Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат Пәннің атауы «Қазақстан тарихы»


Қазақстан тарихы » курсының оқытудың мiндеттерi, студенттің дағдысы мен біліктілігі



бет2/13
Дата16.10.2023
өлшемі52,01 Kb.
#116192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Силлабус -23 АБК

Қазақстан тарихы » курсының оқытудың мiндеттерi, студенттің дағдысы мен біліктілігі.
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты: студенттердің қабілетін/дағдыларын/құзыреттілігін қалыптастыру. Қазақстан тарихының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі негізгі даму кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының маңызды мәселелері туралы объективті тарихи білім беру; адамзат жүріп өткен тарихи жолын, маңызды оқиғаларын, құбылыстарын оқыту негізінде білім алушыны азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеу, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
Пәннің негізгі міндеті «Қазақстан тарихы» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:

  • білім алушыларды қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен, деректанулық және тарихнамалық материалдармен таныстыру;

  • Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау; әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы ұғымды қалыптастыру;

  • Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін толық және объективті ашып көрсету;

  • өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен, өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін дамыту;

  • тарихи оқиғалар, құбылыстарды, тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру; түрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;

  • - азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • - қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

  • - сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті мамандар тәрбиелеу;

  • проблемалық көзқарас негізінде, тарихи дамудың жалпы заңдылықтарын талдау арқылы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы кезеңдерін, мазмұнын және мәнін ашу;

  • Студенттер бойында ғылыми негізде азаматтық ұстанымды қалыптастыру, мемлекеттің ішкі өміріндегі оқиғалар мен халықаралық қатынастарды зерделей білуге дағдыландыруды қамтамасыз ету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет