Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет1/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org


Дєріс тезистері


1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
А. Ж. Сисенбердиева 


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН 
ӘДІСТЕМЕСІ 

Алматы, 2011 



2
ӘОЖ


КБЖ
С

Пікір жазғандар: 
1. 
2. 
3. 


А. Ж. Сисенбердиева 
С Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқулық. Алматы: 2011. - ** бет

ISBN 

Бұл оқулықта мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен


әдістемесі, оның дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері, мектеп
жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы, міндеттері мен құралдары,
тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың дене
қасиетін тәрбиелеу әдістемесі, қимыл-қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулар, мектепке
дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары, оны жоспарлау мен есепке алу,
дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау, мектепке дейінгі ұйымдардың
отбасы, мектеп пен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы, тестер, дене тәрбиесі терминдерінің
қысқаша сӛздігі, қосымшалар, берілген.
Оқулық мектепке дейінгі дене тәрбиесі мәселелерімен айналысушыларға, студенттерге,
тәрбиешілерге, жалпы бала тәрбиесіне қатысты оқырмандарға арналған.



ӘОЖ 
КБЖ 

ISBN 

© А. Ж. Сисенбердиева, 2011 ж.


© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2011 ж.




3

Алғы сӛз 


Бүгінгі таңдағы ӛзекті мәселелердің бірі - мектепке дейінгі жастағы
балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының
дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық кӛңіл күй жағдайын кӛтеруге
қамқорлық жасау. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі баланың барлық
жағынан дамуына негіз болатын денсаулығын сақтау, нығайту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Мектепке дейінгі
ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу
мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды
жүзеге асырады», - делінген. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының 5.5.1. - бӛлімінің «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың дене тәрбиесін жетілдіру» деп аталуы да мектеп жасына дейінгі
балалар дене тәрбиесіне Үкіметіміздің зор кӛңіл бӛліп отырғандығының айғағы.
Жас ӛспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуді құрсақтағы кезеңнен (мектепке дейінгі ұйымда ерте жастан)
шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі
шақта бала ағзасы шапшаң дамиды. Оның жүйке, сүйек-бұлшық ет жүйелері
белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде денсаулық пен
дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады. Мақсатты дене тәрбиесі
мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық институттардың «Мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқытылатын «Дене тәрбиесі теориясы
мен әдістемесі» пәні негізгі оқу пәні болып табылады.
Аталған мамандық үшін ұсынылып отырған «Дене тәрбиесі теориясы мен
әдістемесі» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
22.06.2006 жылы Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім жӛніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен Бекітілген және
Пайдалануға рұқсат етілген 050101-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқулық 21
тақырыптан тұрады. Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны жоспарға сай
ашылған. Соңынан тарауға сәйкес сұрақтар мен тапсырмалар, білімдерін
бақылауға арналған тестілер ұсынылған. Қосымша ретінде дене тәрбиесі
терминдерінің қысқаша сӛздігі, Қазақстан Республикасы халықының дене
тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары, дене шынықтыру және спорт
туралы заңдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған.



4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет