Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға



Pdf көрінісі
бет32/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
қатысты мемлекет саясаты
 
БҰҰ-ның «балалар» саласындағы халықаралық-құқықтық құжаттарының 
аса маңызды қағидаттарының бірі балаларды отбасыда тәрбиелеудің 
артықшылығы қағидаты болып табылады. Баланың құқықтары туралы 
конвенцияның кіріспесінде «баланың жеке тұлғасының толыққанды және 
үйлесімді дамуы үшін оның отбасы ортасында, бақыт құшағында өсуі қажет» деп 
көрсетілген. 
Әрбір баланың отбасында өмір сүріп, тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету – 
біздің мемлекетіміз саясатының басым бағыттарының бірі. 
Жетімдік, әлеуметтік жетімдік, қолайсыз орта, балалар мен отбасыларға 
педагогикалық, психологиялық және өзге де көмектің айтарлықтай тапшы болуы 
сияқты әртүрлі объективті және субъективті себептерге орай мыңдаған балалар 
мен жастар қоғам мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж.
Бүгін республикада 33 682 (2012 ж. – 34785) жетім бала мен ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған бала өмір сүріп жатыр. 23 803 бала отбасыларда 
қорғаншылықта және қамқоршылықта, патронаттық тәрибеленуде, 9 879 бала 
білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жетім балалар 
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 188 ұйымында 
тәрбиеленуде.


51 
Отбасына жетім баланы тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық 
қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес патронаттық тәрбиешіге
1 947 балаға ай сайын 10 АЕК (17 310 мың теңге) мөлшерінде жетім балаларды 
күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат пен 32 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге 
дейінгі аралықта (жұмыс өтіліне, біліктілік санатына қарай) жалақы төленеді.
2011 жылдан бері қорғаншылар мен қамқоршыларға жетім баланы 
күтіп-бағу үшін 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Қазіргі уақытта 
жәрдемақы қамқоршылықтағы және қорғаншылықтағы 19 775 балаға (2012 жылы 
– 19 527 бала) төленеді. 
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының бала асырап алушыларды көтермелеу 
бойынша шаралар әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес 2015 жылдан бастап бала 
асырап алуға байланысты 75 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 
төленбек.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 
отбасында өмір үруп, тәрбие алу құқығын іске асыру отбасылық жағдайларға 
жақындатылған жағдайларда неғұрлым өнімді қамтамасыз етілмек.
Республикада отбасылық үлгідегі 8 балалар деревнясы, 3 SOS Қазақстан 
балалар деревнясы, отбасылық үлгідегі 16 балалар үйі бар. 
Бүгінде отбасы үлгісінде жұмыс істейтін балалар үйінде балалар 8-10 
адамдық топтарда тұрады, ағайындылар мен апалы-сіңлілер, олардың достары бір 
отбасыға бөлінеді, отбасыға жеке тұрғын блоктары бөлінеді және т.б. 
Баланың толыққанды күтім алатыны, қамқорлыққа бөленетіні, отбасында 
өмір сүру тәжірибесін алатыны жетім балалардың орналастырудың осындай 
нысанының басты артықшылығы болып табылады. 
Бұдан басқа, балалар үйлерінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескере 
отырып тәрбиелеу бағдарламалары енгізілген. 


52 
Қазақстан 
Республикасының Үкіметі 
SOS 
Қазақстан 
балалар 
деревняларындағы балалар мен жастарды күтіп-бағуға жыл сайын жергілікті 
бюджеттерден мемлекеттік субсидиялар бөледі. 
Барлық ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалған, 
лингафондық және мультимедиалық кабинеттер бар, 145 ұйым Интернет желісіне 
қосылған. 
Мемлекеттік органдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 
азаматтық қоғамның, ҮЕҰ қолдауымен балалар үйлерін деинституционалдандыру 
және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 
білім беру ұйымдарында 3,6 мың әлеуметтік педагог, 7,8 мың психолог, 
қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды орындайтын 314 
маман жұмыс істейді. 
Мамандар балалардың және отбасының жағдайы нашарлағанын ерте 
анықтап, отбасыларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды 
орындайды. Барлық органдардың қызметіндегі басымдық – баланың туған 
отбасын сақтап қалу. 
Республикада Қамқоршылар одағы, Жетім балалар мен ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының 
республикалық кеңесі, ҮЕҰ консультативтік-кеңес беру кеңесі құрылған, 
олардың бағыттарының бірі әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі 
жұмыстар болып табылады.
Өгей ата-аналардың 117 мектебі және 69 Отбасыны қолдау қызметі бар, 
2012 жылы – 87 және 58 болған еді. 
2013 жылы Мектептер мен Қызметтер 1 348 әртүрлі іс-шаралар өткізді, 
оның ішінде 416 тұрақты тыңдаушы қамтылған 164 сабақ, 2 972 адам қамтылған 
426 оқыту семинары және 6092 консультация (23 000 адам) өткізілді. 
2013 жыл бойы Өгей ата-аналардың мектептері мен Отбасыны қолдау 
қызметтері 6921 қамқоршыға, қорғаншыға, патронаттық тәрбиешіге және бала 
асырап алғысы келетін азаматтарға заңдық, психологиялық және педагогикалық 
көмек көрсетті. 
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды 
орналастырудың отбасылық нысандары белсенді түрде дамып келеді. 2004 
жылдан бері Патронаттық тәрбиеші институты енгізілді. 
2012 жылдың маусым айында «Милосердие» еріктілер қоғамы» ҚҚ-мен 
бірге «Қазақстанда бала асырап алу» бірыңғай ақпараттық интернет-порталы 
құрылды, оған отбасыларға орналастырылатын балалар туралы ақпарат 
орналастырылады. 155 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларына 
орналастырылды. 
Республикада жыл сайын отбасына бала алғысы келетін азаматтарды 
қолдауға және тартуға бағытталған «Ризашылық - Доброта во благо детям...!», 
«Қуан, сәби», «Қамқоршы күні» қайырымдылық мерекелері өткізіледі. 


53 
Айталық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет