7
тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан
күмбезін ӛлшеу кӛрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің
күші, тұла бой күші, бастың
кӛлемі т.б. антропометриялық және биометриялық
кӛрсеткіштермен анықталады. «Дене дамуы» терминін кең түсінікте
қолданғанда, оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық,
икемділік,
кӛзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, тӛзімділік) кіреді. Дене
дамуы адам организмі – функцияларының және тұлға кӛлемдерінің бір қалыпта
ӛзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі.
Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2)
бір деңгейде
қалыптасуы; 3) адамның дене мүмкіншілігін тӛмендету сияқты 3 сатысы
болады.
Дене дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке
байланысты мақсатты
орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі.
Дене тәрбиесінің жүйесі, бұл ұғым дене тәрбиесінің әлеуметтік
практикасындағы белгілі тарихи үлгіні белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: