93 3-тарау сұрақтары мен тапсырмалары 1. Əртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс жасаудағы адам мен компьютердің
қарым-қатынасы қандай ерекшеліктері мен артықшылықтары бар?
2. Оқушыларды оқыту үдерісінде мультимедиа ресурстарды қолданудың
психологиялық артықшылықтарын атаңыз.
3.
Компьютермен жəне мультимедиа-ресурстармен қарым-қатынасы
үрдісінде оқушылардың ойлау стилі қалай қалыптасады?
4.
Мультимедиа-технологияларды қолдану қандай жағдайда оқыту
тиімділігін арттыруға əсер етеді, қандай жағдайда – жоқ?
5.
Оқушыларды оқытуда мультимедиа-технологияларды қолданудың
төрт бағытын атаңыз жəне сипаттаңыз.
6.
Мотив дегеніміз не? Оқушылардың оқуға мотивациясы қалай
қалыптасады?
7.
Оқушылардың мотивациясын арттыруда мултимедиа-ресурстар
қандай рөл атқарады? Жауапты негіздеңіз.
8.
Оқушылардың мотивациясын арттыруда мултимедиа-ресурстарды
дайындау мен қолдануда нені ескеру қажет?
9.
Оқушыларды оқытудың дəстүрлі сынып-сабақ жүйесінің
артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.
10.
Мультимедиа-технологияны қолдану жағдайында дəстүрлі мек-
теп сабақтары қалай жүргізіледі? Мұндай сабақтар қандай
артықшылықтарға ие?
11.
Мультимедиа-ресурстар интерфейсін қалыпастыруда қандай
ережелерді ұстану қажет?
12. Мультимедиа-ресурстар дизайнына мысал келтіріңіз. Мультиедиа-
ресурстар интерфейстерін оңтайландыратын элементтеріне назар
аударыңыз.
13. Кестенің қандай түрлерін білесіз? Білім беру мультимедиа-ресурс-
тарды қалыптастыру үшін қандай жағдайда кесте қолданылады?
14. Білім беру мультимедиа-ресурстарында қолданылатын сізге танымал
анимация эффектілерін сипаттаңыз. Анимация не үшін қолданылады?