Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет210/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

Әдебиеттер

Полат Е. С. Новые педагогические и 
информационные технологии в системе образо-
вания М.: Академия- 2005, 272с. 

Общая и профессиональная педа-
гогика: Учебное пособие для студентов педагоги-
ческих вузов /Под.ред. В. Д. Симоненко.- М.: Вен-
тана-Граф, 2005, 368с. 

Чошанов М.А. Гибкая технология проб-
лемно-модульного обучения: Методическое по-
собие.- М.:Народное образование, 1996, 160с. 

Морева Н.А. Технологии профессио-
нального образования: учебное пособие для сту-
дентов высшего учебного заведений М.: Ака-
демия, 2005, 432с. 

Смирнов А. Современные технологии 
обучения. - СПб.:ЛЭТИ, 2003, 324с. 

Исследовательская деятельность на-
чинающего педагога. Справочное пособие. /Сос. 
А.Ф. Аменд, А.А. Саламатов, А.А. Горчинская.- 
Челябинск: изд. ЧГПУ,2009, 171с. 
ОӘЖ 378.015.31 (574)
 
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ САЛАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТТІ ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУ 
 
Кенжебаева Т. Б. - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің РһD 
докторанты, Алматы қаласы 
 
Мақалада қоғамның адамгершілік және эстетикалық идеалдары тұлғаның зияткерлік даму 
деңгейін жан-жақты әрі үйлесімді толықтыратыны қарастырылады. Еліміздің болашағы – жас 
ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуда мораль, мұғалім тұлғасы және оның шығармашылық 
әлеуетінің рөлі негізделеді.


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
172
Негізгі ұғымдар: тұлға, зияткерлік әлеует, құлық, адамгершілік тәрбиесі. 
Адамды адамгершілікке тәрбиелеу мәсе-
лесі мәңгі әмбебап мәселелердің қатарына жата-
ды және адамзаттың барлық мәдени-тарихи үде-
рісінде, яғни тарихы терең дәуірден бүгінгі күнге 
дейінгі кезеңде адаммен қатар дамып келеді. 
Әлемдегі барлық халықтың философиясы, өнері, 
мифологиясы мен дінінде адамның адамгершілік 
құлқы қалыптасуы мен деградагиясы немесе күр-
делі мінез-құлықтық коллизиясы туралы нақты 
шешімді анықтама жасауға талпынған тұжырым-
дар өте көп.
Қазіргі таңда адамгершілік мәселелері фи-
лософиялық-шығармашылық мағынасын ашуды 
талап етеді. 
Адамгершілік тәрбие саласында зияткерлік 
әлеуетті жүзеге асыру мәселесін зерттей оты-
рып, ең алдымен адамның қоғамдық өндірісіндегі 
адамгершілік тәрбие рөлі мен орны туралы мәсе-
лені шешу қажет. Осы мәселені шешудің баста-
масы ретінде мына анықтаманы алуға болады: 
адамгершілік тәрбиесі қоғамдық өмірді немесе 
қоғамдық өндірісті құрайтын кез келген әлеумет-
тік жүйе үшін адам болмысын қалыптастыруда 
маңызды әрі міндеті болып табылады. 
Адамның қалыптасуының маңызды сәттері 
– тұлғаның құлықтық қалыптасуы мен дамуы. 
Себебі құлықтылық, адамның басқа ішкі әлемі 
салаларымен салыстырғанда адамның басқа 
адамдармен тұрақты әлеуметтік жүйені қамтама-
сыз етеді. Адам мінезінің құлықтық реттелуі онто-
логиялық тұрғыдан қоғамның ажырамас бөлігі.
Осы тұрғыдан ескерте кету керек, тұлғаның 
құлықтық қалыптасуы мен дамуы –күрделі әрі қа-
рама-қарсы үдеріс, себебі тұлғаның құлықтық 
қалыптасуы мақсатты бағытталған тәрбиелеу 
қызметі арқылы тек ішінара әлеуметтік бақылау 
мен басқаруға тәуелді болады. Бұл тәуелділік бір 
жағынан алып қарағанда, осындай стихиялы 
фактордың ықпалы, яғни ортамен белгіленеді. 
Екінші жағынан –дара сананың өз бетінше 
қалыптасу ықпалы. Сондықтан мақсатты бағыт-
таған адамгершілік тәрбиесі жағымсыз теріс тү-
сініктерді жойып, орнына адамгершілік құндылық-
тарды сіңіруді жүзеге асырады. 
Адамгершілік тәрбиесінің мәні моральдің 
негізгі нормалары мен қағидалары туралы ақпа-
ратқа ғана емес, адамның органикалық тұрғыдан 
барлық өмір болмысына тән адамгершілік істерге 
деген қабілетіне тікелей қатысты болатынын 
ескерте кетейік. 
Сондай-ақ, қазіргі жаңа әлеуметтік шын-
дықтың сұраныстары адамгершілік тәрбиесіне 
қатысты әлеуметтік, психологиялық, педагогика-
лық әдебиет тұрғысынан талдау жасау өажет 
екендігіне көзімізді жеткізді. 
Адамгершілік тәрбиесінің негізі және оның 
тәлім-тәрбиелік маңызы проблемасын зерттеуде 
Ш. Ш. Амонашвили, В. Н. Шацкая, Н. Л. Грозден-
ская т.б. ауқымды үлес қосса, қазақстандықтар-
дан Н. Д. Хмель, А. А. Бейсенбаева, Э. А. Урун-
басарова, М. Н. Сарыбеков, Р. К. Дүйсенбинова 
және т.б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау 
туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты-өз іс-
әрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жал-
ғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды 
тәрбиелеу. 
Тәрбиені барлық қырынан алып қарағанда 
оның әдіснамалық қағидасын адамгершілік тұр-
ғысынан ұғыну бұрыннан әлеуметтік-гуманитар-
лық ойлау нормасы болып қалыптасқан. Бірақ та-
рихи үдерісте әрбір кезеңге тән арнаулы адам-
гершілік мәселелері туындап отырды. Бұл мәсе-
лелер нақты-тарихи, әлеуметтік-мәдени кон-
тексте терең тануды, түсінуді талап етті.
Қазіргі әдебиеттерде «тұлға қалыптастыру, 
«тұлғаны тәрбиелеу», «адамгершілік тәрбие» 
ұғымдарын жеке-жеке 
ажыратады. 
Тұлғаны 
қалыптастыру – бұл индивидтер өз бойындағы 
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін саналы 
және стихиялы қоғам мен тұлғаның өзара қаты-
насының жиынтықтары. Тұлғаны қалыптастыру 
дегеніміз – адамның өзінің әлеуметтік-мәдени 
құндылығын, мәнін иеленетін үдеріс. Соған орай 
тұлғаны қалыптастыру –бұл тәрбиеден де 
жоғары кең ұғым. Ол тәрбиемен қоса әлеуметтік 
орта ықпалы мен өзін өзі тәрбиелеу үдерістерін 
де қоса қатар алып жүреді. Яғни адамның өзі 
бойындағы жеке қасиеттерін түзету, өзгерту, 
мінезін қалыптастыру үшін күш жұмсайды деген 
сөз. Гегель өз зерттеулерінде осы мәселені 
былайша нақыл сөзбен жеткізеді: «Адам өмірі өз-
өзі жетілдіруден құралады».[1, 57 б.] 
«Тәрбие» ұғымы екі мағынада қолда-ны-
лады. Біріншіден, тәрбие кең мағынада тұлғаны 
әлеуметтік қалыптастыру ұғымымен сабақтасты-
рады, яғни бар салмақты әлеуметтік-мәдени ық-
палға түсіреді. Тұлғаны қалыптастыру ісінің 
соңғы кезеңі және тұлғаның адамгершілік өзегі – 
бұл адамды әлеуметтік маңызы бар қызметке 
дайындау болып табылады. Екіншіден, тәрбие 
тар мағынасында – бұл тұлғаның жеке әлеу-мет-
тік-мәдени қабілеттерін қалыптастыру. Яғни логи-
калық ойлауын, эстетикалық танымын және т.б. 
С. М. Ковалевтің пікірінше, «тұлғаны да-
мыту әлеуметтенудің екі жақты үдерісімен жүзеге 
асырылады, яғни қоғамдық қатынастардың итер-
позициясын игеру және даралануға бейімделу 
арқылы орындалады. Осының нәтижесінде тұл-
ғаның дара қасиеттері оның интеллектісі, дүние-
танымы, еркі, адамгершілік идеалдары, мұрат-
тары, эстетикалық талғамы, шығармашылық 
әлеуеті арта түседі». [2, 62 б.] 
Оқушының адамгершілік әрекеттері мо-
ральды санамен толығады және эстетикалық са-
намен, адамгершілік сананың түрлі формалары-
ның біртіндеп даму деңгейімен жетіле түседі 
және осы үдерістерге елеулі әсер етеді. Мысалы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет