Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет208/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   243
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
170
айқындап алу; 3) оңтайлы шешімін таңдап алу 
выбор; 4) шешім қабылдау [8]. 
Параметрлік анализ екі кезеңнен тұрады 
— параметрлер таңдау және шығармашылық 
синтез. Бірінші кезеңде — мәселені анықтайтын 
барлық көрсеткіштерге талдау жасалады, олар-
дың маңыздылық айқындалады. (басты және қо-
салқы объектілер белгіленеді). Барлық объект-
лер анықталған соң, олардың арсындағы байла-
ныстар зерттеледі. Екінші кезеңде параметрлер 
мен олардың байланысына жасалған талдаудың 
негізінде шешім қабылданады. Іскерлік ойында 
студент 
кәсіби 
қызметіне 
тән 
әрекеттер 
орындауы тиіс. Іскерлік ойын білімнің білік пен 
дағдыға алмасуына жағдай жасайды. 
Микротоптағы бірлескен қызмет әдісі 
студенттердің шағын топтардағы бірлескен, өз 
ара көмек түріндегі оқу қызметі.Онда студенттер 
интелектуалдық күш біріктіріп ортақ тапсырманы 
орындайды. 
Сонымен, интерактивті оқыту адамның 
қарым-қатынасқа түсу, өзгелерге көмек көрсету
қажетілігін қанағаттандырып, өзгелердің пікірімен 
санасуға, күрделі мәселелерді бар ақпараттың 
негізінде бірлесіп шешуге үйретеді. 
Студенттердің зерттеу қызметіне бастау 
жасау ақпараттық және компьютерлік оқыту 
технологияларын кеңінен қолданғанда ғана мүм-
кін болады. Д. Ш. Матрос, Д. М. Полева, Н. Н. 
Мельникованың пікірінше, бұл технологиялар оқу 
сабағының ақпараттық ауқымын кеңейтіп, білім 
беруді ақпараттандыруға жағдай жасайды. [9]. М. 
О.Смирнова білім беруді ақпараттандыру оқу үр-
дісінің ақпараттық көмек көрсету құралы ғана 
емес, кез келген маман иесінің болашақ қызме-
тінде қажетті құрал деп көрсетеді. [10]. Т. Ю. 
Кудрявцева ақпараттық қызметпен айналысуға 
қажетті білім, білік, дағдының жиынтығы, қазіргі 
таңда маманның кәсіби білім, білік, дағдылары-
мен тең дәрежеде маңызды деген тұжырым 
жасайды. [11]. 
Компьютерлік 
технологиялар 
слайд-
лекцияларды өткізгенде қолданылады. Мұнда біз 
оқу материалын компьютерлік слайд түрінде 
ұсындық. Бұл ақпаратты визуализациялауға мүм-
кіндік береді. Практикалық сабақтарда компью-
терлік технологиялар негізінен жоба жасау әдісі 
арқылы қолданылды. 
С. Н. Бабина,[12] А. К. Мынбаева, З. М. 
Садвакасова [13] жоба құру әдісін қолданудың 
негізгі ережелеріне төмендегілерді жатқызады: 
1. Шығармашылық ізденуді қажет ететін 
мәселенің (тапсырманың) болуы. 
2. Күтілетін 
нәтиженің 
практикалық, 
теориялық, танымдық маңызды болуы. 
3. Оқушылардың жеке (топтық) қызметі. 
4. Жобаның әр бөлігінің қысқаша мазмұны 
берілуі тиіс (әр кезеңнің нәтижелері көрсетілуі 
тиіс). 
5. Әрекеттер тізбегінен тұратын зерттеу 
әдістерін қолдану: болжам жасау және оның 
шешімін іздестіру; зерттеу әдістерін талқы-
лау;соңғы 
нәтижелерді 
рәсімдеу 
тәсілдерін 
талқылау;(презентациялар,қорғау,шығармашылы
қ есеп т.б.); мәліметтер жинау, оны жүйелеу, 
талдау, 
жұмыстың 
нәтижесін 
қортындылау, 
көпшілікке ұсыну, зерттеуді талап ететін жаңа 
мәселелерді қою. 
6. Қорғалған жобаның материалдық нәти-
желері (видеофильм, альбом, журнал ,газета, 
доклад т.б.). 
7. Жұмыстың міндетті түрде қорытынды-
лануы тиіс, ол демонстрация, ғылыми баяндама, 
іскерлік ойын, видиофильм, пресс- конференция 
түрінде өтуі мүмкін. 
Бағалау критерийі алдын ала белгіленуі 
тиіс. Негізінен презинтация ғана емес, жалпы
жұмыстың сапасы бағалануы тиіс . 
Жобалау әдісі жоба дайындауға берілген 
тапсырмалар 
арқылы 
орындалады.Оларға 
ақпараттық технологиялар қолданылған сабақ 
жоспарын 
жасау, 
өзінің 
курстық 
жұмысы 
бойынша презентация жасау т.б. 
Аталған шарттың орындалуы студенттерде 
зерттеу қызметіне деген құндылықты- мотива-
циялық қатынастың қалыптасуына, зерттеушілік 
дағдыларының, интеллектуалдық қабілеттерінің 
шыңдалуына жағдай жасайды. Оқыту үрдісінің 
сапасын арттырады. 
Психолого- әдебиеттерге жасалған талдау 
негізінде және педагогикалық институттағы білім 
берудің ерекшелін ескере отырып, біз оқытудағы 
жаңа 
технологияларды 
қолдану 
арқылы 
студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне бастау 
жасау 
педагогикалық 
білім 
берудегі 
студенттердің 
ғылыми-зерттеу 
мәдениетін 
қалыптастырудың моделін жүзеге асырудың 
тиімді 
педагогикалық 
шарты 
ретінде 
қарастырамыз. Оны төмендегідей ережелермен 
бекітеміз: 
 Оқу 
үрдісн 
ұйымдастырудың 
басты 
формалары ретінде проблемалық элементтері 
бар лекцияларды, слайд-лекцияларды, семинар 
– дискуссияларды, іскерлік ойын элементтері бар 
семинар сабақтарды қолдану. 
 оқу пәнінің мазмұнын модульдік техноло-
гия негізінде құру; 
 оқу сабақтарында компьютерлік техноло-
гиялар қолданылған жоба жасауға берілген тап-
сырмаларды орындау. 
Студенттерді дайындау бағдарламасында 
зерттеу тапсырмаларын кеңінен қолдану сту-
денттердің зерттеушілік білімдерді алуға деген 
қызығушылығын арттырып, саналы түрде меңге-
руіне және практикада пайдалануына негіз 
болады. Себебі оқу тапсырмалары: 
а) бір жағынан тапсырма оқу мазмұнын 
ашады, екіншіден студенттерді қызметке бастай-
ды, ұйымдастырады, оқу−тәрбие үрдісін бас-
қарудың әдісі болып табылады. (Т. Е. Климова, 
Н. Ю. Посталюк, А. В. Усова және басқалар.) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет