104
· визуальдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір
сызықтық параметрдің үлкеюі
немесе кішіреюі, бейненің со-
зылуы немесе жиналуы);
· маудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;
· бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;
· визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы
немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;
· бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкіншілігі бар
аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.
· шынымен өтіп жатқан үдерістердің
шын уақыттағы
оқиғалардың демонстрациясы.
Мультимедиа жəне білім берудегі ақпараттанудың сəйкес
құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Муль-
тимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның
рөлі өседі. Иллюстрация бұл:
· мəтінге түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа
типін енгізу (бейне жəне дыбыс);
· көрнекті жəне көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды
келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады).
Иллюстрация терминін талқылаудың екеуіде бірдей дəрежеде
əдеттегі қағаз оқулықтар мен оқыту құралдарына,
сондай-ақ заманауи
мультимедиа білім берудің электрондық басылымдары мен ресурста-
рына қатысы бар екенін түсіну керек. Бұдан басқа иллюстрацияның
маңыздылығы, оқытуды оқу материалының түсініксіз қиындық
туғызатын бөліктерін ақпараттандырудың барлық құралдары көрнекті
көз жеткізетіндей жəне жеңіл түсіндіруге мүмкіндік береді.
Мульти-
медиа дəл осыған ықпалын тигізеді. Мультимедиа басылымдар мен
ресурстарда иллюстрациялар мысалдар (оның ішінде мəтіндерде),
екі өлшемді жəне үш өлшемді графикалық бейнелер (суреттер, фо-
тосуреттер схемалар, графиктер, диограммалар) дауыстық үзінділер,
анимациялар, бейнеүзінділер түрінде көрсетіледі. Білім беру мульти-
медиа құралдарында иллюстрацияның жаңа түрлерінің
пайда болуы
дəстүрлі оқулықтардан бас тарту деген сөз емес. Дəстүрлі оқулық
кітаптарын иллюстрациялау жəне полиграфиялық безендіру облы-
сында баспа элементтерін кеңістіктік топқа бөлу ерекшеліктерінен
алатын мол тəжірибе жиналған. Осы бойынша кейбір элементтерге
ерекше
назар аударған жөн, əсіресе қабылдаудың физиологиялық
жақтарына көңіл бөлінген. Қазір көптеген оқу пəндері жəне оқыту
бағыттары бойынша мультимедиалық энциклопедиялар түзілген.
105
Оқытудың жаңа əдістерін пайдаланып, оқу үдерісін ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін ойын жағдайлық
жаттықтырғыштар мен
мультимедиалық оқыту жүйелері өндірілді.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының
интербелсенділігі дегеніміз, қолданушыларға, яғни үйренушілер
жəне педагогтарға бұл құралдармен белсенді əсерлесуге тура келеді
дегенді білдіреді. Интербелсенділік оқыту диологы үшін
шарттардың
болуын білдіреді, оның қатысушыларының бірі электрондық басы-
лым немесе ресурстар болып табылады.
Интербелсенділікті беру мультимедиалық құралдарының ең
мəнді артықшылықтарының бірі. Интербелсенділік белгілі шек-
терде ақпаратты көрсетуді басқаруға жағдай жасайды:
оқушылар
жеке икемденуін өзгерте алады, нəтижелерді тексереді, сондай-ақ
қолданушының нақты сұрақтарына жауап беретін программаны
шақыруға мүмкіндік береді. Оқушылар
жеке академиялық талап-
тарын қанағаттандыратын материалдың берілу жылдамдығын,
кайталаулардың санын жəне басқа параметрлерді кіргізе алады. Бұл
мультимедиа технологияларының иілгіштігі жөнінде қорытынды
шығаруға болады.
Мультимедиа технологиялар ақпараттың көп түрлерін ойша
жəне гормониялық интегрлеуге мүмкіндік береді. Бұл компьютердің
көмегімен ақпаратты əртүрлі формаларда беруге мүмкіндік береді,
олар төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: