Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3.Курстың академиялық презентациясы:
“Мәтін лингвистикасы” пәні мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын мәтін лингвистикасы саласынан, оның нысанынан, өзіндік басты белгілерінен, тұлға-бірліктерінен теориялық тұрғыда да, практикалық жағынан да жүйелі білім береді.
Магистранттарға мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді айқындауды, мәтіннің негізгі категорияларын сипаттай алуды, әр түрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын, қызметін анықтауды, мәтін бөліктері арасындағы байласымды жүзеге асыратын тілдік бірліктерді және логика-семантикалық қатынастарын анықтауды, мәтін түрлерін және олардың ерекшеліктерін айқындауды меңгертуді көздейді.
Мәтін автордың ойын, оның шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін дүниеге келеді. Мәтін, мәтінді тудырушы - автор (адресант), мәтінді қабылдаушы-оқырман (адресат), бейнеленетін болмыс және өзінің ойын жүзеге асыру үшін автордың талғап қолданған тілдік жүйесі талдау нысаны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |