Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет175/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   219
Бала бағушы дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға кӛмектеседі. Ол
бӛлмелердің, спорт залының тазалығы мен ауасының тазаруын қадағалап
отырады. Сәбилерге серуенге, дене шынықтыру сабағына барарда киінулеріне
кӛмектеседі. Сонымен бірге, балаларды мезгілінде тамақтандырып, ұйықтатып,
оларды қоғамдық гигиеналық әдетке қалыптастырады, дене шынықтыру құрал-
саймандарын күтіп ұстайды (доптарды жуу, т.б.). Бала бағушы балаларға ӛз
жұмысымен үлгі кӛрсете білсе, олардың дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс
шешулерінде атқаратын рӛлі зор.
Музыка жетекшісі тәрбиешімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар дене
және музыка тәрбиесі жоспарларын ӛзара үйлестіре отырып, бірыңғай дене
жаттығуларын жасайды, сонымен қатар мерекелік бағдарламаларды,
таңертеңгілік
жаттығу
кешендерін
талқылайды.
Музыка
жетекшісі
таңертеңгілік жаттығуда, дене шынықтыру сабағында оларды музыкамен
сүйемелдеп отырады, қимыл-қозғалыс ойындарын жасағанда керекті әндер,
ырғақтарды таңдауға кеңес береді. Музыка жетекшісіне балалардың дене
тәрбиесі бойынша сабағына теориялық, практикалық дайындығы керек, бұл
оған музыка сабақтарында секіріп билеу, ӛлең айтып, ойнауды дұрыс
қолдануына мүмкіндік береді.
Дәрігерлік бақылау жасау. Дене тәрбиесін дәрігерлік бақылауға алу, біздің
елімізде дәрігерлік кӛмек кӛрсетудің біріккен жүйесінің құрамды бӛлігі.
Дәрігерлік бақылау - дене шынықтыру, спортпен шұғылданатын әртүрлі
жастағы адамдардың денсаулық жағдайын, дамуын тексеретін дәрігерлік
білімнің арнаулы саласы. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін
жүргізу барысында дәрігерлік бақылаудың негізгі міндеті: олардың
денсаулығын, дене, жүйке психикасының дамуын нығайтуға кӛмектесу.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дәрігерлік бақылауға:
1) балалардың денсаулық жағдайын, дамуын олардың организмдерінің
функционалды мүмкіншіліктерін анықтау үшін дәрігерлік тексеруден ӛткізу;



301
2) дене тәрбиесінің жүргізілуін дәрігерлік-педагогикалық бақылауға алу, дене


жаттығуларының мазмұны мен жүргізу әдістемесін және балалардың
организмінің жасына байланысты функциялық мүмкіншіліктерінің үйлесуін
тексеру;
3) дене жаттығулары сабақтарын ертеңгілік гимнастиканы, қимыл-қозғалыс
ойындарын, спорттық жаттығуларды, шынықтыру шараларын ӛткізетін
жерлерге, дене тәрбиесі жабдықтарының, құрал-саймандарының, сондай-ақ
дене тәрбиесімен айналысушылардың гигиеналық жағдайларына санитарлық
бақылау;
4) ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің арасында санитарлық-ағарту
жұмысын жүргізу кіреді.

Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру дәрігердің, медбикенің, педагогтың


бірлескен жұмысы бойынша қарастырылады. Балалар дене тәрбиесі
құралдарының алуандығы оның организмге әсер ететін сауықтыру тиімділігіне
дәрігерлік бақылау жүргізуді талап етеді. Бұл іспен ғылыми орталық және дене
шынықтыру диспансерінің, санитарлық-эпидемиологиялық стансалардың,
балалар гигиенасы бӛлімдерінің әдістемелік жағынан басшылық етуімен
балалар мекемелерінің дәрігерлері айналысады. Мектепалды және мектепке
дейінгі мекемелерде балалар денсаулығының жағдайын бақылау жоспарлы
түрде балаларды қосымша қайталап қарау түрінде шынықтыру процедуралары
басталар алдында жүргізіледі. Бӛбекжай жасында сәби денсаулығындағы кез
келген жағымсыздық дене тәрбиесін жүргізуге карама-қайшылық әкелмек.
Денсаулығы мен денесінің даму жағдайына қарай балалар үш топқа бӛлінуі
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет