Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Бір жасқа дейінгі балалардың дамуының жас шамасының анатомиялық-



бет66/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Бір жасқа дейінгі балалардың дамуының жас шамасының анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес дене жаттығулары кешенін 
құрастырғанда 5 кезеңді басшылыққа алады. I-1,5 айлықтан 3 айлығына
дейін; II-3 айлықтан 4 айлығына дейін; III-4 айлықтан 6 айлығына дейін; IV-6
айлықтан 9 айлығына дейін; V-9 айлықтан 12 айлығына дейін.
1,5 айлықтан 3 айлығына дейінгі кезең қол-аяқтар бүгілуінің анық
физиологиялық гипертониясымен сипатталады. Осыған байланысты бұл
жақтағы балаларда бәсең қимылдар болмайды. Массаж жасау - сипау кең
қолданылады, ол бүгілдіргіштердің босаңсуына кӛмектеседі. Белсенді
қимылдар туа біткен рефлекстердің болатындығына - тері-бұлшық еттік
жағдайларда негізделеді. Кешендерге рефлекторлық жаттығулар деп аталатын
жаттығулар ендіріледі. Олар бұлшық еттердің белсене шымырқануын, анық
байқалатын қозғалыстық жауап реакциясын туғызады және бұлшық еттерге
күш түсуді қатаң мӛлшерлеп, отыруға мүмкіндік береді. Мысалы: омыртқаның
рефлекторлық жазылуын (арқа рефлексін) баланы қырынан жатқызып,
құйрықтан жоғары иыққа қарай екі саусақпен сипау арқылы жүргізеді, бұл
омыртқаның белсене, жазылуын тудырады арқа, мойын еттерін нығайтады.
Балада белгілі бір шартсыз рефлекстің жоқ болуы немесе сылбыр кӛрініс беруі
кезінде, рефлекторлық қозғалыстың пайда болмауы мүмкін шақта тиісті



106
қозғалыстарды қолдануды уақытша тоқтата тұрып, аяқ, қолды, қарын, арқаны


сипаумен шектелу керек, бұл тыныс алуды, қан айналымын, тіндік
алмасуларды жандандырады.
1,5 айлық шақтан 3 айлыққа дейінгі балаларға арналған дене жаттығулары
мен массаждың үлгі кешені:
Қол массажы - сипау.
Қарын массажы - сипау.
Аяқ массажы - сипау.
Қырынан жатқызып омыртқаны рефлекторлық жазу (арқа рефлексі).
Етпетінен жатқызу ( рефлекторлық жаттығу).
Арқа массажы (2 айлық шақтан) - сипау.
Омыртқаны және аяқты жазу (баланы кеудесінің астынан ұстап кӛтеріп тұрып
аяғын түзете созу) - қалыптық рефлекс.
Табан массажы - сипау.
Аяқтың башпай саусақтарын бүгіп-жазу - табандық рефлекс.
«Билету»-аяқ рефлексі (2,5-3 айлық шақтан). Айналысу ұзақтығы - 5-6 мин.
3-4 айлық шақ қол бұлшық еттерін бүгілдіргіштердің физиологиялық
гипертониясының жоғалуымен, кейбір ықтиярлы қозғалыстардың-дене қалпын
ӛзгерту (шалқалап жатудан жамбастап жатуға, содан соң етпеттеп жатуға
аударылу) кӛрініс беруімен сипатталады. 3 айлық шаққа таман қолтығынан
ұстап сүйеген кезде аяғын жақсы басып тұру байқалады, бала етпетінен жатып
басын жақсы ұстай алады және иық тірейді. Бұл мойын етінің, арқа бұлшық
еттерінің нығаюымен сабақтас болып келеді. Дене жаттығулары кешеніне
сипау массажынан басқа сылау және аяқ-қолдарды керіп-созу енеді.
Қолдардың бұлшық еттер бүгілдіргіштері мен жазылдырғыштары тонусының
теңесуі орнығумен байланысты қолға арналған бәсеңдеу жаттығулар
ендіріледі (қолды тӛс үстінде айқастыру және құлашын жазу). Бәсең
жаттығуларды жасау кезінде жүйке орталықтары мен бұлшық еттердің тиісті
топтары арасында рефлекторлық байланыс пайда болады. Жаттығуларды
қайталағанда шартты рефлекторлық байланыстар нығаяды және белсенді
қимылдардың жетілуі үшін негіз болып табылады. Бәсең жаттығуларды
қолдану қозғалысты дәл де дұрыс етіп шығаруға, қажетті күш салуға, бұлшық
ет әрекеті үстінде тиісті физиологиялық әсер алуға кӛмектеседі. Бұл жаста
шартсыз рефлекстер (тері-бұлшық еттік және дене қалпы рефлекстері) әлі де
анық байқалады, жаттығулар кешеніне рефлекторлық сипаттағы тиісті
жаттығулар ендіріледі. Баланың белсене қатысуымен орындалатын
қозғалыстың осы түрінің үлкен физиологиялық құны бар екенін атап ӛту керек,
ӛйткені ол қимыл-қозғалыстық функцияны, сондай-ақ баланың барлық
мүшелері мен жүйелері функцияларын жандандырады. Мысалы, омыртқаны
және аяқты жазу (қалыптық рефлекс). Баланы бір қолымен тӛсінің астыңғы
жағынан ұстап, екінші қолмен созған аяғынан ұстап жоғары кӛтеру, баланы
үстел үстінен жоғары кӛтеру, мұндайда ол рефлекторлық түрде жотасын
жазады және басын кӛтереді. Осы белсенді қозғалыс арқа, мойын бұлшық
еттерін нығайтады. Рефлекторлық сипаттағы жаттығуларды шартсыз
рефлекстер анық байқалып тұрғанға дейін пайдалана беру қажет. Шартты



107
қимыл-қозғалыстық реакцияларды дер кезінде және мейлінше, жетілдіруді


дамыту мақсатымен, сондай-ақ тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және басқа
жүйелердің функциясын күшейту үшін кешенге тиісті белсенді-бәсең
жаттығулар ендіріледі. Мысалы, шалқасынан жатқан жерінен қарнына аунату,
аяқ бастыру т. б. Бұл қозғалыстар ересектер кӛмегімен болса да баланың
белсене қатысуымен орындалады. Бұл кешен біріншісінің табиғи жалғасы
болып табылады. Оның ұзақтығы-5- 6 минут.
4 айдан 6 айлыққа дейінгі шақ аяқ бұлшық еттерінің бүгілдіргіштері мен
жазылдырғыштары аралығында теңдік орнатумен, мойынның алдыңғы
жағындағы бұлшық еттерді нығайтумен сипатталады. Бала бұл шағында
шалқасынан жатып кеудесін кӛтеруге, яғни отыруға талпынады. 4 айлық
шағында бала екі қолынан ұстап демесе, ал 5 айлығында бір қолынан демесе
отыра алады. Қолтығынан ұстап демеген кезде аяғын тік басып тұрады, екі
қолынан ұстап демегенде тұра бастайды. Тік тұрғанда қимылдап-қозғалу
кӛрініс береді. Бес айлығына таман қолтығынан демеген кезде бала аяқ басуға
талпынады, ал 6 айлыққа таман аяғын жап-жақсы баса алады. 6 айға таянғанда
етпетінен жатқан жерінен шалқасынан аунап түседі, қолын тіреп ойыншыққа
қарай еңбектеуге талпынады. Жаттығулар кешеніне аяққа арналған бәсең
жаттығулар ендіріледі, белсенді рефлекторлық жаттығулар қолданылады
(қалыптық рефлекстер негізінде): қолды кӛтеріп ұстап тұрып кеудені бүгіп,
жазу. Ересектер кӛмегімен атқарылатын белсенді жаттығулар ендіріледі:
қолынан ұстап отырғызу, қолтығынан, қолынан демеп тәй-тәйлау.
Жаттығуларды санап тұрып орындау кең пайдаланылады (дыбыс сигналына
қимылдық-шартты рефлекстер тәрбиесі), осы арқылы баланың ырғақ-
қозғалысы қамтамасыз етіледі. Кешенге аяққа және қолға, арқаға, қарынға,
кеудеге, табанға арналған массаж ендіріледі. Сипау, сылау, уқалау тәсілдері
пайдаланылады. Дененің жекелеген мүшелеріне масаж жасаудың әр түрі
әрқашанда сипап-сылаумен басталып, сонымен аяқталады. Жаңа дене
жаттығулары және массаж жасау тәсілдері кешенге бірте-бірте, баланың
жетілуіне және оның алда ӛткен жаттығуларды игеруіне қарай ендіріледі.
Кешеннің ұзақтығы – 6-8 минут. 6-9 айлық шақта балаларда ықтиярлы
қозғалысқа деген қабілеттілік шапшаң артады, қимыл-қозғалыстар барған
сайын сараланып, үйлесімді бола түседі. Мәселен, 1 айлығында бала етпетінен
жатқан жерінен ӛз бетімен шалқасынан аунап түседі, 7 айлығында тӛрт
тағандап тұрады және еңбектей бастайды, 8 айлығында ӛздігінен отырады,
қоршауға жармасып орнынан тұрады т. б. Сонымен бірге тиісті тері-бұлшық
еттік рефлекстердің және қалыптық рефлекстердің кӛмегімен болатын қимыл-
қозғалыстар оларда кӛмескі кӛрініс береді немесе тіпті кӛрініс бермейді.
Статикалық функциялар дамиды: сүйенбей отыру және сүйеніп тұру. Осыған
байланысты кешендерге арқа және аяқ бұлшық еттерін нығайтатын жаттығулар
қосылады, еңбектеуге жаттықтыру ендіріледі. Бала неғұрлым ерте еңбектесе
және кӛп еңбектесе, кеуде, аяқ, иық бұлшық еттері соғұрлым жақсы нығаяды,
бұл отыру, тұру, жүру дағдыларын жетілдіру үшін маңызды. Алты айлығынан
бастап балада заттарды қолында ұзақ уақыт ұстау қабілеті кӛрініс береді, бұл
қол басы және саусақтардың майда бұлшық еттерінің жақсы жиырылғыштық



108
қабілетімен сабақтас келеді. Бұл шығыршықтармен жаттығуға мүмкіндік


береді. Екінші жарты жылдықта сӛзді түсіну дамиды, осыған байланысты
сӛздік нұсқаулар енгізіледі, ол кӛру (ойыншықты) және қозғалыс (мысалы, аяқ
кӛтеруге кӛмектесу) сигналдарымен толықтырылады. Бұл жаста қол массажы
жасалмайды, аяқ массажы аяқтың бұлшық етін нығайту қажет жағдайда
қалдырылады, арқа, кеуде, қарын массажы міндетті түрде болады. Массаждың
барлық түрлері: сипау, сылау, уқалау пайдаланылады.
6 айдан 9 айлыққа дейінгі балаларға арналған дене жаттығуларының үлгі
кешені:
Шығыршық ұстап, қолды айналдыра қозғау (белсенді бәсең жаттығу).
Карын массажы - сипау, сылау, уқалау.
Аяқты тікейте кӛтеру (бәсең жаттығу).
Табан массажы - сипау, сылау, уқалау.
Арқадан қарынға аудара аунату (белсенді жаттығу).
Иықты артқа қайқайту (белсенді-бәсең жаттығу).
Кеуде массажы - сипау, сылау.
Шығыршықпен бірге қолды кезектестіре бүгу және жазу (белсенді-бәсең
жаттығу).
Қарын массажы - сипау, сылау, уқалау.
Отырғызу (белсенді-бәсең жаттығу).
Баланы қолынан ұстап тұрғызу (белсенді жаттыгу).
Еңбектеу (белсенді-бәсең жаттығу).
Тәй-тәйлау(белсенді жаттығу).
9 айдан 12 айлыққа дейінгі шақта бір қолынан демегенде тұрады, жатқан
жерінен бас кӛтеріп отырады, отырған күйінен қисайып жатуға ауысады. Бала
қозғалатын заттың артынан (қоларба т. б.) жылжып қадымдайды, қаз-қаз
тұрады, бір қолынан демегенде жүреді, ӛз бетімен алғашқы адым жасауға
талпынады. 12-13 айлығында ӛз бетімен жүре бастайды, сүйенішсіз тұрады,
тізе бүгеді, тұрады, заттарды кӛтере бастайды. 9-12 айлық шақтағы балаларда
оларды ӛз бетімен тұруға және жүруге әзірлейтін белсенді, үйлесімді
қозғалыстардың едәуір жетілгендігі байқалады. Осыған байланысты кейбір
тұрып орындайтын дене жаттығулары беріледі. Бала кейбір дене жаттығуларын
ересек адамның сӛзі бойынша орындай алады. Баланың белсенділігін және
оның ынтасын едәуір кӛтеру үшін қарапайым құралдарды – шығырларды,
таяқшаларды пайдалану керек. Бұл шақта массаждың негізгі түрлері
жасалмайды, бірақ қарын және арқа массажын қалдырған жӛн. Дене
жаттығуларымен айналысу балаларда заттар, әрекеттер және осы заттар мен
әрекеттер арасындағы байланысты дамытуға кӛмектеседі, сондықтан сӛзбен
нұсқау беруді кең пайдалануға болады. Бұл шақтағы балалар үшін ересектердің
аздаған кӛмегімен немесе ӛз беттерімен айналысатын белсенді жаттығулардың,
яғни қозғалыстардың санын арттыра ендіріп отыру керек: қолды айналдыра
қозғау, аяқты тік ұстап кӛтеру, шығырды ұстап тізе бүгіп отыру, қарынымен
немесе тӛрттағандап еңбектеу т.б. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде
тәрбиешінің баламен сӛйлесуі, онда күлкі, уіл тудыруға талпынуы керек.



109
Балалардың белсенді қозғалыстарын кӛтермелеу үшін әртүрлі жарқын түсті,


дыбыс шығаратын ойыншықтарды кӛрсетуі, тиісінше сӛзге ынталандыруды
қолдануы керек. Тәрбиеші дене жаттығуларымен айналысудың бүкіл
барысында баланың белсенді қалыпта болуына ұмтылады. Шаршаудың
алғашқы белгілері кезінде-ақ (сылбырлық, саусақ сора бастау т. б.) баланың
тұру қалпын ӛзгерту немесе тыныс алу жаттығуларын, сипап-сылау массажын
жасау қажет. Егер бала мазасызданатын, жылайтын болса, айналысуды
тоқтатып, оның тынышталуын күту керек. Дене жаттығуларымен айналысқан
уақытта, жазда, баланың үстінен барлық киімін шешіп тастайды, ал жылдың
суық кездерінде оның кей киімдерін (кофтасын немесе ползункиін) шешеді.
Дене жаттығуларымен және массажбен айналысу тәрбиешінің балаларды түгел
кӛріп түруы, ал манеждегі балалар оның даусын естуі және сондай-ақ оның
қимылдарын байқап отыруы үшін топқа арналған бӛлме ішінде ӛткізіледі. Бұл
бӛлмені алдын ала жақсылап желдету керек. Yй ішінің температурасы 22
с
-тан
тӛмен болмауы тиіс. Жазда, температураның жылылығы 22
0
-тан астам және
жел жоқ кездерде сабақты ашық ауада, кӛлеңкеде ӛткізу ұсынылады. Сабақты
белгілі бір сағатта, дұрысы, баланың белсенді де кӛңілді шағында, түске дейін,
бірақ, тамақтанған соң кем дегенде жарты сағаттан кейін ӛткізген жӛн. Массаж
бен жеке сабақтар үстіне жұқалап мақта тӛселіп клеенкамен қапталған арнаулы
үстел үстінде (биіктігі 72-75 см, ені 70-80 см, ұзындығы 120 см) ӛткізеді. Сабақ
кезінде үстел үстін әр бала үшін жеке ақ жамылғы немесе жаялықпен жабады.
Мұндай үстел орнына қажетті жағдайда ағаш немесе фанер қалқанды
(ӛлшемдері 60-70х85-100 см) қолдануға болады. Қалқанды баланы жаялыққа
орайтын үстел үстіне немесе екі қабырғасы жоғары кӛтеріліп, жақсы бекітілген
бала тӛсегінің үстіне кӛлденең қояды да үстін жұмсақ кӛрпемен жабады, оның
үстіне шағын клеенка тӛсейді. Әр баламен айналысар алдында қолын жылы
сумен мұқият сабындап жуып алуы керек. Баланы суық қолмен ұстау жағымсыз
түйсік, жағымсыз әсер тудырады. Тәрбиешінің тырнақтары тұқылданып
алынуы тиіс, айналысқан кезде ол сақина, сағат, т.б.-ды алып тастауы қажет,
киімінде ілгекті заттар т.б. түйреуіш, ине болмауы керек. Массаж жасаған кезде
бала терісіндегі тері кӛздерін бітеп тастамау үшін тальк (ұнтақ), вазелин
қолданбау керек. Бұл кезеңдегі балалардың үйдегі ваннада немесе хауызда
(бассейнде) жүзуі секілді денені дамыту құралдары бүгінгі күні ӛте кең тарап
отыр. Жүзуге үйретуді бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 аптадан 3 айға дейінгі
аралықта, жүзу рефлексі жойылмай тұрғанда бастаған дұрыс (ӛйткені бала
ананың құрсағында үнемі қимылдаумен болады-ол жүзіп, қалықтап жүрді). Ал
егер бұл жаттығуды екі жыл бойы жалғастырса, бұл дағды ӛмір бойы
сакталатындығына сенуге болады. Сауықтыру жүзуімен шұғылданатын балалар
жылдам дамиды, аз ауырады, ерте жүріп кетеді. Жаттығу кезіндегі су
температурасы 36,5 градустан тӛмен болмауы тиіс, ал су ішінде болатын уақыт
10-15 минуттен аспасын. Егер сырқаттануына байланысты жаттығуда үзіліс
болса, онда үзілістен кейінгі жаттығуды бастапқы температурадан бастаған
дұрыс. Емшектегі балаларды жүзуге үйретуді аптасына 3-4 рет, онда да ұйқыға
дейінгі екі тамақтанудың алдында жүргізген жақсы. Дененің ӛзге мүшелеріне
қарағанда, жаңа туған баланың басы ӛте ауыр болатындықтан, оны міндетті



110
түрде демеп, ұстау қажет. Алғашқы жаттығу уақытында баланы аяғынан


бастап, арқасымен суға баяу батыру керек. Бұдан кейін ол астаудың шетінен
аяғымен рефлекторлы түрде итерілетіндей етіп, суда оны жан-жақка қарай
қозғай бастау қажет. Кеудесімен жүзгенде оның иегінен демеп ұстап, су жұтып
коймауын қадағалау керек. Нәресте есу қимылдарын жасай бастаса, оны бір
қолмен демеуге де болады, ал кейін қолмен ұстап, демемесе де болады.
Баланың басы судың бетінде болуы үшін телпекке пенопластан істелген
қалытқыны бекіту қажет. Айға толғаннан кейін, егер бәрі жақсы болып келе
жатса, тыныс алуды кідіртуге баланы үйретуге болады. Баланың басын демеп,
ұстап, оны 4-10 секунд суға батыру керек (ауыз бен мұрын суға батқанда).
Жүзуге үйрету басталғаннан кейін бір ай ӛткесін, ваннада баланың болатын
уақытын ӛсіруге болады және ол 5 минуттан кӛп болмасын. Кейін келесі айда
тағы 5 минутқа және осылай жалғастыра берген жӛн. Жасқа толған бала
ваннада сағаттан астам бола алады. Су температурасын 36,5 градусқа дейін
біртіндеп және ұқыпты түрде тӛмендету қажет. Бірақ басты шарт - бала
жүзуден қанағаттанғандық сезім алуы тиіс, бала тарапынан жағымсыз сезім-
әсер байқалса жаттығуды ӛткізуге болмайды. Бір жасқа дейін жүзумен белсенді
айналысқан нәрестелердің, жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі бір жылда салмағы
ӛсетіндігі байқалады, ақырында келесі жылда (2 жасында) қозғалыс
белсенділігінің ӛзге бір түрін таңдау қажет болады. Ӛмірге келгесін 1 айдың
аяғында сылап-сипауды, ал 2-айдан бастап гимнастиканы жасаған пайдалы. 1,5
айдан 3 айға дейінгі балаларға ішпен жату, табан үшін жаттығулар, бүйірмен
жатқанда омыртқаларды бүгу, жазу секілді шартсыз рефлекстерге негізделген
жаттығуларды ұсынуға болады.
3 айдан 4 айға дейінгі балалар үшін тӛмендегідей жаттығулар
ұсынылады: қолдарды жанға созып оларды кеуде тұсында айқастыру, колдан
демеп ұстап арқасынан етпетіне қарай аударып жатқызу, ішпен жатқанда басты
артқа қарай шалқайту, аяқтар үшін жаттығулар.
4-6 айлық балалар үшін еңбектеуге ұмтылдыратын және затты алуға
икемділікті дамытатын жаттығулар - шалқалап жатқан қалыптағы "сырғанау
адымдары", аяқтан демеп ұстап арқада жатқан қалыптан ішіне аудару,
шалқалап жатқан қалыпта қалықтау, аяқтар бірге ұсталғанда алма-кезек бүгіп,
жазу, шалқалап жатқан қалыптан дененің жоғарғы бӛлігін кӛтеру.
6 айдан 10 ай аралығында нәрестелерге: кеуде мен аяқ еттері үшін дұрыс
отыруға, тұруға, жүруге дайындайтын жаттығулар, жанға созылған екі қолдан
ұстап отырғызу, еңбектеу және т.б.
10 айдан 1 жас 2 ай аралығындағы нәрестелер үшін - кеудені еңкейту
және аяқтарды тіке ұстап, кеудені жазу, жазылған аяқтарды кӛтеріп ұсталған
таяқшаға дейін кӛтеру, аяқтарды бірге ұстауға тырысып, дербес ӛзінің отыруы,
алға еңкею, артқа шалқаю.
Осы жастағы балалардың дене тәрбиесі 3 бағытта болады:
 баланың қозғалғыштығын арттыру (еңбектеуде, жүруде, жүгіруде);
 есту аппараттарының кызметін дамыту;
 қолдардың ептілік дағдыларын қалыптастыру.



111
Баланың қозғалғыштығының ерте дамуы, оның денесінің ақыл-ойының,


әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Дүниеге келген сәтге балалар қозғалуға
жаттықты - 7 айлығының ӛзінде бірден жарыққа жылжып шығуға толық дайын
болады. Бала қаншалықты жылдам және ойдағыдай жылжып, еңбектеуге
үйренуі біздің оған қандай мүмкіндік туғызуымызға байланысты (Г.Домен,
1995).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет