Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет194/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

2. Кіріспе
... бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды одан әрі дамыту процесінде,
спорт резервін даярлау мен жоғары жетістіктер спортына бірінші кезекте
мыналар кедергі болып отыр:
1.Саланың материалдық-техникалық базасы нашар. Республикадағы дене
шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасы бүкіл халықтың,
соның
ішінде
біліктілігі
жоғары
спортшылардың
да
талабын
қанағаттандырмайды. Бұл ретте ұйымдарда, оқу орындарында, тұрғылықты
жері бойынша және кӛпшілік демалатын орындарда спорт ғимараттарының,
мүкәммалдар мен жабдықтардың жетіспеушілігі байқалады. Қазіргі бар спорт
және дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттары желісі ел халқының 30%-ның
ғана сұранысын қанағаттандырады. Кӛптеген спорт ғимараттары техникалық
пайдалану жӛніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық
регламенттерге және жарыстарды ӛткізу мен оқу-жаттығу процесінің,
қатысушылар мен кӛрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне сай
емес.



337
Елдегі, әсіресе, ауылдық жердегі спорт және дене шынықтыру-сауықтыру


ғимараттары
желісі
олардың
санының
жеткіліксіздігімен,
нашар
жарақталуымен, сапасының тӛмендігімен және олардың бірқалыпты
орналаспауымен сипатталады. Кӛптеген спорт ғимараттары коммуналдық
немесе жеке меншікте, ал меншік иелері шын мәнінде монополистер бола
тұрып, қазіргі заманғы мүкәммалдар мен жабдықтар сатып алуға және оларды
тиісінше техникалық жағдайда ұстауға мүдделі емес.
Жоғары жетістіктер спорты да спорт ғимараттарына, сапалы
мүкәммалдарға және қазіргі заманғы жабдықтарға деген тапшылықты бастан
кешіп отыр.
Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен ӛңірлік
олимпиада резервін даярлау орталықтарының дербес материалдық-техникалық
базасы жоқ, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар мен
жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорт базасы саналы оқу-жаттығу
процесін ұйымдастыру талаптарына сай емес.
Республикада 1 миллионнан аса мектеп жасына дейінгі және 3,5 млн.
мектеп жасындағы бала бар. Дене тәрбиесі бойынша сабақтар ӛткізу үшін
жалпы білім беретін мектептерде 5092 спорт залы бар (республикадағы
мектептердің жалпы санының 66%-ы) 1156 мектепке дейінгі балалар
мекемелерінің 765-інде немесе 66,3%-да спорт залы, 32 жүзу бассейні бар.
Осылайша, мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің
материалдық базасы одан әрі дамытуды, жаңалауды және оқушылардың дене
тәрбиесі бағдарламасын толық кӛлемде орындауы үшін қажетті спорт
жабдықтарымен жарақтандыруды қажет етеді.
Ел халқының дене тәрбиесі белсенділігінің тӛменгі деңгейі, спорт
ғимараттары санының жеткіліксіздігі, мүкәммалдар мен жабдықтар сапасының
тӛмендігі ӛмір сүру жасының ұзақтығының деңгейіне әсер ететін факторлардың
бірі болып табылады. Елдегі халықтың тұратын ӛңірлеріне байланысты тек қана
4,5-тен 18 %-ына дейін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде
шұғылданады.
Алматы қаласында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын ӛткізуге
байланысты Қазақстан спортшыларының оған қатысуы баса назар аударуды
талап етеді.
Қазіргі уақытта қысқы спорт түрлерінің жай-күйі оларды дамытуға
жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті назар аударылмауымен,
онымен шұғылданатын балалар мен жасӛспірімдер санының аздығымен,
материалдық-техникалық базасының нашарлығымен, сапалы мүкәммалдар мен
жабдықтардың
тапшылығымен
сипатталады.
Спорт
мектептерінде
шұғылданатын балалардың жалпы санының 6%-ының ғана қысқы спорт
түрлерімен айналысуға мүмкіндігі бар.
Республикада қазіргі заман талабына сай келетін шаңғы базалары,
жабдықталған әрі маркаланған жолдар, шаңғы тұғырлары, биатлонға арналған
атыс орындары, жасанды сапалы мұзы бар 400 метрлік мұз айдыны, тау



338
шаңғысы жолдары жоқ. Могулды, фристайлды және басқа қысқы спорт


түрлерін дамыту үшін жағдайлар жоқ, соның салдарынан ел құрама
командаларын дайындау шетелдің спорт базаларында ӛткізіледі, бұл қымбат
және психологиялық тұрғыдан әрдайым ӛзін-ӛзі ақтай бермейтін процесс болып
табылады.
Елдегі жалғыз ғана "Медеу" стадионындағы жүгіру жолы бар жасанды
мұз айдыны құйып-қатыру техникасының болмауынан бүгінгі күн талабына сай
келмейді және конькишілер дайындығының сапалы оқу-жаттығу процесін
қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ.
Спортшыларды сапалы мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету
мәселесі де ӛткір қойылып отыр.
2.Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрлардың жетіспеушілігі
мен біліктілігінің тӛмендігі, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
жүйесінің болмауы.
Қазіргі заманғы спорт сан алуан жаңалықтарға толы әрі спортшылармен
жұмыс жүргізуде жаңа әдістерді меңгерген мамандар даярлауға баса назар
аударуды талап етеді.
Қазақстан спорты қазіргі уақытта білікті мамандарға аса зәру болып отыр.
Балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептеріндегі жаттықтырушы-оқытушылар
құрамының 30%-ның арнаулы білімі жоқ, ӛңірлердің және елдің құрама
командаларымен жұмыс істейтін білікті мамандар, спорт ғимараттарына
техникалық қызмет кӛрсететін мамандар жетіспейді. Республиканың жетекші
жаттықтырушылары зейнеткерлік жасында немесе зейнеткер жасына
жақындаған, келешегі бар жас жаттықтырушылар жалақының аздығына
байланысты бұл жұмысқа баруға құлықсыз.
Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдерімен жете
жасақталмау 10,9%-ды құрайды.
Оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерінің болмауынан республикада
жаттықтырушы-оқытушы кадрларды қайта даярлау жүйесі жолға қойылмаған,
ал маманданған жоғары оқу орындарының соңғы жылдардағы түлектері оқу-
жаттығу
процесін
ӛткізудің
практикалық
дағдыларын
меңгермеген,
спортшыларды
даярлаудың
қазіргі
заманғы
әдістемелерін білмейді.
Республикада спорт ғимараттарына қызмет ететін кадрларды даярлайтын оқу
орны немесе факультет жоқ.
3.Ғылыми және медициналық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі. Қазіргі
заманғы спорттың деңгейі спорттағы нәтижелерді арттыруда ғылыми және
инженерлік ізденістерге негізделген жаңа кӛзқарастар маңызды рӛл атқаратын
даму сатысына кӛтерілді. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар
үшін арнайы жағдай жасау саласындағы жаңа жетістіктер, арнайы киім-кешек
тігу және оларды пайдалану әлемнің ең мықты спортшыларының нәтижелерін
күрт жақсартуға алып келді.
Қазақстанда
жаттықтырушы-оқытушылар
құрамының
жаңа
әдістемелермен танысатын және озық тәжірибені практикаға енгізетін



339
мүмкіндігі жоқ, ӛйткені республиканың бұқаралық дене шынықтыру мен


жоғары жетістіктер спортының проблемалары жӛнінде жеке ғылыми зерттеулер
жоқ.
Әлемнің алдыңғы қатарлы спортшыларының жаттығу процесінде сапалы
оқу-жаттығу жұмысы, медициналық және медицина-биологиялық жағынан
қамту мәселелері ғана емес, сонымен қатар олардың дұрыс тамақтануы,
демалуы, қалпына келуі және психологиялық даярлығы да кешенді шешімін
тапқан.
Қазақстанда спорт психологтары жоқ, спортта медицина-биологиялық
қызмет нашар дамыған, тұрғындардың түрлі жастағы топтарымен және спорт
түрлері бойынша балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептері оқушыларымен
дене шынықтыру-сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын жүргізудің
әдістемесі жеткілікті әзірленбейді. Салқын тиюге және түрлі созылмалы
ауруларға шалдыққыш балалар мен жасӛспірімдердің саны кӛбеюде. Балалар
мен жасӛспірімдердің дене қимылы белсенділігінің жеткіліксіздігі дене
бітімінің дамуына кері әсер етуде, сымбатының бұзылуы мен үйлесімсіздігіне
әкелуде, оқушылардың 54,1%-ның денсаулығында түрлі ауытқушылықтар
байқалған, оларды медициналық бақылауға алу нашар.
Елдің алты ӛңірінде дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері
ашылмаған.
4.Орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан халық
арасындағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мәселелеріне жеткілікті
назар аударылмайды. Соның салдарынан:
жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесінен үшінші сабақ, жоғары
оқу орындарында бүкіл оқу кезеңінде тӛрт сағаттық сабақ жеткілікті түрде
тиімді енгізілмей отыр;
жалпы білім беретін мектептерде денсаулығы нашар балалардың 40%-ы
ғана дене тәрбиесімен жүйелі шұғылданумен қамтылған;
білім мекемелерінде сабақтан тыс уақытта бұқаралық-спорттық және дене
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырылуы жеткілікті түрде
тиімді енгізілмеген, дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасӛспірімдер
клубы желісі қанат жая алмай отыр.
5.Балалар мен жасӛспірімдер спортын дамытуға жеткілікті мән берілмей
келеді.
Балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта
республикадағы мектеп жасындағы балалардың 6%-ның ғана шұғылдану
мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал жұмыс істеп тұрған спорттағы дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаттар мен олимпиада резервін даярлау
орталықтары жоғары білікті жаттықтырушы-оқытушыларға аса зәру.
Материалдық-техникалық базаның нашарлығы, сапалы спорт мүкәммалы
мен жабдықтың, дербес ғылыми базаның, сала қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру жүйесінің болмауы спорт резервін және халықаралық дәрежедегі



340
спортшыларды тәрбиелеуді жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік


бермейді.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары
кәсіби қолданбалы, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру іс-
шараларын қамтитын, қызметкерлердің еңбек күні режимінде, жұмыстан соң
қалпына келу режимінде дене шынықтырумен айналысу құқығын іске
асыруына, сондай-ақ бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыруға жағдай
жасамайды. Ұжымдық шарттарда спорт жабдықтары мен мүкәммалдар сатып
алуға
қаражат
бӛлу,
дене
шынықтыру-спорт
жұмыстарын
ұйымдастырушылардың штат бірліктерін енгізу қаралмаған.
Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған,
жасӛспірімдер клубтарының желісі жеткілікті қанат жаймаған, тұрғылықты
жерлерде және кӛпшілік демалатын орындарда қарапайым спорт алаңдары мен
ғимараттар мүлдем жоқ.
Ең алдымен, материалдық-техникалық базаның жоқтығынан және дене
шынықтыру мамандарының жеткіліксіздігінен ауыл спортын дамыту
проблемасы ӛте ӛткір қойылып отыр.
Ауылдық жердегі қазіргі бар 4069 спорт залының 3639-ы жалпы білім
беретін мектептерде және негізінен оқу сабақтарын ӛткізу үшін пайдаланылады,
спорт ғимараттарының 10,5%-ы ғана ауыл халқының спортпен шұғылдануына
қолжетімді. Елдің алты облысындағы ауылдарда бірде-бір жүзу бассейні, ал
республиканың 13 ауданында балалар мен жасӛспірімдер спорт мектебі жоқ,
сол себепті ауылдағы спортпен шұғылданушы балалар мен жасӛспірімдердің
саны жалпы республикалық кӛрсеткіштен екі есе тӛмен. Бүкіл еліміз бойынша
ауылдарда бар-жоғы 26 дене шынықтыру және спорт әдіскері жұмыс істейді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі дене шынықтыру мен спорттың
дамуына жасалған талдау жұмыстың неғұрлым кең тараған нысаны дене
шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу
болып табылатынын кӛрсетеді.
Сонымен, Беларусьта халықтың салауатты ӛмір салтын қалыптастыру
және дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2002-2006 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, іске асырылуда. Украинада 2005
жылы "Дене тәрбиесі - ұлттың денсаулығы" атты бағдарламаның мерзімі
аяқталып, Украинада дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасының
тұжырымдамасы
қабылданды. Ресейде "Ресей Федерациясында дене шынықтыру мен спортты
2006-2015 жылдарда дамытудың" федералдық мақсатты бағдарламасын іске
асыру жӛнінде жұмыс жүргізілуде.
Бұл елдерде кейіннен мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануы бұдан
бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардың дене шынықтыру мен спортты
дамытуда едәуір рӛл атқарғанына қарамастан, орын алған барлық кӛкейтесті
мәселелерді шеше алмауымен байланысты болып отыр. ТМД елдерінде дене
шынықтыру мен спортты дамыту жӛнінде жаңадан қабылданатын мемлекеттік



341
бағдарламалардың негізгі міндеттері: халықтың денсаулығын бекемдеу,


бұқаралық дене шынықтыруды дамыту, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының
материалдық-техникалық, кадр және қаржы әлеуетін нығайту, балалар мен
жасӛспірімдер спортын, жоғары жетістіктер спортын дамыту, спорттың барлық
түрлерінің дамуын қамтамасыз ету дене шынықтыру мен спорттың дамуын
реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет