Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет99/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін
және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, ӛзі меңгерткен білімді,
үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Репродуктивтік әдіс
мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сӛздік,
кӛрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал
оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің кӛлемі
кӛп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге
қолданылады. Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз
байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар ӛз



160
бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды


репродуктивтік әдіспен беру керек.

Эвристикалық әдіс арқылы сабақ ӛткізетін мұғалім алдын ала мәселені
шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар
әзірлейді. Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік
сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын кӛрсетеді.
Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің
қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар
зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.

Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін
қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным
әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін
жинақтайды.

Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сӛзі, бейнелеу) әдісі арқылы
жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, ӛздерін танытады.
Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рӛлдерде
ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары,
қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы. Мұғалім экспрессивтік әдіс
арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа
метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының кӛрмесі, тарихи
оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.
Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса
немесе психологиялық драма түрінде кӛрсету оқушыны жақсы болуға
тәрбиелейді. Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға
береді.
Бұл
баға
ӛзгермейді.
Экспрессивтік
әдіс
оқушылардың
шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио,
теледидар,
ұлғайтқыш
аппараттар,
кинокамера,
күйтабақ,
бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті кӛруге,
үйренуге кӛмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады.

Ынталандыру әдісі. Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң кӛзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бӛлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң кӛзқарасын туғызу керек.
Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бӛлеуі,
таңғалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуін
тездетеді. Ақын М.Жұмабаев ақыл кӛріністері әсерленуден пайда болады,
әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі
деп кӛрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың
адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты
мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының
түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. Атақты ғалымдардың
және қоғам қайраткерлерінің ӛмірі мен қызметі туралы кештер, кӛркем
әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады. Мұғалімнің



161
сӛйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының


мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың ӛте жақсы әдісі - танымдық ойындар.
Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі тӛмен оқушыларды
жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері. Тәсілдері:
• оқушыға оқудың ӛзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
• талап қою;
• талаптарды орындауға үйрету;
• ӛз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
• оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге кӛмектесу. Оқушыға оқудың
ӛзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім ӛндірістің дамуына
ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек ӛнімділігін арттырып,
жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.

Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау түрлері:
• баға қою;
• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;
• оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге кӛмекші етіп
алу;
• топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бӛлімшелерді басқарту;
• үлгерім және сабаққа қатынас кӛрсеткіштерін шығару;
• білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;
• жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі тӛмен оқушыларға кӛмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
• сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;
• күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою;
• қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет