Пәннің мақсаты. «Ұлттық тәрбие» білім бағдарламасы мақсаты – ұлттық мүдделерді қалыптастыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыруға өз үлесін қоса алатын, ұлттық өзін-өзі тану сезімі дамыған толыққанды тұлғаны тәрбиелеу. Егер біз халықтық педагогикадағы ұлттық тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтасақ, онда жастардың ұлттық сана-сезімі жетілдіріліп, жеке қасиеттері жан-жақты дамып келеді, осыған байланысты білім алушыларды әлемдік құндылықтармен, олардың ұлттық ерекшеліктерімен таныстыру мүмкіндігі пайда болады.
Пәннің негізгі міндеті: «Ұлттық тәрбие» білім бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
білім алушыларды қазақ ұлттық тәрбиесінің негізгі мағыналарымен, білімдерімен, әлемдік
білім идеяларымен және әдістерімен таныстыру;
білім алушылардың бойында тіл, тарих, дін, ұлттық дәстүр, ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып,
өзін-өзі тану, мақтаныш, мінез, дүниетаным сезімдерін қалыптастыру;
ұлттық құндылықтарды жалпыадамзаттық құндылықтармен жинақтай отырып, қоғам мен
табиғат ресурстарын адамның пайдасына сауатты және дұрыс пайдалануға бейімдеу;
қазақ ұлттық құндылықтары негізінде логикалық ойлауды дамыту, дұрыс және сауатты
сөйлеу, өзін қоғамда ұстай білу, бәсекеге қабілетті құзыреттілікті қалыптастыру.