56
Колледждер мен жоғары оқу орындарына түскен кезде жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
үшін бекітілген мемлекеттік
білім беру тапсырысының 1%-ы мөлшеріндегі қабылдау квотасы белгіленген.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
қатарындағы студенттер оқу кезеңінде стипендия алады, бұдан басқа,
колледждерде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі және 4 АЕК мөлшерінде (6 924
теңге) жол жүру өтемақысын алады.
ЖОО мен кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген жетім балалар
жұмысқа бірінші кезекте орналастырылады.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін дербес өмір сүруге, бастамашыл
еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру мақсатында республика өңірлерінде
тәрбиеленушілердің өмірде өзін-өзі табуын қолдау жұмысы жүргізіледі («Өмірді
және мансапты жоспарлау» жобасы).
Жобаның негізгі идеясы: мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде қоғам
өміріне толыққанды интеграциялау жолымен сәтті әлеуметтік бейімдеуге
бағытталған жүйелі қызмет арқылы тәрбиеленушілерге қолдау көрсету.
Қазіргі уақытта жоба республиканың 8 өңірінде іске асырылуда. Оны іске
асыруға «Қазмырыш» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), «Қазхром» ТҰҚ» АҚ
(Ақтөбе, Павлодар облыстары) сияқты қала түзуші кәсіпорындар, сондай-ақ
«Өнерпаз» ЖШС, «Батыс Альянс Строй» ЖШС (Атырау облысы) кәсіпорындары,
«Nurikon» компаниясы мен «Строймаш-Алматы» ЖШС (Алматы қ.) белсенді
түрде кірісті.
Достарыңызбен бөлісу: