2.4. Тіктөртбұрышты шаршыларға бөлу.
Қызықты математикада геометриялық фигураларды бөлуге көптеген есептер кездеседі. Осындай есептерді шешуде де Евклид алгоритмінің көмегі зор. Мысал келтірейік.
Есеп. Өлшемдері 141х30 болатын тіктөртбұрышты мүкіндігінше аз шаршыларға қалдықсыз қалай бөлуге болады? Қанша шаршылар шығады?
Шешуі. Евклид алгоритмі бойынша бірінші қабырғасы тіктөртбұрыштың кіші қабырғасына тең болатын шаршылар қиып алынады. Қалған қалдық тіктөртбұрышты да дәл сондай әдіспен шаршыларға бөле береміз. Евклид агоритміне сәйкес бұл шексіз жалғаса бермейді ( кез-келген екі натурал сандар үшін кем дегенде бір ортақ бөлгіш табылады).
141
30
141 = 4 · 30 + 21 _ 141 30
30 = 1 · 21 + 9 120 4
21 = 2 · 9 + 3 _ 30 21
9 = 3 · 3 21 1
_ 21 9
18 2
_ 9 3
3
0
Пайда болған шаршылар саны (а-қабырғалары):
4(а=30) +1(а=21) +2(а=9) +3(а=3) = 10.
Ал бұндай шаршыларды бұйым беттерін, төсеніштерді, киімдерді, аяқ киімді безендіру, тағы басқа да безендірулер кезінде қолдағы материалды шығынсыз жасауға болады:
Немесе бұл шаршыларды қақ бөліп те безендіруге болады.
Осындай тәсілмен алынған шаршылардан тең екіге бөлінетіндей етіп төмендегідей қазақ оюларын ойып алуға болады. Әр шаршыдан екіден ою алынса, п шаршыдан 2п ою алынады. Яғни п-нің кез-келген мәнінде оюлардың жұп саны шығады. Олай болса, оларды симметриялы орналастыруға болады.
Тіктөртбұрышты шаршыларға бөлудің тағы бір қажеттілігіне тоқталайын. Кішкентай балаларға кез-келген қазіргі кезде көп кездесетін суреттерден (журнал беттері, уақыты өткен қабырға календарі, т.б.) мозайка дайындауға болады. Ол үшін кез-келген өлшемді суретті шаршыларға бөліп беру керек, ал бала ол суретті қайта жинап ойнайды. Қателіксіз өлшеу мүмкін емес. Сондықтан абсолютті қателік жіберу арқылы шаршылардың өте ұсақ болып кетпеуін қамтамасыз етуге болады.
Дәл осы сияқты бөлме қабырғасына немесе еденіне кафель жапсыруда да Евклид алгоритмін қолданып, артық шығын болмайтындай, яғни кафельдерді кеспей, сынықтарды жапсырмай жасауға болады. Ол үшін өңделетін беттің тіктөртбұрыштың өлшемдерінің ең үлкен ортақ бөлгішін тауып, соған байланысты алуан түрлі кафельдердің ішінен өлшемдері сәйкес келетін түрін таңдауға болады. Мысалы, кафель жапсыратын беттің өлшемдері 575см және 425см болсын. ЕҮОБ (575;425) =25. Сонда өлшемі 25 см болатын шаршы тәріздес кафель сатып алынса, еш қайсысын кеспей-ақ бүтін түрінде толық жапсырып шығуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |