190 қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру
басылымдары);
-интегралданған (оқу жүйесінің кең аспектілік қажеттіліктерін
қанағаттандыратын интегралданған құралдардың кешенінен
құралатын электрондық білім беру басылымдары).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын мей-
лінше мақсатқа сай басылым немесе ресурс түрлерін қолдануға
болатын сабақты ұйымдастыру формасына байланысты топтарға
бөлуге болады. Дəріс сабақтарын, зертханалық сабақтарды,
тəжірибелік сабақтарды, оқу-зерттеу жұмыс, өзбетіндік дайындық,
сынақ жəне оқушылардың емтихандарын өткізу барысында
пайдалануға арналған электрондық білім беру басылымдары түрлері
бар.
Жоғарыда аталған дидактикалық басымдықтарға сəйкес
электрондық білім беру басылымдар мен ресурстарды олардың
дидактикалық мақсаттарына байланысты мына түрде жіктеуге
болады: білімді қалыптастыру, мəліметті баяндау, іскерлікті
қалыптастыру, білімді жадына сақтау, оқып игерудің деңгейін
бақылау, жалпыландыру, білімдерін, іскерлік пен дағдыны жетілдіру.
Мұндай құжатты электрондық басылмдарды жəне ресурстарды
өңдеу кезінде таным қызметін психологиялық тізбекті кезеңдерін
есепке алу барысында толықтырылуы мүмкін. Олардың қатарына
мыналар жатады:
- қабылдау;
- пайымдау жəне білімді бекіту;
- тұлғалық тəжірибені қалыптастыру (іскерлік, дағды, кəсіби-
бағытталған интуиция);
- жобалық зерттеу жəне іздеу қызметі.
Ақпарат сақтауыштарда орналастырылған электрондық білім
беру басылымдары мен ресурстарын сипатына қарай мына түрлерге
бөлеміз:
-біртомдық электрондық білім беру басылымдары – бір
ғана ақпарат сақтауыш құралын оқитын машинада жасалған
электрондық басылым;
-көптомдық электрондық білім беру басылымдары – екі немесе
одан да көп нөмірленген бөліктерден құралатын электрондық
басылым. Мұндағы əрбір бөлім машинаның жеке ақпарат
сақтайтын құралында орналасқан;