365
85.Тікелей немесе бұрыштан желдету балалар болмаған кезде
жүргізіледі. Желдетудің ұзақтығы сыртқы ауаның температурасына, желдің
бағытына, жылу жүйесі жұмысының тиімділігіне байланысты және балалардың
топтардың бӛлмелеріне қайтып келуіне отыз минут қалғанда аяқталады.
Дәретханалар арқылы желдетуге тыйым салынады. Бір жақты желдетуді
балалар бар кезінде жүргізуге жол беріледі. Жылдың жылы мезгілінде үй-жайда
ауа алмастыруды тоқтаусыз жүргізу ұсынылады, салқын мезгілде ересек
балалар үшін үй-жайдағы ауаның температурасын қосу 18°С дейін және кіші
мектепке дейінгі балалар үшін қосу 19°С дейін тӛмендетіп желдетуге жол
беріледі.
86.Жылдың салқын мезгілінде фрамугаларды, желдеткіштерді балалар
ұйықтағанға дейін жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтаған кезде бір
жақтан ашып, оянар алдында отыз минут бұрын жабу керек. Жылдың жылы
мезгілінде ұйықтау үй-жай ауасының температурасын ескере отырып терезелер,
фрамугалар ашық кезінде жүргізіледі.
87.Ауаның температурасын бақылау балалар бойының ұзындығына
байланысты ішкі қабырғада 0,8-1,2 м биіктікке ілінген тұрмыстық термометрдің
кӛмегімен жүзеге асырылады.
88.Балаларды таза ауада серуендету оқыту және тәрбиелеу
бағдарламасына сәйкес күніне кемінде екі рет жүргізіледі. Ауаның
температурасы -15°С-тен тӛмен және желдің жылдамдығы 7 м/с артық болғанда
серуендеудің ұзақтығы қысқартылады. 4 жасқа дейінгі балалар үшін серуендеу
ауаның температурасы -15°С-тен тӛмен және желдің жылдамдығы 15 м/с
болғанда, ал 5-7 жастағы балалар үшін ауаның температурасы -20°С-тен тӛмен
және желдің жылдамдығы 15 м/с артық болғанда жүргізілмейді. Барынша
сауықтыру әсерін қамтамасыз ету үшін:
1)бағдарламада кӛзделген балалардың таза ауада болу мерзімін
қысқартуға жол бермеу керек;
2)балалар киімдерінің ыңғайлы жағдайында серуендеу уақытында
балалардың қимылдау белсенділігін барынша қамтамасыз ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: