Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7
тәрбиесіне жауапты һәм сергек қарау екендігі сәт
сайын сезіледі.
Өмір
мұратының
өзі:
адамдық
һәм
азаматтық парыз-қарыздан тұрады емес пе?!
Білім-ғылым
һәм
өнердің
танымдық-
тағылымды
тұстары
–
«Білім
жарысы»
көсемсөзінен көрініп, оның қалың көпке рухани
әсері жан-жақты айқындалады. Автор білім
бәсекесінің алыс-жақын елдердегі үлгі-өнегесін,
адам мен оның өміріне, еңбегіне қатысты
тұстарын кең көлемде ашады. Еуропалық
үлгілерді, Нобель сыйлығының мәнін кеңінен
ашып, сол арқылы адамзат дамуын, білім-ғылым
өресін, өркениет ісін алға тартады.
Автор осы және басқа да жайттарды,
ұнамды-оңды көріністерді үлгі ету арқылы
халықтық ерекшеліктерімізге де кең орын береді.
Кезекті тұста: «Бәйге тігу, жарыс істеу біздің
қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш
нәрсеге той істеп, ат шаптырады, я өлген
адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына
қарай, адамдығына қарай ас пен тойдың үлкені
де, кішісі де болады. Зорлығы бәйгеге тіккен
малынан гөрі шақырған елдердің санынан,
сойылған малынан байқалады» дейді [3, c. 181
бет].
Бұдан басқа - ас, бәйге туралы ойлар
ортаға салынады. Онда да байлық, ас та төк
әрекеттер алдыға шығатыны ойға оралады.
Автор алыс-жақын елдердегі білім жарысын,
маңызды тұстарын назарда ұстап, оның ұлтқа
қатысты жағына да тоқталады: «Білімнің бас
құралы – кітап. Қазақ арасына білім жайылуына,
әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болуы керек,
екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға
керек һәм халық арасына көп жайыларға керек.
Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің
бірі – білім жарысы.
Білім жарысының басқадан артық бір жері
мынау: бұған шығарған ақша далаға кетпей,
көздеген мақсатқа тура тиеді. Егін салсаң,
шықпай қалып, босқа шығындау ықтимал, білім
бәйгесінен пайда болмаса, шығын болмайды.
Пайдасы боларлық істі істемей, бәйгеге ешкім
қол созбайды. Солай болған соң, бұған шығарған
ақша босқа кетуге тіпті орын жоқ» [3, c. 183].
Демек, білім жарысы – ұлттық мұратты, елдік
салтты, дәстүрге адалдықты танытумен бірге,
адамдық
һәм
азаматтық
борышты,
ақыл-
парасатты, ғылым-өнерді қалың көпке бағыттау,
қоғамды
дамытуға,
жақсы
өмір-тұрмысқа
барынша ашық сипатта ұмтылу, үлес қосу. Өмір
мәні, мұраты да осы емес пе?
Автор Еуропа һәм қазақ байлары хақында
да өрелі ойлар қозғайды. Ұлт, ру намысы
төңірегінде де сөз етеді. Соның бәрінде де білім-
ғылым ісін, өнер мұратын жоғары қояды. Білім
жарысы – ақыл-парасаттың, іргелі ізденіс пен
ерен еңбектің жеңісті, жетістігі тұстарымен
өлшенетінін басты назарда ұстайды. Демек,
білім жарысы – байлық пен жомарттық көрінісі
емес, керісінше ұлтқа қызмет ететін, елдік мұрат-
мүддені көздейтін, ең негізгісі – адам мен оның
өмірін жеңілдететін, мәдени-рухани әсер беретін,
кемел келешекке үміт-сенімін еселеп арттыратын
көпке ортақ, баршаға маңызды, сауапты іс болу
қажеттілігі байыпты баяндалады. Ендеше, білім
жарысы арқылы да қоғам дамуына, өмір-
тұрмысқа, дәстүр өнегелерімізге әсер-ықпал
етуге болатынын айқын аңғарамыз.Оқу-білім –
ақыл-парасат өлшемі ғана емес, өркениетке
бастар жол, кемел келешек кепілі.
Білім жарысының – қоғамдық мәні, рухани
олжасы осы.
Бұдан басқа - «Оқыту жайынан» оқу-білім
ісіндегі: байыпты бағдарлама, оқу құралы һәм
мұғалім төңірегінен ой қозғайды. «Жастардың
оқу-тәрбие
жұмысы
түзелмей,
жұрт
ісі
түзелмейді» дегенді де негізгі назарда ұстайды.
Автор осы жайларға мән бере келіп: «Қазақ
мектебінде оқу үш жылдық болуы қолайлы»
дегенді де қолдайды. Оның бәрін белгілі тәртіп,
жүйемен жүзеге асыру - әрбір адамнан, әсіресе
мұғалім мәртебесімен байланыстырады.
Елдік мұратты қалыптастыру, халықтық
қасиеттерді қадір тұту, жас ұрпақ тәрбиесіне ден
қою – «Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері»
сынды көсемсөздерде оң бағыт алады. Оқу-білім
жүйесі, мектептің халыққа жақындығы, жас ұрпақ
білімді – ана тілінде алу қажеттілігі уақыт
талаптары тұрғысынан сөз етіледі. Бастауыш
мектепте ұлт тілінде оқылатын – оқу, жазу, дін,
ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа
кәсіп, жаралыс жайы айрықша атап көрсетіледі.
Қыр мектебі мен қала мектебінің ортақ белгі һәм
ерекшеліктері көрсетіледі.
«Мектеп керектері» - жас ұрпақты ана
тілінде оқыту, мұғалім мәртебесін арттыру, оқу
бағдарламасы мен құралдарды дайындау жайын
кеңінен қозғайды. Мектеп мәселесінде – жас
ұрпақты ана тілінде оқыту, кішкене кезден ой-
санасына елдік-халықтық қасиеттерді сіңіру
отанға, жерге, еңбекке сүйіспеншілігін қалыптас-
тыру т.с.с. аса кәделі, игілікті істер қатарына
жатады. Автор мектеп мәселесін көтеру негізінде
оны оқу-ағарту орны ғана емес адамдық һәм
азаматтық қасиеттердің қастерлі ордасы екеніне
мән береді. Игілікті істер мен ізгілікті қадам-
дардың ортақ арнасы, ең негізгісі жас ұрпақтың
елдік мүдде төңірегіндегі алғашқы ұғым-түсінігі
қалыптасатын,
жастық
кезеңі
мен
достық
сырларын, адамгершілік асыл мұраттарды еркін
сіңіретін
аяулы
орта,
ыстық
ұя
екендігі
көрсетіледі. Мұның бәрінен, сөз жоқ оқу-білім,
өнер мұраттары айқын аңғарылып, қоғамның
қымбат қазынасы – адам мен оның еңбегіне
құрмет пен тағзым терең танылады.
Бұдан, әрине: «Ойы оянып, санаға сана
қосып, ел тағдыры жайлы ойланған да, Ахмет, ең
алдымен, сол елдің өзімен тілдесуді, олардың
жай-күйі жайлы көргендері мен ойларын ортаға
салуды, болашақ жөніндегі ұғым-түсініктерін