Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 25
Шәрiп қолында, өзi Хақтың жолында, дүниеге
мойнын бұрмайды, - деген өлең бар.
Ғалым Ғ. Меңілбаев «Байұлы – Жаппас
тайпасынан шыққан билер тарихы» деп аталған
(ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №4 (63),
2011)
мақаласында «Қаналы
Қалыбайұлы
Қызылорда мен Қостанай өңірлерінде би,болыс
болып тұрған кезде бұл жерлерде - мешіттер
салуға көп жәрдем берген. 1907 жылы Қостанай
қаласындағы ашылған
орыс-қазақ
әйелдер
гимназиясына ақшалай көмек берген. Қаналы би
өмірі
мен қызметі
туралы
белгілі
ақын-
жыраулардың
шығармаларына,
жырларына
арқау болған. ҚаналыҚалыбайұлы қайтыс
болғанда,оның қазасына арнап ақын Сейітжан
Бекшентайұлы жоқтауөлең шығарған.Сонымен
бірге ел аузында «Ақша керек болса Қаналыға
бар, ақыл сұрасаң Жаналығабар» деген қанатты
сөздер сақталған. «Қаналы мешіті» Қызылорда-
Жезқазған
(Құмкөл)
тас жолының
40
шақырымында жолдың сол жақ бетінде - 200 м.
жерде орналасқан.Қаналы Қалыбайұлы бидің
сүйегі Қостанай облысындағы Орқаш деген
жерде» деген дерек келтіреді. Амал не, бұл
жоқтау бізге жетпей отыр.
Мөлдір Өксікбаеваның «Сыр сүлейлері
шығармашылығындағы діни-ағартушылық бағыт
(тақырыптық,
көркемдік
ерекшеліктер)»
деп
аталған педагогика ғылымдарының магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертациясында «Сыр сүлейлері шоғырының
дарынды
тұлғаларының
бірі
Сейтжан
Бекшентайұлының
шығармаларының
алтын
арқауы да – имандай адалдық, періштедей
пәктік, ар мен жанның мөлдір тазалығы» дей
келіп, оның «Түсейік жолға адамдық» атты
өлеңіне талдау жасайды. Ғалымдар пікіріне ден
қойсақ, Сейітжан ақын, жыршы ғана емес, ахун
деген атаққа ие болған діндар әрі ғалым болған.
Мырзаби Қауменұлының есімі де осы күнге
дейін белгісіз болып келді. Оның толғаулары мен
ғазалдары
діни
тақырыпқа
құрылған.
«Айналайын, Құдайым!» деп басталатын ғазалда
Аллаға құлшылық қылады, өткен өмірге опынып,
Жаратқаннан кешу сұрайды. «Қабыл қыл деп
тәубамды, ақырын Хақтан сұрайын», – деп
тәубаға келеді. «Тыңдаған жұртым, дұға қыл,
Қауменұлы Мырзаби, қолымды жайып тұрайын»,
– деп өзінің атын да жырға қосады.. Мырзабидің
өмірбаяндық деректері де өз өлеңдерінде.
«Көргенді түгел айтып жазуыма,
Көңіл олақ, болмады тілде машық,
Жер таянбай тұра алмас уақыт болды,
Жетпістен де ілгері кеттік асып», – дейді
ол.