Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Орта білім беру 
2013/2014 оқу жылында республикада 7644 мектеп жұмыс істейді(2012 
жылы - 7698). Қысқарту шағын жинақты мектептерді оңтайландыруға 
байланысты. 
68 мектеп (2013 жылғы 1 қыркүйек) пайдалануға берілді (27 - РБ, 41-ЖБ 
есебінен). 
Барлығы 2013 жылы мектептерде 2,5 млн. бала білім алуда. 
Білім беру жүйесінің маңызды сипаттамасы оның мекеме түрлеріне қарай 
саралануы болып табылады, мұның өзі білім алушылардың әртүрлі білім алу 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Орта білім беру жүйесінде білім беру мазмұнының сапасын жақсарту 
жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. 
2013-2014 оқу жылынан бастап республика мектептерінде Білім берудің 
жалпыға міндетті мемлекеттік жаңа стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы 
орта білім) (бұдан әрі – БЖМС) енгізілді. Жаңа БЖМС сәйкес барлық 
мектептерде ағылшын тілін 1-сыныптан, «Информатика» пәнін 5-сыныптан 
бастап оқыту енгізілді, бұдан басқа, жоғары сыныптардың оқушылары үшін 
«Адам. Қоғам. Құқық» интеграцияланған пәні енгізілді. 
Оқушылардың функционалдың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда. 
Орта мектептерге арналған оқу бағдарламаларының бәрі оқушылардың 
функционалдың сауаттылығын дамыту ескеріле отырып жаңартылды. 
Орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін 
республиканың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы 
нығайтылуда. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде республикалық 
және жергілікті бюджеттердің есебінен жаңа үлгідегі пән кабинеттері 
жасақталуда.
2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 569 мектеп химия кабинеттері 
жабдықталған. 
Оқытудың жаңа нысандары мен технологиялары - балалардың интерактивті 
парктері (ғылым қалашықтары), технопарктер, балалар ғылыми мұражайлары 
енгізілген. 
2013 жылы Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен 
жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивті парк ашылды. 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісін дамыту жалғасуда, олардың 
саны бүгінде – 15 (2012 жылы – 7), оларда 9675 оқушы білім алуда. Назарбаев 


14 
Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін 
мектептеріне енгізу басталды.
Бұдан басқа, «Нұрорда», «Мирас», «Хэйлибэри Астана» халықаралық 
мектептері қызмет етеді, олар халықаралық стандарттар мен бағдарламаларға 
сәйкес арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. 
Көптілді білім беруді енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді.
Көптілді білім беру енгізілген мектептердің саны 2013 жылы 33 мектептен 
90 мектепке дейін жетті.
Бүгінгі күні 4033 мектепте (2012 жылы - 3898)қазақ, орыс және шетел 
тілдерін оқыту үшін мультимедиалық лингафон кабинеттері бар.
Білім берудің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын Оқудағы 
жетістіктерін сырттан бағалау (ОЖСБ) және Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 
жүргізіледі. 
Оқудағы жетістіктерін сырттан бағалау 2013 жылғы 9 – 25 сәуір аралығында 
төрт пән (қазақ тілі – міндетті, алгебра, физика және шет тілі) бойынша 
республиканың 430 мектебінде өткізілді. 
Тестілеуге мектептердің 24 601 оқушысы қатысты. 
2013 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу ҰБТ өткізілетін 155 пунктте өткізілді.
ҰБТ-ға 95 мың абитуриент немесе өтініш бергендердің 96%-ы қатысты 
(2012 жылы 117 мың). Демографиялық себептер бойынша 2013 жылы мектеп 
бітірген түлектер 14 мыңға аз болды. 
Тестілік тапсырмалардың сапасы едәуір жақсарды.
Республика бойынша ҰБТ орташа балы – 74,5 болды, бұл былтырғы 
жылғыға қарағанда 3,5 балға жоғары.
50 балдық шекті деңгейді еңсере алмағандардың саны 14 мың адамға 
азайды. Сонымен қатар, 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің саны бір 
мыңға ұлғайды (2013 ж. – 10787, 2012 ж.– 10127).
7 түлек ең жоғары 125 балл жинады (2012 жылы – 3). 
Мұндай оң серпін, ең алдымен, білім беру сапасына қойылатын 
талаптардың күшейтілуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет