Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститеті



Дата24.03.2022
өлшемі21,03 Kb.
#28662
Байланысты:
Балтабек А.Б Мөж. Тілдің тарихын дәуірлеу-1


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститеті

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті

кафедрасы

МӨЖ


Тақырыбы: «К.Нарымбаеваның Туран –колыбель древних цивилизаций» еңбегіне шолу»

Орындаған: Балтабек А.Б

Қабылдаған: ф.ғ.д., профессор Қосымова Г.С

Алматы, 2022

Түркі халықтарының мәдениетін, олардың басқа халықтармен ара-қатынасын жан-жақты зерттеген ғалым- Нарымбаева А.К. Оның «Туран- колыбель древних цивилизаций» атты еңбегі түркология ғылымындағы құнды еңбек болып табылады. Кітап 4-бөлімнен тұрады. 1- бөлімі: бүкіл әлемге бұдан 5000 жыл жыл бұрынғы өркениетті мәлімдеген Аркаим қазбалары туралы болса, 2-бөлімі: арғы түрітердің көшіп-қону мәселесіне арналған.3-бөлімінде түркілердің мәдениеті туралы айтылса, 4-бөлімінде түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі сөз болған.

Ғылыми кеңістікте әділ тарихи бағасын ала алмай жүрген түркі халқының әлемдік өркениеттің түп қазығы болып, бүкіл адамзатқа мәдениет, технология, ғылым, білім, жазу, діни наным-сенімдерді алып келген халық болғандығын ұлы тұрандықтардың ата мекенінде отырған өз халқына дәлелдеп берді. Бүкіл әлемге бұдан 5000 жыл жыл бұрынғы өркениетті мәлімдеген Аркаим қазбаларын алға тартып, Ұлы дала-Тұранның металлургияны, құрылыс ісін, астрономиялық ілімді, жоғары мәдениетті дүниежүзіне қалай таратқандығы жайлы ой түйеді, сөйтіп түркілердің тарихы мен мәдениетіне деген евроцентристік көзқарастың тас-талқанын шығарды. Б.д.д. III мың жылдықтағы көлемі 20 мың кв.м. алып жатқан Аркаим қаласының әрі қамал, әрі храм, әрі обсерватория, әрі өндіріс орталығы болғандығын археологиялық зерттеу еңбектеріндегі деректермен дәлелдеп, оларды атақты Месопотамия зиккураттары және сақ қорғандарымен ұқсастығын айтады. Бронза дәуірінде ата-бабалар аруағына арнап тұрғызылған Сынтасты қорғанының пирамидаға ұқсастығығы да пирамида тарихына қатысты көп жайттарға қанықтырады. «Сохранение этой же планировки в сакское, гуннское и тюркское время является неопровержимым доказательством преемственности аркаимсого-сынтастинской и сакской культур и доказывает несостоятельность утверждений некоторых ученых о том, что с уходом ариев-прототюрков аркаимского-сынтастинская цивилизация в Степи прекратила своë существование, исчезла. Как не поражаться тому, что идея надгробия вместе с архитектурными приемами строительства курганов без изменения сохранилась в Степи до XII-XIII вв.н.э. {1,29} А.К. Нарымбаева әлгі Эрих Церен айтқан белгісіз халықтың түркілердің ата бабалары екендігін, олардың ата мекені ежелгі Қазақстан екендігін дәлелдеп шықты. «Как известно, население Турана как раз относится к «средиземноморской» расе, включая и скифов-саков, и половцев-кыпшаков. Вспомним, что именно В Древнем Казахстане сформировался этот европеодный тип населения. Прототюрки как раз расселялись с палеолита-мезолита именно в эти регионы в трех направлениях: через Балканы в зону Средиземноморья, через Среднюю Азию на Средний и Ближний Восток и в Индию, а с эпохи бронзы и через Кавказ» {1,285}. Шумерлер ежелгі түркілердің мекені Ұлы Даланың бүкіл байлығын, бай мәдениетін өздерімен бірге Парсы шығанағына, Қосөзенге алып кетті де, соның негізінде атақты шумер мәдениетін қалыптастырды.

А.Қ. Нарымбаева өз еңбегінде ғылыми деректерге сүйене отырып, мыс қорытудың отаны Арқам (жалпы Сары-Арқа) екенін, т.б. металлургия. Автор металлургияның пайда болуы өркениеттің пайда болуын білдіреді деп тұжырым жасады. Ғалым А.Нарымбаева «Тұран – көне өркениет бесігі» атты еңбегінде Жиделі Байсын мен байырғы Орал-Қазақстан даласының болмысын көрсетеді Еуроцентристік ғылымда дала қорғаны мәдениеті үндіеуропалық, ал халқы үнді-ирандықтар болып саналады. А.Қ. Нарымбаева қазіргі қазақ даласында ешбір тарихи дәуірде батыстан да, оңтүстіктен де көші-қон ағымы болмағанын дәлелдейді. Скифтер, сақтар, сарматтар, ғұндар, түріктер Арқаим мен Андроновтың ұрпақтары. Автор көптеген деректерге сүйене отырып, түркі өркениетінің Арким мен андроновшылардан бастап, ғұндар мен көне түріктерге дейінгі жалғастығын дәлелдейді. Дегенмен, А.Қ. Нарымбаева арким, андронов және сақтардың кавказдық шыққанын таниды. А.Г. Оловинцов ежелгі түріктердің, тіпті Шыңғыс хан дәуіріндегі түркі-моңғолдардың кавказдық сипатын да көрсетеді.

Пайдаланылған әдеебиеттер:



  1. А.К.Нарымбаева. «Туран- колыбель древних цивилизаций».А.,2009,


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет