Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ БАҒАЛАУ Қайыпбаева А. - ф.ғ.к., тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Бұл мақалада адамның индивидуалдық концептөрістеріне мәдени тәжірибесі, білімі, біліктілігі, яғни, когнитивтік тәжірибесі кіретіні мысалдармен дәлелденген. Негізгі ұғымдар: коммуникативтік мәселе, эмоционалдық бағалау, өте танымал, très populaire, beaucoup impressionnée. Көптеген лингвистердің айтуынша, екі
немесе бірнеше ұлт өкілдерінің қарым-қатынас
жасау мәселелерін зерттейтін ізденіс жұмыстары
төмендегідей принциптерге негізделген:
1 Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті, өзара қа-
рым-қатынас жасау жүйесі бар. Мәдениетаралық
қарым-қатынасты зерттегенде ең бірінші тілдік
және мәдени ерекшеліктер тудыратын коммуни-
кативтік мәселелердің көзін анықтау керек.
Бұлар, сөйлесу актілерінің жүзеге асуы, сөз
кезегін
сақтау
ережелері,
қарым-қатынас
ережелері, алуан түрлі эмоцияның, сезімнің тілде
көрініс табуы, т.б.
2 Қарым-қатынас барысында мәдени өзге-
шеліктер әр түрлі ұлт өкілдерінің арасында түсін-
беушілік тудыруы мүмкін [1,78].
Лингвистикалық біліктілік - сөйлеуші мен
тыңдаушыға сөйлемдер құрып, өз ойын жеткізуге
және сөйлемдерді түсінуге мүмкіндік беретін
грамматикалық ережелер жүйесін меңгеруді
талап етеді. Әлеуметтік-мәдени біліктілік адамға
әр түрлі коммуникативтік жағдаяттарда сөйлеу
актілерін белгілі бір ұлттың әңгімелесу ережелері
мен әдептілік нормаларына сүйене отырып,
жүзеге асыруына септігін тигізеді [1,137]. Осы
ретте, француз және қазақ тілдеріндегі жағымды
және жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар,
жағымды және жағымсыз бағалауды білдіретін
сөздер
мен
сөйлесімдердің
эмоционалдық
қызметіне тоқталуды жөн көрдік.
Эмоция құбылысты немесе оның қасиет-
терін бейнелемейді, оның индивид үшін мәнін
білдіреді. Индивид құбылысқа өз қажетіне байла-
нысты көзқарасын білдіреді. Эмоцияның пайда
болуына адамның қабылдауы, физиологиялық
реакциясы, сөйлеуі қатысады. Бағаның жақсы