-ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен
берілетін дыбысқа жауап (мысалы, старттық тапаншаның атылуына жауап).
Қарапайым кӛру қозғалыс жауабының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10-
0,20 секундта, спортпен жаттықпайтындарда 0,15-0,25 секундтан кӛбірек
уақытта болады. Берілген дыбысқа жауап спортшыларда 0,05-16 секундқа
дейін, жай адамдарда 0,20-0,35 секундтан кӛбірек уақыт мӛлшерінде болады.
Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезеңде кең тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі кенеттен
болған дабылға кӛп рет, әрбір ретте тезірек сезіну реакциясы. Мысалы:
тӛменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс ӛзгеруі, жүріп келе жатып
кілт тоқтау, т.б., ойын әдісі (түрлі қимылдағы ойындар, баскетбол, стол
теннисі т.б.), жарыстық әдіс (кешігіп, жарыстан шығып қалу, т.б.). Екінші
кезеңде "сенсомоторлык" әдістеме қолданылады. Ол жылдам және аз уақыт
аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Iс жүзінде ол мынадай
болып байқалады: спортшы жаттықтырушының уақытқа жауабы туралы
хабарын ала отырып, старттық дабылды ӛте тез сезінуге тырысады. Сонан соң
келесі жаттығу сериясында ол сезіну шапшаңдығын ӛзі бағалайды,
206
жаттықтырушы бұдан соң уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде,
жаттығушыға алдын ала келісілген шапшаңдық сезіну тапсырмасы беріледі.
Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол
сезіну жылдамдығыньң жақсаруына кӛмектеседі.
Күрделі козғалыс жауабының жылдамдығы дегеніміз – белгісіз қозғырғышты
сезіну, кӛру, жауап қайтару уақыты. Күрделі қозғалыс жауабы кӛбінесе, спорт
ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Мұнда қозғалып келе жаткан
объектіні (доп, семсер) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен, бір дұрыс әрекетті
тауып, тез қолдану міндеті тұрады. Мысалы, доп соғылғанда қақпашының
алдында тӛрт міндет тұрады: допты кӛру, бағытын және ұшу жылдамдығын
бағалау, әрекет жоспарын кұру. оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс
уақыты қарапайымға қарағанда, ұзағырақ 0,25-0,80 секундқа созылады.
Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіру үшін берілетін жаттығулар біртіндеп
қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыластың соғу
жылдамдығын арттыру, футболда ойын алаңының кӛлемін кішірейту, жеке
сайыста қашықтықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлық
қондырылғыларды пайдалану, т.б.). Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіруге
ойын және жарыс әдістері қолданылады. Негізгі қолданылатын - қайталау
әдісі. Кенеттен пайда болатын дыбысты сезіну, басында бір (бокстегі оң
қолмен соғатын соққы) сонан соң екі, үш, тӛрт және с.с. серия соққылармен
жауап қайтару.
2.Жалғыз қимыл жылдамдығы. Жалғыз қимыл жылдамдығы (семсерлесудегі
үйрету, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтыру т.б.) спорт
ойындарында, жеке сайыста жергілікті жаттығулар бұлшық ет жұмысы
кезінде пайда болады және қозғалыс реакциясы шапшандығымен қатар
тәрбиеленеді. Жалғыз қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әртүрлі бұлшық
ет топтарына арналған шапшаңдықпен орындалатын жергілікті жаттығулар
(еңкею, сермеу, секіру, түйреу, т.с.с.) қолданылады. Бұл жаттығулар, жалпы
дамытатын жаттығулар кешеніне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бӛлімінде
орындалады.
3. Қимыл
жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда кимыл жиілігі,
жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секундта орында тұрып жүгірудегі
ӛте кӛп қадам саны). Қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін ӛте жоғары
шапшаңдықта орындауға болатын жаттығулар пайдаланылады (мысалы, 10
секунд бойы жүгіру). Бұл жағдайда шапшаңдығыңды дамыту үшін, аз
қашықтықта қатты (шапшаңдық кашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеу
керек) жүгіру кажет. Жылдамдық жаттығулары сабақтың негізгі бӛлімінде,
орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайға түскен кезде беріледі. Қимыл
жиілігін дамыту үшін қайталау, ӛзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері
қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық
мүмкіншіліктерінің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекте
жылдамдық жаттығуларын кӛп рет қайталау "шапшаңдық кедергісін"
тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншіліктерінің ӛсуіне бӛгет
болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін (мысалы, таудан кеңістікке жүгіру, бір
207
нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядты лақтыру, т.б.) жылдамдық
қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдық мүмкіншіліктерінің
дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда 11-12 жас, жасӛспірім ұл балаларда -
12-13
жас. Мектепке дейінгі жастағылардың негізінен қарапайым
жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақыт тез жылжып,
орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әртүрлі жаттығулар беріледі.
Мысалы, эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу
жаттығулары, т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын кӛп
жасатудың маңызы зор. Мәселен, секіру, кӛп ретте жоғары секіру,
үдемелі жаттығулар. қысқа қашықтыққа қатты жүгіру (30-60)
жаттығулары, т.с.с. Жоғары сынып окушыларына мұндай жаттығулар
күрделенеді. Ӛз жылдамдығын, күш жылдамдығын және тӛзімділік
жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны (100-200) кӛбейеді.
Спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Балаларға
жылдамдық жаттығуларын бұлшық ет босаңситын жаттығулармен
араластыра орындату керек (жорғалай жүгіру, аяқты, қолды сілку, т.б.).
Жаттықтырушы ӛзінің практикалық жұмысында мүмкіншілігі қысқа
қашықтыққа жүгіруде ғана емес, жылдамдық күші қасиетінің даму
денгейіне де байланысты екенін ескеруге тиіс. Жылдамдық (шапшаңдық)
дене тәрбиесі теориясында «тікелей және басымдығы жағынан қозғалыстың
шапшаңдық сипатын, сондай-ақ қимыл реакциясының уақытын айқындайтын
адамның функциялық қасиетінің кешені» ретінде қарастырылады. Iс жүзінде
бұл қимыл әрекеттерін ең қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен кӛрінеді.
Шапшаңдық
қимыл
реакциясының,
жекелеген
қозғалыстардың
жылдамдығымен, әлденеше рет қайталанатын қозғалыстардың жиілігімен
анықталады. Реакциялар қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Қарапайым
реакция алдын ала белгілі қозғалысқа, сонымен бірге алдын ала белгілі, бірақ
тосыннан пайда болатын сигналға орай әрекет етуден кӛрініс табады (мысалы,
балалар үшін «Жүгіріп ӛту» ойынындағы «Жүгір!» деген сигнал). Күрделі
реакция – бұл қозғалыстағы объектіге реакция және таңдау реакциясы.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қозғалыстағы зат реакциясын сезудің
қарапайым формасы қолайлы (мысалы, доп ойнау, бір-біріне доп лақтыру,
тордан асырып лақтыру және т. с.) болады. Шапшаңдық балаларды негізгі
қозғалыстарға үйрету процесінде дамиды. Е.Н.Вавилованың деректеріне
қарағанда, шапшаңдық қабілеттін дамыту үшін тез және жай жүгіру
жаттығуын: қысқа аралыққа ең жоғары қарқынмен жүгіруден неғұрлым
байыпты қарқынға кӛшумен алмастыруды пайдалану керек. Әртүрлі қар-
қынмен жаттығуларды орындау балалардың ұсынылған қарқынға сәйкес сан
алуан бұлшық ет күшін жұмсай білуін дамытуға кӛмектеседі. Сабақтарда және
ойнау әрекетінде күрделенген стартты жағдайдағы (отырып, жүрелей отырып,
бір тізерлеп тұрып және т.б.) жүгіру қолданылады. Шапшаңдықтың дамуына
қозғалысы кӛп ойындар да кӛмектеседі. Бұл ойындарда бала сигнал бойынша
жылдамдық тапсырмасын орындай отырып, қимыл-қозғалыс сипатын,
жағдайдың ӛзгеруіне байланысты оның шапшаңдығын ӛз бетімен ӛзгерте
алады (мысалы, жетекшінің қағып алу, қуып жету және т.б. кезіндегі әрекеті).
208
Баланың дұрыс қимыл реакциясы қозғалыстағы заттың («қағып алынатын»)
бағыты мен жылдамдығын, аралық пен оның жақындау уақытын ескере
отырып, тез барлай білуімен анықталады. Бұл жүйке процестерінің
ширақтығын белгілі дәрежеде дамытуды талап етеді және олардың жетілуіне,
сондай-ақ кейбір арақашықтықтың, мерзімдік және кӛз ӛлшемі бағалауына
кӛмектеседі. Мұның бәрі ӛзгеріп отыратын жағдайда баланың дұрыс бағдар
ұстауына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |