Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


Жас жетіп, қарттыққа мойын ұсынғанда



Pdf көрінісі
бет30/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

Жас жетіп, қарттыққа мойын ұсынғанда 
жазған шығармаларында:  
«Алланың бұйрығынан аса алмайсың, 
Баяғы жас күніндей таса алмайсың. 
Көңілің тастан жаман қатқаннан соң, 
Көзіңе қауіп етіп жас алмайсың. 
Неше жыл сайран еткен қадамыңды
Бір минут тура жүріп, баса алмайсың. 
Сайраған сандуғаштай қызыл тілің 
Аузыңды бір кәлима аша алмайсың. 
Отырған қасыңдағы қатын-балаң 
«Қайтейін, 
аман 
бол», 
– 
деп 
көз 
салмайсың. 
Кетесің соның бәрін көңілге алмай, 
Жатарсың көзіңді ашып қарай алмай. 
Ойың толқып, тіліңнен қуат керер, 
Бір ауыз сөз сөйлеуге жарай алмай», – деп 
ақ жүрегін жаяды.
Мырзабидің 
Аллаға 
құлшылық 
қылып 
жазған мінажаттары мен бәйіттері бір төбе. 
Мәселен, «Бастап бәйіт жазылған, жолың жатыр 
қазылған, бұл күндегі пенделер жолына шәйтан 
азылған. 
Лә-иллаһа-илла 
Алла», 
– 
деп 
басталатын бәйітте кейінгі жол шумақ сайын 
қайталанып 
отырады. 
«Ағузу 
бил-ляһ-деп 
бастап, дәргейіне Алланың, қадыр Алла пенденің 
кәміл етсін иманын. Лә-иллаһа-илла Алла. Иман, 
намаз, ораза, қажы, зекет ұмыт боп, қиын болар 
мақшарда қара болып жүрсе бет. Лә-иллаһа-
илла Алла. Ерте сайла азықты, болмағын хаққа 
жазықты, лаухул мен мақфұзда имам ислам 
жазыпты. Лә-иллаһа-илла Алла. Алла, кәміл 
иманың, бұл бәйітті қылғаның, махшарда жүзің ақ 
болар, дін исламға сиғаның. Лә-иллаһа-илла 
Алла. Шын жыласаң Аллам деп, Аллаң айтар 
пендем деп, Лә-уқсиму деген аят бар, 
ойламаңыз жалған деп. Лә-иллаһа-илла Алла. 
Тілді тоқтат ғайбаттан, харам істен әм сақтан, 
ғарасат майдан күнінде құр қалмаңыз сауаптан. 
Лә-иллаһа-илла Алла. Ажал қабыры қиын жол, 
десін Алла бізді құл, ағайын тастап кеткенде 
иманың болсын сонда мол. Лә-иллаһа-илла 
Алла. Бас көтерер адам жоқ, туысқаннан хабар 
жоқ. Қараңғы көрдің ішінде бұдан қиын жаман 
жоқ. Лә-иллаһа-илла Алла», – деген шын 
жүректен 
төгілген 
жырлар 
оқырманды 
тебірентпей 
қоймайды.Мырзаби 
Қауменұлы 
туралы деректер әлі толық емес, ал қолда бар 
бірлі-жарым өлеңдерінен тамаша ақын болғаны 
айқын көрінеді.
Мырзахмет Қажыгелдіұлы деген атпен 
елге танылған тағы бір ақынның өмір жолы 
таңғажайып. «Заманың түлкі болса, тазы боп 
шал» дегендей, «халық жауы» атанса да қызыл 
көздердің қолына түспей, өмір бойы қашып жүріп 
ғұмырын өткізген ақын Қостанай облысының 
Сарыкөл 
өңірінде 
«Ленинград» 
ұжымдық 
кәсіпорнының Қарашілік ауылында туған. Сол 
тұстағы отарлау саясатының Совет үкіметі 
тұсында да жалғасып отырғанын көре білген 
ақын: «Ұрыса қалса бозбала, Орысқа таман 
шабады, Алла деген ойда жоқ, Мойнына крест 
тағады», – деп жырлады. Ақын жырларынан 
күні кешегі «асыра сілтеу болмасын, аша 
тұяқ қалмасын» деген көрсоқыр замандағы 
«шолақ 
белсенділер» 
қылығын 
табамыз, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет