Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: Мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын мәтін лингвистикасы саласынан, оның нысанынан, өзіндік басты белгілерінен, тұлға-бірліктерінен теориялық тұрғыда және практикалық дағдыда жүйелі білім беру. Магистранттың мәтіннің болмысын зерттеу қабілетін, тілдік бірліктердің қызметін талдау дағдыларын, тақырыпқа және жанрға сай мәтін құрастыру құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті: «7M0170100 Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
1.Мәтіннің негізгі категориялары туралы білімді жинақтау;
2. Мәтінді құраушы тілдік бірліктердің қызметін жіктеу;
3. Адресант пен адресат арасындағы қатысым әрекетін бағалау;
4. Қатысым әрекетін жүзеге асыратын ішкі және сыртқы факторларды түсіндіру;
Мәтін түрлері және олардың ерекшеліктерін айқындау арқылы ғылыми қорытындылар жасай алады.
5.Қоршаған орта және ондағы қарым-қатынастар, сан түрлі жағдаяттардағы мәселелердің жүзеге асуы мәтінге байланысты екендігіне шешім қабылдау.
6. Мәтін түрлері және олардың ерекшеліктерін айқындау арқылы ғылыми қорытындылар жасай алу.
Достарыңызбен бөлісу: |